Қысқы Олимпиада. Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

9 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оған Қазақстан құрамасы сапында 9 спорт түрінен 46 спортшы қатысады. 

Егемен Қазақстан
07.02.2018 4138
2

25 ақпанға дейін созылатын ақ Олимпиадада 102 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Осы уақыт аралығында сынға түсетін спортшыларымыздың жарыс кестесі (Астана уақыты бойынша) ұсынылып отыр.

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының ашылуы 9 ақпан күні 17:00-де басталады. Ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шығады.

Биатлон

Олимпиадаға биатлоннан 10 спортшы қатысады. Ерлер арасында Максим Браун, Василий Подкорытов, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Владислав Витенко, әйелдер арасында Галина Вишневская, Дарья Климина, Алина Райкова, Елизавета Бельченко және Ольга Полторанина жүлдеге таласатын болады.

10 ақпан. Әйелдер. Спринт (7,5 км). Басталуы сағат 17:15.
11 ақпан. Ерлер. Спринт (10 км). Басталуы 17:15.
12 ақпан. Әйелдер. Із қуа жүгіру сайысы (10 км). Басталуы 16:10.
12 ақпан. Ерлер. Із қуа жүгіру сайысы (12,5 км). Басталуы 18:00.
14 ақпан. Әйелдер . Жекелей сайыс (15 км). Басталуы 17:05.
15 ақпан. Ерлер . Жекелей сайыс (20 км). Басталуы 17:00.
17 ақпан. Әйелдер . Масс-старт (12,5 км). Басталуы 17:15.
18 ақпан. Ерлер . Масс-старт (15 км). Басталуы 17:15.
20 ақпан. Аралас эстафета. Басталуы 17:15.
22 ақпан. Әйелдер . Эстафета. Басталуы 17:15.
23 ақпан. Ерлер . Эстафета. Басталуы 17:15.

Шаңғы спорты

Бұл спорт түрінен 7 спортшымыз бақ сынайды. Жүлдеден басты үмітті спортшылардың бірі – Алексей Полторанин. Одан өзге Евгений Величко, Денис Волотка, Виталий Пухкало, Анна Шевченко, Елена Коломина мен Валерия Тюленевадан жоғары жетістік күтеміз.

10 ақпан. Әйелдер. Скиатлон (7,5 км – классикалық әдіс, 7,5 км – еркін әдіс). Басталуы 13:15.
11 ақпан. Ерлер. Скиатлон (15 км – классикалық әдіс, 15 км – еркін әдіс). Басталуы 12:15.
13 ақпан. Әйелдер . Спринт (Классика). Іріктеу кезеңі сағат 14:30 басталады. Ширек финал - 17:00. Жартылай финал - 17:55. Финал сағат 18:25-те.
13 ақпан. Ерлер . Спринт (Классика). Іріктеу кезеңі сағат 15:05-те басталады. Ширек финал - 17:25. Жартылай финал - 18:05. Финал сағат 18:34-те.
15 ақпан. Әйелдер . 10 км, еркін әдіспен жүру. Басталуы 12:30.
16 ақпан. Ерлер. 15 км, еркін әдіспен жүру. Басталуы 12:00.
17 ақпан. Әйелдер . Эстафета. Басталуы 15:30.
18 ақпан. Ерлер . Эстафета. Басталуы 12:15.
21 ақпан. Әйелдер . Командалық спринт. Жартылай финал сағат 14:00-де. Финал - 16:00.
21 ақпан. Ерлер . Командалық спринт. Жартылай финал сағат 14:44-те. Финал -16:30.
24 ақпан. Ерлер . Масс-старт (50 км). Басталуы 11:00.
25 ақпан. Әйелдер . Масс-старт (30 км). Басталуы 12:15.

Тау шаңғы спорты

Бұл спорт түрінен Қазақстан атынан жарыс жолына Игорь Закурдаев пен Мария Григорова шығады.

11 ақпан. Ерлер. Жылдамдықпен төмен түсу. Басталуы 08:00.
12 ақпан. Әйелдер. Алып слалом сайысы. Бірінші мүмкіндік сағат - 07:15, екінші - 10:45.
13 ақпан. Ерлер . Аралас сайыс. Жылдамдықпен төмен түсу - 08:30, слалом - 12:00.
14 ақпан. Әйелдер . Слалом (кедергілер арқылы төмен түсу). Бірінші мүмкіндік бойынша жарыстар сағат 07:15-те басталады, екіншісі — 10:45-те.
15 ақпан. Ерлер . Супергигант. Басталуы 08:00.
17 ақпан. Әйелдер . Супергигант. Басталуы 08:00.
18 ақпан. Ерлер . Алып слалом. Бірінші мүмкіндік бойынша жарыстар сағат 07:15-те басталады , екіншісі — 10:45-те.
21 ақпан. Әйелдер . Жылдамдықпен төмен түсу. Басталуы 08:00.
22 ақпан. Ерлер. Слалом. Бірінші мүмкіндік бойынша жарыстар сағат 07:15-те басталады , екіншісі — 10:45-те.
23 ақпан. Әйелдер. Аралас сайыс. Жылдамдықпен төмен түсу - 08:00, слалом — 11:30-да.
24 ақпан. Командалық сайыс. Басталуы 08:00-де.

Трамплиннен секіру

Бұл спорт түрінен қазақстандық жанкүйерлер 18 жастағы Сергей Ткаченкоға сенім артатын болады.

8 ақпан. Қалыпты трамплин. Іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 18:30-да.
10 ақпан. Қалыпты трамплин. Бірінші айналым. Басталуы - 18:35. Финал 19:35-те.
16 ақпан. Алып трамплин. Іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 18:30-да.
17 ақпан. Алып трамплин. Бірінші айналым. Басталуы 18:30-да. Финал 19:30-да.

Шана спорты

Бұл спорт түрінен Олимпиадаға алғаш рет қазақстандық спортшы қатысады. Алматылық Никита Копыренко бақ сынайтын болады.

10 ақпан. Ерлер (жекелей). Бірінші және екінші сырғанау 16:10-де басталады.
11 ақпан. Ерлер (жекелей). Үшінші және төртінші сырғанау 17:00-де басталады.

Мәнерлеп сырғанау

Сочидегі қола жүлде осы спорт түрінен бұйырды. Денис Тен ұлттық құрама қоржынына түскен жалғыз жүлдені иеленген болатын. Пхенчхандағы Олимпиадаға Денис Тен және Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова қатысады.

16 ақпан. Ерлер. Қысқа бағдарлама. Басталуы сағат 07:00-де.
17 ақпан. Ерлер. Еркін бағдарлама. Басталуы сағат 07:00-де.
21 ақпан. Әйелдер. Қысқа бағдарлама. Басталуы сағат 07:00-де.
23 ақпан. Әйелдер. Еркін бағдарлама. Басталуы сағат 07:00-де.

Коньки спорты

Қазақстандық спорт жанкүйерлері конькишілерімізден де жүлде күтеді. Ақ Олимпиадада ел намысын Екатерина Айдова, Роман Креч, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Артем Крикунов, Станислав Палкин қорғайды.

12 ақпан. Әйелдер. 1 500 метр. Басталуы сағат 18:30-да.
13 ақпан. Ерлер. 1 500 м. Басталуы сағат 17:00-де.
14 ақпан. Әйелдер . 1 000 м. Басталуы сағат 16:00-де.
18 ақпан. Әйелдер . 500 м. Басталуы сағат 17:56-да.
19 ақпан. Ерлер . 500 м. Басталуы сағат 17:53-те.
23 ақпан. Ерлер . 1 000 м. Басталуы сағат 16:00-де.
24 ақпан. Ерлер. Масс-старт. Жартылай финал - 17:45. Финал 19:00-де.

Шорт-трек

Қазақстандық спортшылар жүлделі орыннан көрінуі мүмкін спорт түрінің бірі – шорт-трек. Бұл спорт түрінен Пхенчхандағы додаға Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия Крестова мен Ким Йонг А қатысады.

10 ақпан. Ерлер. 1 500 метр. Басталуы сағат 16:00-де, жартылай финал - 17:21. Б финалы -18:22-де, А финалы — 18:28-де.
10 ақпан. Әйелдер. 500 м. Басталуы сағат 16:44-те.
13 ақпан. Әйелдер . 500 м. Ширек финал 16:00-де, жартылай финал 17:11-де. Б финалы — 18:07-де, А финалы — 18:11-де.
13 ақпан. Ерлер . 1 000 м. Басталуы сағат 16:26-да.
13 ақпан. Ерлер . Эстафета. Басталуы сағат 17:32-де.
17 ақпан. Әйелдер . 1 500 м. Басталуы сағат 16:00-де. Жартылай финал - 17:13. Б финалы -18:05-те, А финалы — 18:11-де.
17 ақпан. Ерлер . 1 000 м. Ширек финал — 16:44-те, жартылай финал 17:43-те. Б финалы -18:21-де, А финалы — 18:26-да.
20 ақпан. Әйелдер . 1 000 м. Басталуы сағат 16:00-де.
20 ақпан. Ерлер . 500 м. Басталуы сағат 16:45-те.
22 ақпан. Ерлер . 500 м. Ширек финал 16:00-де, жартылай финал 16:42-де. Б финалы -17:13-те, А финалы — 17:18-де.
22 ақпан. Әйелдер . 1 000 м. Ширек финал 16:14-те, жартылай финал 16:51-де. Б финалы -17:23-те, А финалы — 18:30-да.
22 ақпан. Ерлер . Эстафета. Б финалы -17:47-де, А финалы — 18:03-те.

Фристайл

Қазақстандық спортшылар фристайлдың могул және акробатика сындары бойынша жарыс жолына шығады. Могулда Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Аяулым Әміренова жүлдеге таласса, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас, Ильдар Батрутдинов акробатика сынында бақ сынайды.

9 ақпан. Әйелдер. Могул. Бірінші іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 07:00-де.
9 ақпан. Ерлер. Могул. Бірінші іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 08:45-те.
11 ақпан. Әйелдер. Могул. Екінші іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 16:30-да. Финал 18:00-де басталады.
12 ақпан. Ерлер . Могул. Екінші іріктеу кезеңі. Басталуы сағат 16:30-да. Финал 18:00-де басталады.
15 ақпан. Әйелдер . Акробатика. Бірінші іріктеу кезеңі 17:00-де, екінші іріктеу 17:45-те.
16 ақпан. Әйелдер . Акробатика. Финал 17:00-де басталады.
17 ақпан. Ерлер. Акробатика. Бірінші іріктеу кезеңі 17:00-де, екінші іріктеу 17:45-те.
18 ақпан. Ерлер . Акробатика. Финал 17:00-де басталады.

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 25 ақпан сағат 16:00-де басталады.

Пхенчханда өтетін Олимпиаданы "Qazaqstan", "QazSport" және "Хабар" телеарналары көрсетеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу