Әлем • 11 Ақпан, 2018

Ресейде 71 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей астанасы Мәскеудің Домодедово әуежайынан ұшқан Ан-148 жолаушылар ұшағы бірден радар экранынан жоғалып кетті. ТАСС агенттігінің xабарлауынша әуе көлігінің қалдықтары Рамеск ауданынан табылды. 

Ресейде 71 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады

"Степановское ауылының аумағында Ан-148 ұшағының қирандылары мен қаза болған бірнеше адамның денесі табылды", деп мәлімдеді Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ұшақ бортында 71 адам болған. "Саратов әуе желілері" компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 71 адам болған. Оның 65-і - жолаушы болса, алтауы - экипаж мүшесі.

Бұған дейін шұғыл қызметтер әуе кемесінің апаты салдарынан аман қалғандар жоқтығын хабарлаған.