Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

Еліміздің спортшылары үшін жаңа жыл жарқын жеңіспен басталды. Жекелей спорт түріндегі саңлақтарымыздың жеңістерін айтпағанның өзінде командалық жарыста да спортшыларымыздың мерейі үстем болып жатыр. Соның нақты айғағы – Қазақстан құрамасының Дэвис кубогы бәсекесінің әлемдік тобында Швейцарияны жеңуі. Ақпан айының 2-4 күндері аралығында Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өткен турнирдің 1/8 финалында отандас­тарымыз азулы Швейцария құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты. 

Егемен Қазақстан
05.02.2018 4982
2

Қазақстан-Швейцария матч­ы­ның шымылдығын 21 жас­тағы Дмитрий Попко мен Ген­ри Лааксонен ашты. АТР жа­риялаған тізімге көз жү­гірт­сек, біздің Попко – 231-ші, ал Лааксонен 123-ші орынға жай­­ғасқан екен. Дегенмен рей­­тингтегі алшақтыққа қара­мастан, кездесу өте тартысты өтті. Толық үш сағатқа созылған бәсекенің алғашқы сетін же­ңіс­пен бастаған жерлесіміз, ке­лесі кезеңде де жеңіске жету үшін біраз тер төкті. Десе де, бұл сет те Попконың ен­ші­сіне жазылды. Бұл жерде швей­цариялық спортшының жан­кештілігін айта кеткен жөн. Ол қарсыласының ойластырған əдісін дер кезінде байқап, қарсы соққы жасап та үлгерді. Үшінші сетте Лааксонен жинақылық танытып, бұл сетті өз пайдасына шешті. Əйткенмен, Дмитрий Попко өзінен төрт жас үлкен әрі рейтингте жоғары орналасқан əріптесіне қарағанда жігерлі ойын көрсетіп, 6:2, 7:6, 3:6, 7:5 есебімен басым түсті. Сөйтіп Қа­зақстан құрамасына алғашқы жеңісті сыйлады.

Швейцария жанкүйерлерінің көңілін күпті еткен бірінші кез­десуден кейін, Қазақстан құ­ра­масының бірінші ракет­касы Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 73-орында) Швейцарияның ортан қол теннисшісі Адриан Бодмерге (485) қарсы шықты. Бірден айтайық, Кукушкин бұл кездесуде 4:1 есебімен жеңіске жетіп, бірінші күннің қорытындысы бойынша есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда таблодағы көрсеткішке қарап, жеңіс біздің теннисшіге оңай келді деп айтуға болмайды. Адриан Бодмер алғашқы сетте жеңіске жеткенімен, қар­сыласына қарағанда тәжіри­бесі мол біздің теннисші 3:6, 6:3, 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.

Жарыстың екінші күні жұп­тасып өнер көрсетуде Алек­сандр Недовесов пен Тимур Ха­­бибуллин дуэті Марк-Ан­дреа Хуслер мен Лука Марга­ролиге қарсы кортқа шық­­ты. Жанкүйерлердің қызу қол­дауына ие болған жер­лес­­­те­ріміз алғашқы екі сетте қар­сы­ластарынан 6:4, 6:4 нә­ти­­жесімен басым түсті. Же­ңіс уыс­тарынан сусып бара жат­­қанын білген Швейцария құрамасының теннисшілері тез есін жиып, келесі екі сетті өз пайдалары­на шешті. Төртінші сеттен кейін екі құраманың нә­тижелері теңесті. Соңғы сетте жеңіс екі құрамаға да ауадай қажет еді. Өйткені шешуші сетте Қа­зақстан құрамасы же­ңіске жетсе, мерзімінен бұ­рын 1/4 фи­нал­ға шығады, ал Швей­цария тен­нисшілері бұл матчты өз пайдаларына жазатын болса, оларда да ке­лесі кезеңге шы­ғу үшін үміт оты қайта пайда болар еді. Дегенмен ал­дарына жеңіске жету деген нақты мақсат қойған отан­дас­тарымыз бесінші сетте жи­нақы ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарынан жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 6:4, 6:4, 3:6, 6:7, 6:3. Сөйтіп Диас Досқараев жетекшілік ететін құрама жарыстың ал­да болатын екі кездесудің нəти­жесіне қарамастан, Дэвис ку­богының ширек финалдық кезеңіне жолдама алды.

Турнирдің соңғы күнінде екі матч ойналды. Бұл күні бі­рінші болып кортқа Роман Ха­санов шығып, Андреа Хус­лерадан 3:6, 1:6 есебімен же­ңіліп қалды. Ал Дмитрий Попко Адриан Бодмерді 7:6, 1:6, 10:6 нәтижесімен жеңді.

Енді құрама жігіттері сәуір айында жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы аясында Швейцария құрамасымен осы­мен үшінші рет кездесті. Ең алғаш 2010 жылы Швей­царияны жеңгеннен кейін тарихта тұңғыш рет әлемдік топқа шық­­­қан еді. Ал 2014 жылы Женевада өткен тур­нирдің ширек фина­лында отан­дастарымыз 2:3 есебімен есе жіберген еді. Міне, енді екі құрама 1/8 финалда үшінші рет жолығып, бұл кездесу Қазақ­стан құрамасының жеңісімен аяқ­талды.

Диас ДОСҚАРАЕВ, Қа­зақстан құрамасының капитаны:

– Сөз жоқ, жақсы матч болды, жігіттер жарады. Әрине, ойында аздаған бұрылыстар болды. Швейцария құрамасы да өте тәжірибелі команда. Маргароли тек бір рет қана қа­те­лесті. Келесі кезеңде де бізді оңай қарсылас күтіп тұрған жоқ. Оның үстіне ширек финал ойыны сырт алаңда өтеді.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу