Қазақстан • 03 Ақпан, 2018

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты бүгін республиканың басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 24-29 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с-қа артады. 
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.  Маңғыстау облысында түнде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с. 
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын және тұман болады. 
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Қарағанды облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.