Ұлттық мұраны ұлықтаған мюзикл

Осыдан бір ғасырға жуық уа­қыт бұрын, яғни 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы декадасы «Қыз Жі­бек»спектаклімен ашылған болатын. 

Егемен Қазақстан
06.02.2018 2518
2

Араға 81 жыл салып «Қа­­зақконцерт» мемлекеттік кон­церттік ұйымының «Астана Мюзикл» театры «Ұлы Дала теа­тры» жобасы бойынша «Қыз Жі­бек» этно-фольклорлық мюзиклін ұсынды. Бұл жолы үлкен гастрольдік турне Мәскеу ғана емес, Еуропаның ірі-ірі бес қаласын қамтыды. 81 жыл бұрын Күләш, Қанабек, Құрманбек, Ғарекеңдер арқылы қалықтаған «Қыз Жібек» енді жаңа ға­сырдағы тәуелсіз ұрпақтың үні­мен жаңғырып өзгеше өрнек тап­ты. 

Есенсің бе, еңселі Еуропа!

Қазақ халқының ең көне мұ­ра­ларының бірі болып саналатын «Қыз Жібек» лиро-эпостық дас­таны – аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде бол­ған адамдар. Жырдың негізгі ке­йіп­керлері – Төлеген мен Жібек бі­рін-бірі шын сүйген ғашықтар бол­ғанымен, әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жі­бектің қайғылы тағдыры талай жанарға жас үйірілтпей қой­майды. Жібек бейнесі – сұлулық пен әсемдіктің нышаны, рухани ескерткіш. Бұл сапар жүзге тарта театр өнерпаздарын ғана емес, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасып, ата-бабадан­ қастерленіп келе жатқан қағи­даларын, діни нанымымен және халық дәстүрімен бекіген ғұрып-салтының, дәстүрі мен ұғым-тү­сі­ніктерінің ұлттық сипатын, мә­дениетінің биік өресін, кең өрісін, тарихи-рухани мұрасын, яғни ұлттық құндылықтарын бірге алып келгендігін бір сәт сезінгендей жас әртістер Париж қа­ласының «Le Trianon» те­а­­тры сахнасын­да бір-бірінің ала­қанынан қыса ұстап, шеңбер жасап үнсіз тұр­ды. Бұл бір үл­кен жауапты сəт, тарихи күн! Ұлы Абайдың «Қа­раң­ғы түн­де тау қалғып» əнін «Ас­тана Мюзикл» театрының хоры әуе­лете шырқай бастады. Ең­селі театрдың зәулім залына қа­лың жұрт лап қойды. «Астана Мю­зикл» театрының көркемдік же­текшісі Асхат Маемиров Еуро­па жұртшылығымен амандасып,­ алғы сөз сөйлеу үшін сахна төріне көтерілді. Жүзінен қуаныш әрі толқу белгілері байқалады. «Иә, Жаратушы ием, өзің жар бола гөр, мына балауса ұжым, ұғы­м­тал ұлдарың мен қырмызы қыз­дарыңды қолдай гөр», дейміз іштей күбірлеп. Қазақстан Рес­публикасының Франциядағы елшісі Жан Ғалиев мырзаның сө­зінен кейін шымылдық ашылып, Ұлы Дала өнері жібектей есіп, жан тербеді.

Париждегі премьера

Еуропалық театр өнері мың­даған пьесаларды тудырды. Бұл театрдың өзгеше типі. Және бұл театрда сюжет пен автор әрдайым маңызды рөлге ие. Ал «Қыз Жі­бек­ке» еуропалық театрдың тә­­­­сіл­дерін енгізу мүмкін бе? Жә­не Еуропа жұртшылығына оның керегі қанша? Ғабит Мү­сі­реповтің либреттосы мен Ев­гений Брусиловскийдің рухани мұрасынан алыс отау тігу мүм­кін де емес. Сол себепті бі­лік­ті режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ас­хат Маемиров Брусиловский жү­йе­леген «Қыз Жібек» операсын этно-фольклорлық ансам­бльге лайықтап қайта өңдеп, оркестровкасын этно-музыкант Бауыржан Ақтаевқа сеніп тап­сырған болатын. Ал билерін қой­ған балетмейстерлер – Анвара Сад­ықова мен Уәлитбек Сияз­бек.

Шымылдық ашылған мезетте қылқобыздың сарынымен қазақ даласын көз алдыңа елестететін «Астана сазы» ансамблінің әр­тісі Аян Омаровтың орындау шеберлігіне тәнті болмасқа ша­раң жоқ. Ансамбльдің барлық орын­даушыларының сахнаға шы­ғар алдында, арьерсценада ор­наласқан «Тілек ағашы» немесе «Сенім символы» саналатын мәуелі бәйтерекке шүберек байлауы сахнаға, өз халқының мәдени мұрасына адалдығын дәлелдейтін көріністей сезілді. Зарлы дауысы қобыз сарынымен үндесе өрілген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сай­лау Қамиевтің жыраулық өне­рінен бастау алған «Қыз Жі­бек» этно-фольклорлық мю­зиклінің көркемдік үлгісі, дала театрының элементтері не­гізінде жанр табиғатына сай ай­шықты безендірілуі әртістердің шы­найы шеберлігімен еркін қа­бысып тұрды. «Астана сазы» ан­самблінің сүйемелдеуімен сахнадан ескен табиғи үн, ғажап музыка жұртшылықты айрықша бір әде­мі әсерге, ғажап бір шаттыққа бө­леді. Ақ матамен авансценаны жауып, баяу жылжып бара жат­қан жырау мен түйелер көші (қуыршақ театрының эле­­­менттері пайдаланылған) ға­сырмен бірге көшіп бара жат­қандай әсер қалдырады.

Сахнада – «Қыз Жібек», залда – Мари Кристин Сирежол, Ла­ша Чxартишвили, Давид Чхавлис сынды белгілі сыншылар. Жас театрдың беталысын бай­қағысы келген еуропалық кірпияз көрермен көп-ақ. Сонау XVII ғасырдан бастау алған лиро-эпостық жыр, бір деммен, әдемі ырғақпен өрбіп отыратын фольклорлық сюжет аңыздар әлемінен кереметтей сыр шертті. Жібек – тек өзі сүй­ген Төлегенінің ғана емес, хал­қының ар ұяты, сұлулығы мен ақыл-парасаты, адал­дықтың сим­волы. Режиссер ұс­танған негізгі тұжырым осыған сая­ды. Сүйгенінің артынан өз-өзі­не қол жұмсауы емес, қазақ әйе­лінің жарға деген адалдығын, ұлы сезімін өле-өлгенше өзгеге айыр­бастамай күн кешетіндігін қо­лындағы гүлді үзуі арқылы дә­лелдейді. Еуропалықтардың мұны аудармасыз түсінуіне ак­терлік ансамбльдің мінсіз мимикасы, қимыл-қозғалысы үлкен әсер еткені сөзсіз.

Ізденіс иірімдері

Жас актриса Инабат Риза­беко­ваның әншілік қабілеті мен сах­надағы тартымдылығы, Төле­­ген­мен диалогі, мәтінге зейін­­ділігі, әр сөзді жеткізе білуі ак­­три­саның болашағынан зор үміт күттіреді. Қо­йылымдағы қайғы-қасірет көріністері де қа­­­зақ халқының діни-наным се­німдеріне негізделген. Тәнін жер­­ге қалдырып, жаны ақ пе­ріш­телермен самғай ұшуы, Тө­легеннің тәнін құзғындарға жем қылмай жыраудың жоқтау ар­қылы алып кетуі, т.б. сәттер ата-бабаларымыздың асыл қасиет­терінен сыр шертеді. Жібектің көрген түсін «Аққу» биі арқылы байланыстыру режиссер тарапынан лайықты шешім тапқан. Қазақ халқының түс жору философиясынан ой қозғайды.

Төлеген рөлімен жарқ еткен Оразалы Игілік толқуға, тебі­ре­нуге бейім орындаушы. Ол рөл табиғатын еркін сезінеді. Кеу­десіне оқ тиіп жараланған Төле­­геннің ариясын орындап жатып, рөл табиғатынан, оқи­ға аясынан ажырамай жет­кізеді. Шырқата ән салып, Жі­бектің сұлулығына тамсана қадал­ған көзі көрерменді бейжай қал­дырмайды. Сахналық серігі (Расул Усманов) екеуінің жамбы ату бәсекесіндегі рухты би­ді орын­дауы жас актерлердің мүм­кін­діктерін молынан аңғарт­ты.

Расул Усманов – ізденгіш ак­­тер. «Режиссер бағыт-бағдар бер­се, актер әрі қарай өзі ізденуі керек» деген қағиданы берік ұс­танған Расул кескіндеген рөліне әр жолы түрліше жолмен келді. Да­ланың еркін жорт­қан көк бөрісін сан ал­уан ойын өрнегімен өзінше қорғап шықты. Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Ай­нұр Бермұхамбетова (Қам­қа), жас актер­лер Дарын Шы­ныбек (Базар­бай), Армат Аман­дықов (Шеге), Сәнді Қар­шалова (Дүрия), Гүлдана Әб­дісадық (Батсайы) Таңшолпан Нұртілеуқызы (Қарлығаш), Аза­мат Замзарханов (Сансызбай) ойын өрнектері қойылымның көр­кемдік болмысын әрлей түсті.

Мюзиклдің сәтті шығуына көп­ші­лік сахнасының (массов­ка) көмегі зор. Орындалған хор­лар, ұлттық би мен күмбір қақ­қан күйден бөлек, «айтыс», «кү­рес», «Ортеке» күйі сынды же­ке көріністерге тоқтала кетуге тиіс­піз. «Қазақконцерт» мемле­кеттік концерттік ұйымының солисі, дәстүрлі әнші Асқар Мұқият пен жас актриса Мақпал Дүйсеннің дауысына елітпеген еуропалық болды ма екен, сірә. Мамандығы дәстүрлі әнші болғанмен А.Мұ­қияттың актерлік қабілеті жо­ғары. Ал Мақпалды актриса де­месеңіз, шынтуайтында ол нағыз бұлбұл әуезді әнші. Кең диапазонды қос ән­ші еркін көсіліп эпизодтық көріністі естен кетпес қыз-жігіттің айтысына айналдырды. Бірде жігіттермен бірге акробатикалық трюктермен таңғалдырса, енді бірде екі адамның күресін бір өзі бейнелейді. Төлегенді қи­май шығарып салып тұрған Сан­сызбайды ойнайтын Абылай Сә­лім­хановтың сан қырлылығы еуро­палықтарды елең еткізді. «Ас­тана сазы» ансамблі «Ор­теке» күйін орындағанда, үш орте­кенің күйге ырғала билеуі этно-­фольклорлық мюзиклдің ерек­шелігін нақтылағандай. Жа­лын­даған жас өнерпаздарды көрермен көпке дейін қол ша­палақтап, қи­май қоштасты.

Сарапшылар лебізі

Ұлт театрларын түп нұсқасы­нан танитын профессор Мари Кристин Сирежол, өнертану докторы Лаша Чxартишвили, театртанушы Давид Чxавлис қойылымға байланысты өз ойларын ортаға сал­ды. Давид Чxавлис: «Бұл сөз жоқ тамаша спектакль. Біз одан қазақ халқының өткен тари­хы мен бай мәдениетін танып-біл­дік. Кейіпкерлердің ішкі жан тебіренісін жеткізе білуде театр­дың жас әртістері еңбегін айрықша атап өткен жөн. Өз басым мұндай әсем туындыны көргеніме ризамын. Француз халқының атынан сіз­дер­ге көп рахмет!», де­се, Сор­бонна университетінің про­фес­соры, белгілі театртанушы Ма­ри Кристин Сирижол: «Қа­зақ халқының өте бай ұлттық мә­дениетіне куә болдым. Бұл спек­такль арқылы бәріміз қазақ дала­сына сапар шегіп қайтқандай бол­дық. Әртүрлі аспаптарда орын­далған әсерлі әуендер мен таби­ғи дауыста шырқалған әндер жүрек тебірентті», деді.

Ал театртанушы Лаша Чхар­­­тишвили: «Мен «Астана Мюзикл» театры­ның болашағы зор деп ойлай­мын. Себебі олар­дың мүм­кіндігі шексіз. Әртүрлі бағытта өнер көрсете алады. Бұл спектакль Астана театрларының дең­­гейін, әсіресе жас ұжымның қа­рым-қабілетін көрсетіп берді. Фольк­лор та­қырыбын бүгінгі күнмен қа­быс­тырып, оған жа­ңаша үн, екпін, ырғақ, астар, тұс­палдар енгізу – режиссердің батыл қимылын байқатады»,  деп пікірін түйіндеді.

Аншлагпен өткен екі сағат пен Еуропа жұртшылығының қо­ше­меті естен кетпейді. «Қыз Жібек» қойылымы паң­ Парижді таңдай қақтырды. Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағ­дарламасы мен «Жаһандық әлем­дегі заманауи қазақстандық мә­де­ниет» жобасы аясында Еуро­­паның қалаларында өнер көр­сететін «Астана Мюзикл» театры­ның сапары Францияның астанасы Парижден басталып, әрі қарай Канн, Брюссель, Вена, Берлинде жал­ғасын тапты.

Көрермен көзімен...

«Aстана Мюзикл» театры, «Астана сазы» этно-фоль­­­клорлық ан­самблі Канн қа­ла­сындағы «Croisette», Брюс­сельдегі «Brussels 44 center», Веналық «MuTh theatr» сахналарында зор табыспен өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым Қазақ­станның ұлттық өнерінің үздік үлгілерін әлемге танытты. «Тіл кедергілеріне қарамастан, ма­­ған өте қатты ұнады. Мен еш­қашан мұндай күйді бастан кеш­­кен емеспін. Бәрі де өте шебер және терең ойластырылған. Дра­матургия да, киімдер де ұна­ды», дейді қойылымға арнайы келген Халықаралық Канн кино­фестивалінің президенті Клэр-Анне Рейкс.

– Алғашқы көріністен бастап-ақ спектакль мені өзіне баурап әкет­ті. Театрдағы жұмысым есіме түсті. «Көзімнің қарасын» спек­такль соңында әртістермен бірге айттым. Керемет құрам екен, ойын қандай ғажап! «Ас­тана Мюзикл» театрына осындай тамаша туынды ұсынғаны үшін ризашылығым шексіз, – дейді Вена қаласы сим­фониялық оркестрінің музыканты Мария Орининская.

– Мен танысып үлгерген бар­лық көрермен атынан Брюссель сах­насында осындай туындының сах­налануына үлес қосқан ұйым­дастырушыларға басымды иемін. Ұлттық салт-дәстүрді, ұлт­тық бай­лыққа айналған құнды­лықты таныстыру маңызды деп есеп­теймін. Сіздердің үлкен елде­ріңіздің бай дәстүрімен танысып, қуанып жатырмыз. Бұл көз қарашығындай сақталуы тиіс інжу-маржан деп санаймын, – деп пікір білдірді мәдениет және білім саласындағы халықаралық жобалар қауымдастығының басшысы, көрермен Светлана Попова.

Веналық театрдың директоры Отто Джанкович: «Қыз Жі­бек» спектаклі қазақстандық жас театр­дың сөзсіз жетістігі. Оған адам толы зал, көрерменнің шынайы ыстық ықыласы то­лық дәлел. Спектакль қазақ тілін­де жүр­генмен, аударма ке­рек болмай қал­ды. Өйткені мен жүрегіммен түсіндім. Әр­тістер мен коман­даның кәсіби ше­берлігіне тән­ті болдым», деп ойын қорытын­дылады.

Керуен көші күтілген күн

Вена көгіне көтерілген ұшақ көз­­ді ашып-жұмғанша театр өне­­рінің Отаны саналатын Мәс­­кеу шаһа­рына жеткізді. ­Еш­ алаңсыз қонақ­үйімізге ке­ліп жай­­ғастық. «Модерн» театры­­ның залында өтіп жат­қан да­йын­дық бұрынғыдан өзге­ше өр­біді. Режиссер Асхат Мае­ми­ров пен балетмейстер Уәли­т­бек Сиязбек мизансценаларды басқаша бағытқа әкеліп, шарт­тылық заңына бағындыруда. Сах­нада бос кеңістік. Мәуелі ағаш та, қыз-келіншектер басар те­кеметтер де, түйелер көшін бей­­не­лейтін ақ мата да, ортекелер де жоқ. «Ортекенің» орнына күй тартыс ойластырылыпты. «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзи­клінің ең басты ерек­ше­лігі – са­палы тігілген кос­тюм, яғни киім үлгілері. Ал­ма Сырбаеваның сурет­керлік шеберлігінен туын­­даған киім­дері сәнді әрі ық­шамдап әдемі пішілген. Көп қыз­дардың іші­нен «Гәкку» әніне салған қы­зыл көйлекті Жібек оқшау көрі­неді. Ал Төлегеннің алдынан шығар сәті, ақ сәукелесі, үстіндегі үл­біреген ақ көйлегі Мәскеу жұрт­­шылығын тамсандырды. Жас актри­саның ән орындау шеберлігі де жоғары деңгейде. Төлеген мен Жібектің бір-біріне деген кіршік­сіз махаббаты Инабат пен Оразәлі тандемінен қапысыз танылды.

Қазақ киносында Бекежан рөлі арқылы Асанәлі Әшімовтің өнері биік тұр десек, театр­да Асылболат Сма­ғұлов бас­таған сахнагерлер жа­сындай жарқылдаған. Бекежан рө­лін Расул Усманов нанымды жеткізді. Тіл, мимика, плас­ти­ка – бәрі де Бекежанның бейне­сін ашуға жұмылдырылды. Сол себепті де, Усмановтың Беке­жа­нында өзгеше ырғақ бар. Актер ойынында ой мен іс-әре­кет тұтастығы, шынайылық, үй­­ле­сімділік үстемдік құрып, Бекежанның өкініші, есінен айрылу сәттері өте шынайы шықты. Психологиялық күйзеліске түс­­кен Бекежанның кескін-бол­мысы дәл табылды. Оның Жі­бекке деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі, Төлегенді қиянатқа қимайтын пайым-парасаты айқын көрініп тұрды.

Қойылымда жарқырап көрі­­не­тін тұлғаның бірі – Қам­қа бей­несі. Оны тұшымды жет­кі­­зуге Қазақстанның ең­бек­­ сі­ңірген қайраткері Ай­нұр Бер­­­­­­мұ­хамбетова көп ең­бек сі­ңір­ді. Базарбайға: «Бер батаңды ба­лаңа» деп жалбарынатын абзал ананың жан дауысын жеткізу үшін орасан зор тер төккен актрисаның шеберлігі ерекше әсер қалдырды.

«Күй тартысы» мен «ақындар айты­сы» қойылымдағы ерекше сахналардың біріне айнал­ғаны анық. «Астана сазы» ансам­блінің әртістері бірін-бірі жал­ғай отырып, «Балбырауын», «Бала­мишка», «Бөгелек» күй­лерін күмбірлеткенде Мәскеу жұрт­шы­лығы қошеметтеп қол соқты. Асқар Мұқият аспандата шыр­қа­ған Үкілі Ыбырайдың «Қызыл­асық» әні көкейге көркем сезім ұя­латты.

...Ал сол күні Венада қойы­лымның декорациясы мен рекви­зиттері тиелген ұшақ белгісіз бір себеп­термен межелі уақытынан кеші­гіп қалған болатын.

Мирас ӘБІЛ,
«Астана Мюзикл»» театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу