Қысқы спорт • 04 Ақпан, 2018

Мотожарыстан әлем чемпионатының финалдық кезеңі Астанада өтіп жатыр

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спидвейден әлем чемпионатының финалдық кезеңі Астанадағы «Алау» мұз айдынында өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Мотожарыстан әлем чемпионатының финалдық кезеңі Астанада өтіп жатыр

Қазақстан астанасы беделді және өте тартысты "мұз гладиаторларының" жарысын алғаш рет қабылдап отыр. Қазақстанның спидвейден әлем чемпионатын өткізуден үлкен тәжірибесі бар. Соңғы үш жылда мұз жарысы аңызға айналған "Медеу" биік тауындағы сырғанақ алаңында сәтті өткен болатын. 

Қазақстан астанасына 2018 жылдың маусымындағы бес финалдың стартын бастауға сенім білдірді. Қалған финалдар дәстүрлі түрде Ресей, Германия, Голландияда өтеді. Қазақстандық ұйымдастырушылар елордада мұз гладиаторларының жарысы көрермендердің үлкен қызығушылығын оятарына сенімді, себебі мұз жарысы да футбол, хоккей сияқты Астана трибунасын көрермендерге толтыра алады. 

Спидвейден әлем чемпионатының жеке есебінің финалы 2018 жылы Халықаралық мотоциклет федерациясының (FIM) бес кезеңі өтеді. Бірінші және ең беделді старт Астанада өтеді, сосын қалған старт РФ, Германия, Нидерландияда жалғасады. Әлем чемпионатының командалық есебі 2018 жылы Ресейдің Шадринск қаласында өтеді. Мұз алаңында спидвейден Астанада өтетін әлем чемпионатының финалына wild-card шақыртуымен жіберіледі. Алаңға Қазақстанның мықты спортшылары шығады. Іс-шара Астана әкімдігінің және "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС қолдауымен өтеді. 

Билеттер Тикетон сайты мен Меломан дүкендер желісінде сатылуып жатыр.