Ет кластерінің мүмкіндігі мол

Біз ежелден мал бағып, оның өнімін тұтынып келген еңбекқор халықтың ұрпағымыз. Соның ішінде ет өндіру жөнінен өзге жұрттарға кіріптар бола қоятындай күйде емес екеніміз анық. Кең-байтақ жеріміз жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға да ыңғайлы. Бұл өзіндік құны төмен, арзан мәрмәр ет өндірудің бір жолы. Қазіргі кезде республика өңірлерінде ірі қара мал бордақылайтын алаңдар мен ет өңдеу кешендері іске қосылған. Мұндағы басты мақсат – ет экспорты әлеуеті мен көлемін көтеру. Алайда қазір мұның өзі жеткіліксіз болып тұр.

Егемен Қазақстан
08.02.2018 12111
2

Ет өнімдерін қаншама мол өндіріп жүр­міз десек те, елімізге импорттық жол­мен жеткізілетін асыл тұқымды мал мен еттің үлесі әлі көп. Сондықтан да бү­гінде бұл тәжірибені кейінгі кезекке ысы­рып, ет экспорты көлемін бұрын-соң­ды болып көрмеген жоғары деңгейге жет­кізудің маңызы жоғары. Оның басты жол­дарының бірі ет кластерлерін құру екені белгілі. Осы орайда алдағы әңгіме желі­сін Ақтөбе облысында құрылған «АкТеп» ЖШС-нің іс тәжірибесі негі­зінде өрбіткенді жөн көреміз. Атал­ған кешен бір мезгілде 11 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған. Осы арқылы жылына 7200 тонна ет өңдеуге мүмкіндік туып отыр.

Өнімділік пен бәсекеге қабілет­ті­лікті басты өлшем ретінде белгілей біл­­ген республикамыздағы ірі агро­құры­лымдардың бірі өнім өңдеу көлемін жүйелі әрі тұрақты түрде өсіріп келеді. «АкТеп-тің» алға қойған басты межесі таяу­дағы және жақын келешектегі жылдарда еңбек өнімділігін 45 пайызға дейін көтеру болып отыр. Сөз жоқ, бұл өте жо­ғары міндет. Нақты іс-қимылдар бел­гі­леніп, жүзеге асатын болса, мұның өзі қолдан келетін, орындала­тын іс. Оны жү­зеге асырудың нақты мүмкіндіктері мен тәсілдері қандай? Бұл сауалға қайтарылатын жауап та өте қарапайым. «АкТептің» төңірегіне топтасқан ірілі-ұсақ­ты немесе бүгінгі салалық сөз қол­да­нысына сәйкес айтқанда, зәкірлік шаруа қожалықтар осы биік межеге иек арту­дың басты кілті болмақ. Оның саны 357 екенін айтсақ, көп мәселенің түйіні тарқатыла түседі.

Өңірдегі «АкТеп» және «Айс» секіл­ді ірі агроқұрылымдардың маңында оған қызмет жасайтын қосымша құры­лым­дардың болуы ет және сүт кластері қалыптастыру ісіндегі басты модуль екені айқын. О баста жоғарыда аталған серіктестік жетекшілері осы модульді енгізу үшін көп ізденіп, көп уақытын сарп еткен. Бір жақсысы, олар іздегенін тапты да. Сөйтіп Ақтөбе аймағында елі­міз­де баламасы жоқ ет және сүт клас­тер­лері құрылды. Қазіргі күні барлық жұмыс осы модуль аясында жүргізіліп келеді.

Мұндай байланыстар екі жаққа да тиімді. Ең бастысы, шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық кооперативтері ұтпаса, еш ұтылмайды. Яғни қуатты құрылымның құрамында олардың жұмысы одан әрі ширай түседі. Көп бағытпен айналысудың берері қашанда мол. Әрі осы арқылы ауыл азаматтары жылдың он екі айында үзіліссіз жұмыс іс­теуге мүмкіндік алады. Тұтастай алған­да еліміздегі ауылшаруашылық өнім­дерін өндіру мен өңдеу саласы осы ба­ғытқа бет бұрса, бұл соғұрлым өмір­шең, тиімді әрі пайдалы болмақ.

Рас, бұдан біраз уақыт бұрын әбден нығайып, буыны бекіген ірі аграрлық ба­ғыттағы кәсіпорындарға мемлекет тара­пынан қолдау көрсетуді жалғастыра беру­дің қандай қажеттілігі бар деген пікірлердің туындағаны белгілі. Бір қарағанда жөн сөз секілді. Әйтсе де қазіргі таңда «АкТеп» сияқты ірі агрофирмаларға көмектесу деген ұғым ұсақ шаруашылықтарға қолдау көрсету болып шығатынын ұғынатын кез келді. Бұл өз кезегінде «АкТептің» жанына шоғырланған 400-ге тарта ұсақ фермерлік шаруашылықтар оның базасында толық әрі еркін қозғалысқа келе алады деген сөз.

Осыдан шығатын тағы бір түйін бар. Бү­гінгі әңгімеміздің басты арқауына айнал­ған «АкТеп» және «Айс» секілді ірі агроқұрылымдар еліміздегі ірі облыс­ты ет және сүт өнімдерімен қамтуға мүм­кіндік алып отыр. Ақтөбе аймағында құры­лып, қызмет жасай бастаған ет клас­терінің зәкірлік серіктестері өз істерінің жаңа арнасы жөнінде қандай пікірде? Осы орайда «Қызылжар» мен «Қаршыға» шаруа қожалықтарының жетекшілері Асқар Балманов пен Артур Жетенов газет тілшісіне өз ой пікірлерін былайша жеткізді.

«Біз «АкТеп» ЖШС-нің құрамында қызмет жасап келеміз. Оның жетекшілері жем-шөп қорын қалай әзірлейміз деп бас-
тарын қатыра қоймайды, біз дайындап береміз. Сонымен бірге бордақылау алаңын малмен толтыру жұмыстарын да қоса атқарамыз», дейді олар. Қосал­қы шаруашылық иелері бұдан әрі «АкТептен» асыл тұқымды бұқаларды жал­ға алу мен ауылшаруашылық тех­ника­ларын лизинг тәсілі бойынша пайдаланудың тиімділігіне тоқталды. Бұл жобалар мен бағдарламалар қыруар қаржы жұмсамай-ақ табысты көбейтуге және аналық мал басын толықтыруға, сонымен бірге мал тұқымын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұндай байланыс шағын шаруашылықтар үшін өте тиімді деп есептейді олар.

«АкТептің» өз маңайына топтаса бастаған шаруа қожалықтарына үлкен шапағатын тигізіп жүргені де бөлек бір әңгіме. Оның басты мысалы – бас кә­сіпорын олардың өнімдерін тез, ке­зек­сіз әрі жоғары бағамен қабыл­дай­тыны. Мұндай жағдайда ақша, яғни өткізген өнімдерінің құны аз уақыт­тың ішінде банктегі есепшотқа түседі. Ша­руа осылай өз жөнімен шешіле берсе, олар өзге сатып алушыларды іздеп қайтеді. Әрі алыпсатарларға да алданбай­ды. Өйткені бұл мәселе «АкТеп» агро­құры­лымы жүйесінде толығымен өз ше­шімін тапқан. Осындай әріптестік асыл тұқымды мал басын өсіру мен кө­бейту ісінде де терең тамыр жайып келеді. Пайда мен тиімділікке шаруа қожа­лық­тарының қол жеткізуі төмендегі деректерден де анық көрінеді. Айталық, қожалық же­тек­шілері «АкТептен» абердин-ангус асыл тұқымды малының бұқаларын жал­ға алған жағдайда бұл тұқымнан туған төл он айдың ішінде 350-400 келі салмақ тартатын көрінеді. Бұл пайда емей немене?!

– «АкТеп» ЖШС қазір мал борда­қы­лау­дың тиімді әдістеріне арқа сүйей оты­рып, еңбек өнімділігін одан әрі көте­ре түсуде. Бұл ретте біріншіден, асыл тұқымды репродукторлардың қуатын көтеруге ерекше мән берілген. Мұның мөлшері – 6200 ірі қараға тең. Ең бастысы, тиісті мал басы кешенге ұдайы әрі тұрақты түрде жеткізіліп тұрса жұ­мыс өз ырғағынан жаңылмайды. Әрине мал­дың да малы бар. Біз үшін басты көр­сеткіш пен негізгі критерий – сан мен сапаның үйлесімділігі. Екеуінің бір тұстан тоғысуы дейді, – «АкТеп» ЖШС-нің бас құрылтайшысы Нұрлан Сағы­налин.

Оның сөзінен тағы бір ұққа­нымыз қазіргі кезде тиімділік тұт­қа­сын таба білген «АкТеп» басшы­лары инфрақұрылымдық нысандарды құруға қаражат жұмсаудың қажеті жоқ деп есептейді. Өйткені кешенде оған толық мүм­кіндік бар. Бос тұрған орындар да табы­лады. Сонымен бірге «АкТепте» фер­мерлерге қомақты еңбекақы төлеу тәр­тібі де орныққан. Ол әр сиырға 800 теңге, әр бұзауға 400 теңге төлеу есебі­нен жасалған. Сонда орташа есеппен алған­да олардың еңбекақысы 300-350 мың теңге болып шығады.

Тағы бір айта кетер жайт, өңірдегі «АкТеп» және «Айс» секілді ірі агро­құры­­лымдарда өндіріс үдерістері то­лы­­ғымен автоматтандырылған және компью­терленген. Мұнда мал шаруа­шы­­лығы өнімдерін өңдеудің заманауи бағ­дарламалары жүзеге асып келеді. Бұл агроөндірістің барлық цехтарын қамтиды. Осы арқылы жануарлардың жай-күйі мен ахуалы туралы барлық қажетті мәлімет жинақталады. Тіпті цифр-
лы технологиялар арқылы серіктестік бағдарламашылары аналық сиырлар шағылысқа әзір ме деген сауалдарды да тез жинақтап біле алады.

Түйіп айтқанда, «АкТеп» және «Айс» секілді өңірдегі ет және сүт клас­терлері мысалында Ақтөбе аймағы Президент Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында қой­ылған цифрландыру жөніндегі мін­дет пен тапсырманы орындауды бас­тап кетті деуге толық негіз бар. Егер басқа да мысалдарға сүйенсек, мал­дың құлағына электронды сырға қон­дырып, осы арқылы оның бір тәу­лікте қосқан салмағын анық­тау тех­но­­логиясы қолданылатыны осы пікі­­рі­міз­дің басты дәлелі. Бұдан кей­ін­гі кезекте ком­пьютердің немесе смарт­фон­ның кө­ме­гімен қажетті мони­то­рингтік зерт­теу­лер жасалады.

Міне, осылайша Ақтөбе аймағында құ­рылған ет және сүт кластерінің көк­жиегі күннен күнге кеңейіп келеді.

 

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

СУРЕТТЕ: Ақтөбе ет кластері құрылымынан көрініс

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу