Қазақстан • 05 Ақпан, 2018

Ауған соғысына қатысқандар ескерілмеген

878 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бізге Отан бұйрығымен Ауғанстанға барып, өздерінің жауынгерлік міндетін орындаған бір топ ардагерден шағым түсті. Олар өздерінің басындағы мәселе қолданыстағы заңға өзгерту енгізілмей шешілмейтінін айтады. 

Ауған соғысына қатысқандар ескерілмеген

1995 жылғы 28 сәуірде қабылданған «Ұлы Отан соғы­сы­на қатысушылар мен оның мүге­дектеріне теңес­ті­рі­лген­дер­ге арналған жеңіл­дік­тер мен әлеуметтік кепіл­дік­т­ер туралы» Заңы­мыздың 6-ба­бында жеңілдіктер мен ке­піл­діктер алатын теңес­ті­ріл­­гендер қатарына бөтен ел­дің ау­мағындағы, соның ішінде Ау­ғанстандағы әскери қи­мылдарға қатысушылар мен 1986-1987 жылдардағы Чер­нобыль АЭС апатының зар­даптарын жоюға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жат­ты­ғуларға тікелей қатыс­қан­дар енгізілген.

Осы категорияға жататын азаматтардың бәріне жеңіл­діктер мен кепілдіктер осы заңда сақталған, бірақ басқа заңнамалық құжаттарда олар қарастырылмаған. Мәсе­лен, «Тұрғын үй қатына­с­­тары туралы» Заңның 8-бөлі­мін­­дегі 13-бапта мем­ле­ке­ттік тұрғын үй қоры­нан өзі­нің меншігіне тегін үй алу­шы­­лардың қатарына Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, Чернобыль АЭС апатының салдарларын жою­шылар және басқа да ядро­лық апаттардың зардапта­рын жоюға қатысушылар енгі­зіліп, ал басқа елдердің ау­мақ­тарындағы соғыс қимыл­да­рына бұйрықпен барып, қатыс­қан­дар түсіп қалған. Бұлар негізінен Ауған соғысына қатысқандар екені белгілі.

Сөйтіп қолына қару алып Отан бұйрығын орын­да­ған офицерлер мен жауын­герлер белгісіз себептер­мен мемлекеттік қорға жат­қы­зыл­ған тұрғын үйлерін те­гін жекешелендіріп алу құқынан айырылған. Ал 2012 жыл­ға дейінгі қолданыста бол­ған заңда бұл нормалар сақ­талған еді.  Толықтырулар мен өзге­рістер енгізілгенде Ауған соғысына қатыс­қан­дар­дың жеңілдіктері алынып тас­талған.

Кеңес Одағы тарағаннан кейін біздің еліміз КСРО-ның басқа да республикаларымен қатар ТМД шеңберінде мұндай категорияларға жататын азаматтардың жеңіл­дік­тері мен кепіл­дік­те­рі­нің сақ­та­латыны тура­лы келі­сімдерге қол қойды. Біз­­дің көршілеріміз Ресей, Өзбек­стан, Қырғызстан елде­рін­де ол сақ­талған, ал бізде сақталмай отыр.

Сондықтан біз, Мәжілістің бір топ депутаты еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Тамара Дүй­се­но­ваға депутаттық сауал жолдап, «Тұрғын үй қаты­нас­­тары туралы» Заңның 8-бөліміндегі 13-бапқа өзгерістер әзірлеп, оны енгізу үшін Парламентке ұсы­нуды өтіндік. Ауған с­о­ғы­сына қатысқандар оқ пен оттың ортасына ерігіп бар­ған жоқ, әскери бұйрықты орын­дау үшін барғанын ұмытпайық. Сондықтан да олар барлық құрметке лайық.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ,

Мәжіліс депутаты