05 Ақпан, 2018

Агроөнеркәсіптік кешен: түбегейлі бетбұрыс

1328 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жол­дауында агроөнеркәсіп кешенін жан-жақты және қарқынды дамыту жол­дары нақтыланды. Әрине елімізде ауыл шаруа­шылы­ғын жүргізу және ұйым­дастыру үлгілері әбден қа­лып­тасқаны белгілі. Алай­­да, бұдан былай осы са­ла­да ескірген тәжірибе ығы­­сып, оның орнын жаңа тех­но­логиялық қалып басып келе жатқанын көріп отырмыз.  

Агроөнеркәсіптік кешен: түбегейлі бетбұрыс

Елбасы бұдан бұрын да «Аг­рар­лық сектор экономиканың жаңа драйвері болуы керек» деп атап көрсеткен еді. «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталатын еңбегінде Президент дамымай, біржақты ғана қалыптасқан аграрлық ша­руа­шылықтан бас тартып, оны же­тіл­діру және көпсалалы мемлекет құрудың философиялық тұжы­рым­дамасын баяндады.

Енді аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Бұдан былай қайта өңдеудің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет. Ол үшін ауыл шаруа­шы­лы­ғында ғылым жетіс­тіктерін батыл енгізуді қолға алға­нымыз жөн. Бұл орайда, тұтастай елімізде мол әлеует бар. Әсіресе, еліміздегі аграрлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын пайдалана білсек, жаңа технологияларды трансферттеуге де мүмкіндік аламыз.

Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс. Ол ең алдымен жаңа техноло­гияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейім­деумен айналысуы қажет. Осы­ған орай аграрлық университеттер ауыл шаруашылығы кеше­нін­де нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауы қажет. Елбасы Жолдауда: «Жоға­ры оқу орындарынан оқу ба­ғ­дар­­лама­ларын жаңартып, агро­өнер­­кәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу талап етіледі», деп атап көрсетті. Бұл орайда Мемлекет басшысы аг­рар­лық білімнің дамуына, оның дең­гейін инновациялық деңгейге жет­кізу, білім мен ғылымның бай­ла­нысын одан әрі тереңдету жөнін­де айтып отыр. Сондықтан, негізгі мақсат: «Білім – Ғылым – Өндіріс» болу керек. Сонда ғана иннова­циялық білім мен инно­вациялық инфрақұрылым дамып, жоғары оқу орындарында корпоративтік орта құрылады.

Бүгінгі талап, жоғары оқу орындарына қойылып отырған мақсат – жоғары оқу орнын бі­тіретін жас мамандарды ин­но­вациялық экономикаға бейімдеу. Аг­рар­лық институттар оқу бағ­дар­ла­маларын мемлекеттік стан­­дарт­тармен қатар, қазіргі заман­ғы технологиялар­ды пайдала­нып, жоғары өнім алып жүрген шаруа­шылықтардың сұра­ны­сын ескере отырып жоспарлауы керек. Сол кезде өндіріс пен оқу орнының ара­­сында тығыз байланыс орнайды.

Тағы бір ескеретін мәселе – сту­денттердің жоғары курстарда ө­тетін практикаларға барғанда ол қай салада, қандай мамандық бойынша жұмыс істейтінін білуі керек. Сол сала бойынша қазір­гі заманғы технологияны қолда­на­тын шаруашылықта тәжі­ри­беден өтіп, соған байланыс­ты дипломдық жұмыстарын дайын­дап, магис-
тратурадан өтіп, канди­дат­тық және докторлық дис­сертация­сын қорғаса білікті маман ретінде тәжірибе жинақтаған болар еді. Сонымен бірге бұл өз сала­сында ғылыммен жетік қару­лан­ған маман болуына сенімді негіз қалайды. Мұндай маман ғылым­да да, тікелей өндірісте де тео­рия мен тәжірибені сәтті ұштас­тыра білетін тұлға ретінде қалыптасады.

Келесі бір өзекті мәселе, ол осы саладағы маман даярлау саясаты. Сол мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары Ауыл шаруашылығы министрлігіне бағы­нышты болғанымен, мемле­кет­тік гранттарды бөлетін Білім және ғылым министрлігі. Менің пайымдауымша, бұл мәселені де АШМ-ның құзырына берсе, ауыл шаруашылығы университеттері аграрлық өнеркәсіп кешенінде сұранысы мол мамандар даярлауға бет бұрған болар еді.

Қазір малдәрігерлік маман­дығы бойынша қызмет істеп жүр­ген­дердің орташа жасы 50-дің үстінде және жалақы мөлшері де 50-60 мың теңге аралығында. Осы жағдайды көріп, университет қабырғасынан енді шыққан жастардың ауылға барып еңбек етуге аса қызығушылығы жоқ. Демек, жастарды ауылға тартудың неғұрлым тиімді жолдарын қарастыру керек.

Елбасының бастамасымен 1993 жылғы 5 қарашада «Бола­шақ» халықаралық стипендия­сы таға­йындалған болатын. Бағ­дар­ламаның мақсаты – еліміз­дің басым секторлары үшін дү­ние­жүзінің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алған, жаһан­дық талаптарға сай келетін білікті маман даярлау. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырдан астам уақыты аралығында даярланған сол ма­ман­дарды тікелей ауыл шаруа­шылығына, аграрлық ғылымды өрістетуге тарту керек. Мемлекет қамқорлығына лайықты қайтарым болуы тиіс.

Жас мамандарды ауылға тарту үшін оларға берілетін көтерме­ақы­ны шартты түрде 5 жылға қай­­­тарусыз беріп, егер маман бұл мер­­­зімге қатысты талапты орын­да­маса, көтермеақыны кері қайы­ру­ға міндеттеу керек. Сонымен бір­ге осы саладағы мемлекеттік қыз­­­метте жұ­мыс істеп жүрген ма­ман­­дарға жо­ғарыда аталған мемлек­ет­тік қол­дау көрсетілсе деген ұсыныс бар.

Жолдауда: «Егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақы­тын болжамдаудың, «ақылды суару­дың», минералды тыңайтқыш себу­дің, зиянкестермен және арам­шөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе артыруға болады», деп жазылған. Осыған орай, Ақтөбе облысында агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру белсенді қолға алынуда. Мысалы, суармалы жерлерді игеру үшін «ақылды технология» бойынша суару машиналары ауа райына байланысты қай уақытта және тәулігіне қанша рет, қандай тереңдікте, қалай суаруды өзі компьютер арқылы анықтайды. Агротехника жолға қойылған бірқатар ірі шаруашылықтарда егіс алқаптарына тұқым салған кезде электрондық құралдардың көмегімен ауа райының ауытқу ерекшеліктеріне қарай суарылады. Зиянкестермен күрес те озық тех­нологиялардың көмегімен жүзе­ге асырылатындықтан, егіс алқа­бының қай нүктелерінде мұн­дай қауіптің басым екендігі дәл анық­талып, тиісті шаралары жасалады.

Ал «АкТеп» ЖШС-нда мал сою­да қалдықсыз технология қол­данылады. Яғни сойылған мал тұтастай терең өңдеуден өтіп, да­йындалған өнім сұраныстарға сәйкес жасалған келісімшарт бойынша тиісті жерлеріне жіберіледі. Сол сияқты, сиыр сүтін өндіріп, өңдеумен айналысатын «Аис» ЖШС-нда ең озық технологиялар қолданылады. Цифрландыру нәтижесінде мұндағы әрбір сауын сиыры ерекше бақылауға және күтімге алынған. Мәселен, сауынға келген сиыр белгілі бір тек­серуден өткенде оған орна­тылған электронды қондырғы арқылы оның барлық жай-күйі: өнімділігі, денсаулығы, азықтану мөлшері тағы басқа жөнінде бірден ақпарат алынады. Егер сауын сиыр ауырып немесе басқа да жағдайда болса, сауын сиырлар өтетін қақпа оған жабылып қалады да, ол ветеринарлық дәрігердің «қабылдауына» баратын қақпаға қарай өтеді.

Ақтөбеде голландиялық технологиямен «қаруланған», заманауи жылыжай кешендері жылына шамамен 10 000 тонна көкөніс өндіріп, облыс тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, артық өнімді экспортқа да шығара алады. Жылыжай кешен­дері осы бағыттағы ғылым жетіс­тікт­ерін өндіріске тиімді пайдалануда.

Міне, өнімнің сапасы мен эколо­гиялық тазалығын сақтай оты­рып, ауылшаруашылық тауар­ларын өндіріп жатқан компа­ния­лардың өнімдері Президент атап көрсеткен «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендіне әбден лайық деп айтуға болады. Әрине агроөнеркәсіп кеше­нінде әлемдегі ең үздік, жаңа технологияларды трансферттей оты­рып, оларды өзі­міздегі табиғи және басқа да ерек­шеліктерге қа­рай отандық жағ­дайға бейімдеу қажет. Былайша айтқанда, жаңа тех­но­логияны «жерсіндіре» білу керек.

Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында мен де әріптестерім секілді Ақтөбе өңіріне барып, ауылшаруашылық тауар­ларын өндірушілермен, мал дәрі­герлік-ветеринарлық және жер қатынастары салаларының өкіл­дерімен кездестім. Жалпы, ауыл­дағы жағдай осыдан бес-он жылға қарағанда түбегейлі өзгерді. Қо­лын­дағы малын, меншігіндегі жерін тиімді пайдалана білген ауыл еңбеккерлері далада қалып жат­қан жоқ. Қазір мемлекет тарапынан ауылға беріліп жатқан көмекті, қолдауды тиімді пайдалана білген отандастарымыз шағын шаруашылықтарының өзін дөңгелентіп жатыр.

Жолдауда: «Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперация­лау қажеттігін күшейтеді», деп атап көрсетілгендей, қазір кооперативтер құрылуда. Осы орайда, қолданыстағы заңнамалық акті­лерді қайтадан қарап, коопера­тив­терді мемлекеттік қолдаудың шараларын қарастыру қажет деп есептеймін. Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру үшін дамыған шетелдік технологияларды батыл пайдалану қажет.

Соңғы уақыттары жаһандық азық-түлік дағдарысы жақындап келе жатқаны жөнінде жиі айтылып та, жазылып та жүр. Алда­ғы ширек ғасырда планета тұрғын­дары 9 миллиардқа жетеді деп күті­луде. Соған қарай, азық-түлік тұты­ну көлемі де өседі. Бірақ эколо­гиял­ық дағдарыс салдарынан құ­нарлы жер азайып барады. Әлемге ашаршылық қаупі төніп келеді. Ендеше аграрлық әлеуе­ті зор, таби­ғи жағдайы қолай­лы елімізде бұған қарсы тұру үшін бірінші кезекте ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту керек. Қазіргі агросаясат ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерін экс­порттау­мен бірыңғай айналысып кетпей, ауыл экономикасына қаты­сы бар субьектілердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл экономикалық өсімге де, демографиялық өсімге оң ықпал етері анық.

Бүгінгі таңда Қазақстан көп­теген елдерге қарағанда ауыл ша­руа­­шылығының таза өнім­де­рін өндіруші ел болып табылады. Сондықтан, аграрлық экс­порттық өнімге сұраныс та көп. ХХІ ғасыр – экологиялық таза тағам дәуірі. Өзіміздегі шикізат өнді­рісінен сапалы өңделген өнім шы­ғарғанда ғана халықаралық нарықта бәсекеге қабілетіміз артатыны сөзсіз. Осы орайда, мал шаруашылығында ве­теринарлық қауіпсіздікті қам­та­масыз ету – еліміздегі санитар­лық-эпиде­мио­логиялық жағдайдың қалып­тылығы мен азық-түлік қауіп­сіз­дігіне кепіл болары анық. Алайда, ве­теринарлық салаға рефор­ма­лау жүргізілгенімен, біршама кемшіліктер бұрынғыша қалып, бірқатар мәселелер әлі де шешімін күтуде. Адамға көбіне ауру малдан немесе оның өнімдерінен келед­і. Сондықтан да «Медицина адам­ды, ал ветеринария адамзатты емдейді» деген ежелден келе жатқан мағыналы сөз тегін айтылмаған.

Қорыта айтқанда, аталған сала­дағы түбегейлі бетбұрыс ауыл шаруашылығының сапалы, әлемдік бәсекеге қабілетті өнімд­ерін өндіруге бағытталуы тиіс деп есептеймін. Осы орайда алда тұр­ған міндеттерді іске асыру үшін оларды заңнамалық тұрғыда қам­та­масыз ету маңызды.

Мұхтар ЖҰМАҒАЗИЕВ,

Парламент Сенатының депутаты