Әлем • 06 Ақпан, 2018

Суреттеріміз – Париж сөрелерінде

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымынан (ЮНЕСКО) хат алдық. 

Суреттеріміз – Париж сөрелерінде

Оған осыдан бір-екі ай бұрын өздерінде өткізіліп жатқан конкурсқа қатысып, бақ сынамақ ниетте жолданған бірнеше фотосурет себеп болса керек. Хатта ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы бюросының басшысы және өкілі Криста Пиккат ханым штаб-пәтеріне шақырып, аталмыш суреттердің күнтізбеге енгенін айтты. Күнтізбе БҰҰ-ға мүше 193 елге түгел тарайды. Және Франция мемлекетінің Париждегі штаб-пәтеріне де жіберіледі.

Күнтізбеде аты-жөніміз жазылған. Одан бөлек, күнтізбеге қазақстандық балдыр­ғандардың, олардың мерекеде ән салғаны, жай ғана мереке емес, Наурыз мейрамының таңдалуы бізді қатты қуантты. Әсілі шетелге біздің ұлттық нақыштағы бояуы қанық дәстүрлі мейрамымыздың өту барысы ұна­ған. Қазақтың жаңа жылы, ұлттық көйлек киген балдырғандардың суреттері сонау Париж төрінде ілініп тұратыны біз үшін әрине, қуанышты жағдай. Бұл жұмыстардың барлығы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай келіп тұр. «Суреттер сөйлейді» деген осы болар, фото өнеріндегі бір ғана тіл осылай өзара түсіністік тапқан. Бұдан біз сурет өнері арқылы да ел мен елдің мәдениетін көрсетіп, салт-дәстүрімізді кеңінен танытуға болатынын аңғарамыз.

Марат ЖҮНІСБЕКОВ