Тілді түлетудің тұғырнамасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы еліміздегі барлық негізгі салаға жаңа, қарқынды серпін беретіні тұрақты үдеріске айналды. Ұлт­тық руханиятқа жанашыр қауым­ның Жолдаудан ең басты күтетіні – Президенттің  қазақ тілі туралы пікірлері. Бұл Жолдауда Президент жалпы тіл тақырыбын адами капитал ауқымында ұсынып, оны жаңғырудың негізімен байланыс­тырды. Себебі Қазақстан сияқты жас мемлекеттің жасампаздық мін­деттері жаһандану дәуірінде халық­тың әлеуметтік жағдайын жақ­сартумен бірге, оның рухани бол­мысын да жаңғыртуға бастайды.

Егемен Қазақстан
12.02.2018 8355
2

Сондықтан да Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламалық мақа­ла­сын жариялап, бағзы мен бүгінді сабақтастыратын һәм бо­ла­шаққа бағдар сілтейтін тұтас тұжырым­дамалық еңбекті ұсынды. Прези­денттің осы бағдарламалық ма­қа­­ласы қоғамда қордаланған бірқатар маңызды мәселелерді шешуге, кейбір тұстарымызды қайтадан бажайлай қарауға және танымымызды толықтыруға мін­деттейді. Әсіресе қазақ қоға­мында қазір жиі айтылатын ұлт­тық идеология ж­өнін­дегі мәсе­ле­лердің көбіне толық жауап берерлік еңбек болды деп санаймыз. Жалпы адамзат немесе қоғамдық ортаның дамуында кезеңдік даму болатынын білсек, онда Қазақстан үшін ширек ғасыр уақыт біздің жаңа сапалық кезең қарсаңында тұрғанымыз­ды аңғартады. Елбасының руха­ни жаңғыру бастамасы осы жаңа дәуір­дің платформасы іспетті. Сон­­­­дықтан да біз Президенттің биыл­­­­ғы Жолдауын жаңа кезеңнің құ­жаты ретінде қабылдаймыз.

Жалпы рухани тұрғыдан, оның ішінде тілдік-мәдени тұрғы­дан алғанда Елбасының «Бо­ла­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» ең­бегі мен Жолдаудың арасында сабақ­тас­тық бар екенін көреміз. Мы­са­лы алғашқы е­ң­бегінде: «Латын­­шаға көшудің терең логи­ка­сы бар. Бұл қазіргі заманғы тех­­­но­логиялық ортаның, ком­му­­ни­­ка­цияның, сондай-ақ ХХІ ға­­сыр­­дағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне бай­­­л­анысты» десе, биылғы Жол­дауында: «2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет» делінді. Оған қоса, терминология, аудар­ма мәселелерін сөз ете келіп, Нұрсұлтан Назарбаев: «Латын әліп­­биіне көшу бұл мәселені рет­теуге мүмкіндік береді» деп жа­ңа графикаға көшудің жүгі мен мақсатын айқындап берді.

Елбасының қазақ тілін латын графикасына көшіру идеясы сонау тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен басталып, бұл тақырыпты ол 2006, 2012 жылдары мейлінше тере­ң­ірек көтеріп, қоғамның ойын дайындады. Енді кезеңі кел­генд­е, 2017 жылы бетбұрысты ше­ші­мін қабылдап, қазан айында Жар­лық  жарияланды. Бұл – қазақ хал­қы­ның, Қазақстан қоғамының жаңа кезеңі іспетті оқиға. Әсіресе бү­гін­­гідей адамзат баласы дүние­ні көр­некі ақпарат арқылы танитын қоғамда, әлеуметтік, психо­ло­гия­лық, мәдени ықпалы күшейген дәуір­де, дүние білім мен таным тұр­­­ғы­сынан әбден араласқан ке­зе­ң­де  әліпбидің маңызы да, ық­­па­лы да айрықша артатыны айдан анық. Ал енді бұл бастамаға қазақ­стандықтардың дайындығы жөнінде айтар болсақ, қазіргі дү­ние­нің дидары оны біздің отан­дас­тарымыздың қабылдауы әлбет­те осыдан ширек ғасыр бұрынғы жағ­дайдан әлдеқайда артық. Біз­дің ойымызша, оның бірнеше себептері бар.

Біріншіден, сол тоқсаныншы жылдардың басында көршілес, туыстас түркі халықтары латын таңбасына көшкенде әлемде дәл қазіргідей жаһандану қарқыны өрістеді деп айта алмаймыз. Яғни олар үшін әлеуметтік жағынан болсын, психологиялық тұрғыдан болсын белгілі бір тосындық болды.

Екіншіден, бұдан 25 жыл бұрынғы технологиялық жағдай мен қазіргі жетістіктерді салысты­ру­дың өзі жөнсіз. Үй телефонымен сөйлесіп жүрген қоғам бүгін жаппай қалта телефонына және оның алуан функцияларына көшкен заманда латын әліпбиі бәріміздің көздағдымызды қолданбасақ та, қанықтырды деуге болады.

Үшіншіден, ол кездегі пост­ке­ңестік елдердің әлемдік қауым­дастыққа ену қарқынымен бүгінгі жылдамдықты салыстыру және мүмкін емес. Бұл негізгі себептер ғана. Оның бер жағында ба­ла­­­­лары­мыздың ағылшын тілін мең­­геру деңгейінің артуы, жас­тар­­­дың шетелдерде оқуы, өз елі­мізде мыңдаған, тіпті он мыңдаған адам­дардың әртүр­лі халық­аралық бірле­скен кәсіп­орын­дарда жұмыс істеуі, қаншама іскер азаматтардың халықаралық бизнеспен байланысы, оған қоса, қалаларымыз­дағы көр­некі ақпарат, жарнама, тіпті тұр­мыстық тұтыну заттарымыз, осы­лар­дың барлығының атауы латын таңбасымен бізге келгелі, тіпті  тез үйреншікті болғанын да білеміз. Бұған қоса, қалтамыз­да жүр­ген құжатымыздағы, мінген көлі­­гі­міздегі нөмір, темір жол, ұшақ би­лет­теріндегі әйтеуір, маңа­йы­­мыз­дың бәріндегі латынша жазулар қазақ тілінің жаңа әліпбиін соншама жат етпейтініне сенім береді. Сон­дықтан да Елбасының тарихи ше­шімі жалпыхалықтық қолдауға ие болды. Әлбетте бұл ара­да оның бастапқы нұсқаларына бай­ланысты айта кету әділеттілік болар деп ойлаймыз.

Латын әліпбиі – әу баста роман тілдері үшін, одан бері келе, герман тілдері үшін қолданыл­ған әліпби. Сондықтан бұл әліп­бидің таңбаларын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеу белгілі бір уақытты қажет етті. Ол да көп емес, 4-5 айдың ғана мөл­шері. Енді қазір Президент Жар­­лы­ғына сәйкес, Үкімет жаны­нан Ұлттық комиссия құры­лып, оның жұмыс топтары өз мін­дет­теріне кірісті. Дәл қазір әліп­би­д­ің апробациялық жұмыстары Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктері тараптарынан ұйымдастырылуда. Бұл аса маңызды мемлекеттік жұмысты еліміздегі тіл саясатының өкілет­ті органы – Мәдениет және спорт ми­нистрлігі үйлестіріп, Арыс­танбек Мұхамедиұлының басшылығымен басқа да қажетті жұмыстар өз орнымен, уақытымен атқарылуда. Ендігі мақсат әліпбиді жетілдіру, оның емлесін жасау жұмысын тек кәсіби мамандарға беру және солардың сараптамасынан кейін барып әрі қарай ғылыми негізде ғана ілгерілеп отыру қажет. Сон­дықтан қазір талқылау кезеңі аяқ­талып, нақты ғылыми жұмыс кезе­ңінің басталғанын көпшілікке жет­кізгіміз келеді. Дәл біздің елі­міз­дегідей әліпби мәселесі осын­шама кең түрде ешбір мемлекетте талқыланған емес. Оны Елбасы да арнайы айтқан болатын.

Қоғамда, әсіресе, кейбір көпке танымал азаматтар тарапынан егер латын әліпбиіне қазақ мектеп­тері ғана өтсе, біраз қандастары­­­мыз балаларын орыстілді мек­теп­ке береді деген қауіп айтыла­ды. Бұл арада екі мәселенің басын ашып алуымыз керек деп ойлаймыз. Біріншіден, әліпби мемлекетке емес, сол мемлекеттегі жетекші тілге жасалады. Біздің жағдайымызда ол әлбетте, қазақ тілі болмақ. Сондықтан да қазақ тіліне лайықталған әліпби арқы­лы орыс немесе басқа тілдерді оқы­ту мүмкін болмайтыны айтпаса да түсінікті. Бұл – бүгін емес, сонау ілгері тарихтан қа­лып­тас­қан жағдай. Онымен санасу – өрке­ниетті мемлекеттің міндеті. Кейбір ағайын осыны шатастырмауы тиіс.

Қысқасы, ерте ме, кеш пе, латын әліпбиіне көшетін тілдердің саны арта беретіні байқалады. Бұл – енді ғаламдық үдеріс: айналып келіп, орта ғасырларға барып, тезек теріп, от жағып, қыстау қонып, жаз жайлап отырмайтынымыз сияқты, бүгінгі өміріміз­ге орай, әлемдік жетістіктерден аларымыз әлі де көп. Бүкіл әлем мемлекеттер пайда болғалы осылай дамыған. Бүгін қазақтікіндей болып кеткен күнделікті ішіп жүрген шайымыз, неше түрлі пошымды киімдеріміздің тарихы сыртпен байланысты. Қазақты өрге сүйреймін деген азамат, қай кезеңдегі қай тұлға да жақсыны жат көрмеген. Оны кемеңгер Абай да, ұлттық мемлекет құра­мыз деген Алаш көсемдері де сан мәрте айтқан. Латын әліпбиі – бұл тамырдан ажырау немесе біреуге еліктеу емес. Бұл – қажеттілік. Қазақ үшін тағдырлы қажеттілік. Бүгінгі өзектілік – ертеңгі өрлеудің қайнары.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы келелі тақырыптың бірі – қазақ тілін «қазіргі заманға лайықтауымыз қажет» деген қағида. Бұл – тілдің ішкі лексикалық әлеуетін, стильдік өрісін барынша пайдаланып, жаңа заманға лайықты қатынас құралы болсын деген аса игі пікір. Тарих тілдік реформа жасаған талай ұлы тұлғаларды біледі. Ол тілдің тек лингвистикалық қана емес, үлкен саяси, әлеуметтік, мәдени маңызын айғақтайды. Осы тұрғыдан келгенде, Президентіміздің дәл осы Жолдаудан бұрын да тіл туралы айтқан ойларынан оны заман­ға сай жаңғырту мақсатын көре­міз. Әлбетте, бүгінгі тілдік дамудың қай-қайсысы да атаулар мен терминдерден тыс тұра алмайды. Қазір ғана емес, оны қазақ тілінің тарихында өткен ғасырлар да дәлелдеген. Ислам діні араб, парсы мәдениетінің келуі біздің тілімізде осы тілдердің қалың қаба­тын қалыптастырды. Тіпті күн­делікті жиі қолданылатын сөз­деріміздің бірқатарының түп­тамыры сол тілде десек, кейбір аға­­йын­дар таңғалысын білдіріп жа­тады. Мысалы қазақ тілін­дегі ә, ғ, п, р, һ дыбыстарынан басталатын сөздердің барлығы түркілік, қазақтық түбірден емес десек, баз­бір ағайын таңғалып, тіпті кейбір ағайын қарсы шығуы да ғажап емес. Мұндай мысал көп. Тіпті, қолданысы көп, қоры мол деген орыс тілінде а-дан басталатын бірде-бір сөз жоқ дегенге сенесіз бе, сенбесеңіз де ақиқат – сол. Мұны неге айтып отырмыз, яғни әр тіл белгілі бір әлемдік араласу, тоғысу кезеңінде бір-бірінен ұғымдарды, атауларды алады. Демек, тілдік ауыс-түйістер жүреді. Елбасының айтып отырғаны – осындай үдерістің табиғи тұрғыдан жүргені. Ол үшін ғылыми мекемелер, сала мамандары халықара­лық терминдердің қазақ тіліне ену үдерісінің бастапқы қағидаттарын дайындауы керек. Бұл – орасан жұмыс. Қазіргі кезеңде, біздің ойымызша, біз бар терминдерге сипаттама беру төңірегінде ғана жүрміз. Мәселе оның алғышарттарын дайындауда. Латын әліпбиіне көшу жалпы тілдік реформаға айналып, оның ішінде терминжасам мәселесі де алдыңғы қатарда тұруы тиіс. Елбасы бұл жөнінде: «Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді», деді. Ендігі міндет Елбасы Жолдауы­ның терең стратегиялық мазмұнын зерделеп, оны орындаудың тиімді тәсілдерін, өміршең үлгілерін қалыптастыру. Өйткені Президент Жолдауы – жарияланған жылдың ғана тапсырмасы емес, баянды болашақтың баспалдағы болар маңызды тұғырнама.

Ербол ТІЛЕШОВ,

Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу