Еуроодақпен ынтымақ – дамудың көзі

Қазақстанның жаһандық беделінің нығая түсуі оның Еуропа одағына (ЕО) бі­ріккен мемлекеттермен қатынас­та­­рының жақсаруына байланыс­ты. Ел­ба­сы сыртқы саясаттың осы бағы­тын анық­тайтын «Еуропаға жол» бағ­дар­ла­масын ұсынған болатын.

Егемен Қазақстан
08.02.2018 2037

Қазақстан бұл бағыттағы қаты­нас­тарды жандандыруды 1992 жылы Еу­ро­падағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тас­­тық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше болумен бас­тады. 1995 жылдан Еуроодақ ком­па­ния­ла­рының Қазақстанның мұнай, газ, уран, түсті металдар секторларын игеруге ден қойды. Сонымен қатар біздің елдің ха­лық­аралық терроризмге, наркотрафик­ке, түрлі індеттерге қарсы белсенді қыз­меті және ядролық қаруларға қарсы кү­ресі Еуроодақ елдерінің жаһандық қай­шы­лықтарға қатысты ұстанымдарына сәй­кес келді. Қазақстанда неміс, поляк диаспораларының болуы Германия мен Польша сияқты елдердің бізбен қатынастарын тереңдетуге мүдделі ете түсті. Еуроодақ Қазақстанға ең көп инвестиция құйды. Қазақстанның Еуропа елдерімен тығыз қатынастары оның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болуына әкелді.

1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Әріптестік пен ынтымақ туралы келісімге Брюссель қа­ла­сында қол қойылды. Еуропа мем­ле­кет­те­рімен байланыстардың өріст­еуі барысында елімізде 3000-нан астам бірлескен кә­сіпорын ашылды. ЕО елдерімен сауда көлемі 2017 жылы 24,4 млрд долларға же­тіп, Қазақстанның сыртқы тауар ай-
н­а­лымының 40 пайызын құрады. Бұл көр­сеткіш 2016 жылдағыдан 23% артық. Тығыз байланыстардың арта түсуіне 2015 жылы желтоқсанда Қазақстан мен ЕО қол қойған жаңа Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім /КӘЫК/ өз ықпалын тигізді. ТМД елдерінің арасында Қазақстан ғана ЕО-мен осындай келісімге келіп отыр. ЕО-ға кіретін 28 елдің 18-нің парламенттері бұл келісімді ратификациялады. «Еуропаға жол» бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп, Кеден одағын және Еуразиялық экономикалық одақ­ты қалыптастыра алды. Бұл шаралар Брюссельмен қатынастарды үнемі үй­лестіріп отыруды талап етті. Әрине ЕО елдері өз мүдделерін қорғайды. Олар үшін Ресей мен Украина қатынастарының ши­е-
ленісуі жағдайында энергетикалық қау­іп­сіздікті нығайту, шикізатты тасымал­дау, кон­тиненталдық қауіпсіздікті нығайту мә­селелері маңызды. Қарқынды дамып келе жатқан, ашық, саяси тұрақты Қазақ­с­тан­мен жақсы қатынастар орната отырып, Еуроодақ Орталық Азия ай­ма­ғын­да­ғы ықпалын арттыра түсуді көз­дей­ді.

ЕО елдері Қазақстанда нарықтық ре­фор­малар жүргізуге, экономиканы бейтараптандыруға, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, ғылыми-зерттеулер салаларын жетілдіруге көмектесті. 1992-2000 жылдар аралығында тек ТАСИС бағдарламасы шеңберінде еліміздегі экологиялық сараптаулар жұмыстарына 120 млн еуро көлемінде техникалық көмек берілді. Қазақстан үшін Семей ядролық полигонында жасалған сынақтардың салдарларын анықтау және жою, Арал теңізі бассейнінің экологиялық мәселелерін анықтау, Алматының әуе кеңістігінің ластануын азайту мәселелеріне қатысты зерттеу шараларының пайдасы болды. Бұл қатынастар тұрақты байланыстарға ұласты. Мысалы, 2016 жылы сәуір айында Алматы облысында қазақ-француз радиолокациялық техника өндіру зау-
ыты ашылды. 2017 жылы венгриялық «Эксимбанк» бірлескен шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға 255 млн еуро бөлді. Еуропалық инвестициялық банк «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ұжымына ұлттық АӨК-ті дамытуға 200 млн еуро қаржы бөлді. Еуропа қайта құру және даму банкі еліміздегі 17 жобаны қаржыландыруға 500 млн доллар жұмсағалы отыр. «Индустрия 4.0» бағытында өнеркәсіпті цифрландыру жұмыстарын ұйымдастыруға озық неміс тәжірибелерін енгізуге Германия мен Қазақстан арасында 1 миллиард доллар көлеміндегі 20 құжатқа қол қойылды.

ЕО үшін Қазақстанның транзиттік мүмкін­дігін пайдалану маңызды. Қытай­дың алып экономикасымен Еуропаның байланысын Үрімжі (Қытай) – Алтынкөл (Қазақстан) – Рига (Латвия) – Роттердам (Нидерланд) трансконтиненталдық тасымалдау жолы жеңілдетті. Бұл жолдың еліміздің Еуропа елдерімен сауда-сат­ты­ғын өсіруге ықпалы күшті. 2017 жыл­дың күзінде Коувола (Финляндия) – Бусловская (Ресей) – Алтынкөл (Қазақстан) – Сиань (Қытай) контейнерлік темір жол бағыты іске қосылды. Жыл сайын бұл жолмен 1 млн тоннадан артық жүк тасымалдануы жобаланған. Аталған істердің Ел­басының Қазақстан халқына Жол­дауында көр­сетілген төртінші міндет – көлік-ло­гистика инфрақұрылымын дамы­туда кө­мегі зор. Еуропаға жүк тран­зи­ті­нен қазынамызға бірнеше млрд доллар табыс кіреді.

ЕО-мен қатынастарымызды жақсарту Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция үрдістеріне енуін жеңілдетуге көмектеседі. ЕО-мен тығыз қатынастар ғылым, білім, мәдениет, медицина салаларында жақсы дамыса, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. Әлем­дік өркениет жетістіктеріне айналған еуро­палық демократия игіліктерін ұлттық құндылықтарымызбен ұштастыру арқылы ғана дамыған мемлекеттер қатарынан көріне аламыз.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2018

Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытай Гран Приінен 3 медаль алды

25.05.2018

Рудныйда Бақытжан Сағынтаевқа «Ақылды құс фабрикасы» жобасы таныстырылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысының аграршыларымен кәсіпкерлік туралы жаңа заңды талқылады

25.05.2018

Азаматтардың барлық санаттарына арналған арзан пәтерлер сатыла бастады

25.05.2018

Асқар Мамин Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты

25.05.2018

Демалыс күндері Астанада күшті жел соғып, бұршақ жауады

25.05.2018

Қазақстан ғалымдары ойлап тапқан жаңа құрылғы сынақтан өтіп жатыр

25.05.2018

Сенатта балық шаруашылығын қолдау шараларын нақтылау ұсынылды

25.05.2018

Астана мектептеріндегі соңғы қоңырау: Ж.Жабаев атындағы 4 мектеп-гимназиядан фоторепортаж

25.05.2018

Семей қаласының мектептерінде соңғы қоңырау мерекесі өтті

25.05.2018

Театрдағы музей түнінде мыңнан аса жәдігер көрермен назарына ұсынылды

25.05.2018

Дархан Кәлетаев пен Бауыржан Байбек азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды

25.05.2018

Мемлекеттік хатшы Ұлттық мектептің үздік тыңдаушыларымен кездесті

25.05.2018

Семейде балық аулауға уақытша тыйым салынды

25.05.2018

Атырау облысы мен Астананың әкімдіктері ынтымақтастық туралы келісім жасасты

25.05.2018

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде соңғы қоңырау салтанаты өтті

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

25.05.2018

Ақтөбе облысында 16 мың бала лагерьлерде тегін демалады

25.05.2018

Оңтүстікте биыл 33766 оқушы мектеп бітірді

25.05.2018

Семейдегі интернат тәрбиеленушілері «Отанымыз – Кеңес Одағы, астанамыз – Мәскеу» деп жазылған оқулықтармен оқып жатыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу