Аймақтар • 12 Ақпан, 2018

«Қарағайлыда» құрылыс қарқын алды

429 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семейде «Қарағайлы» шағын ауданының құрылысы қызу жүріп жа­тыр. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің Семейге жұмыс сапары барысында  аталған ша­ғын ауданның құ­ры­лысына қатысты жо­­балар көрсетілді. Сон­дай-ақ қалада «Абай-Арена» мәдени-ойын-сауық спорт кешенінің құрылыс жұмыстары да бас­талды. 

«Қарағайлыда» құрылыс қарқын алды

Бүгінде құрылыс компа­ниялары «Қарағайлы» ша­ғын ауданында тұрғын үй бағдарламасы аясында салын­ған алғашқы көп пәтерлі 9 қабатты үйлерді қолданысқа беруде. Құрылыстың негіз­гі мердігерлері болып Семей­дің екі ірі компаниясы бел­гіленген. Қазіргі уақытта кірпіш қалау және терезелерді орнату жұмыстары 100 пайыз аяқталып, тек үйдің ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар қалада мемлекет-жекеменшік серік­тестігі аясында «Фирма Азия» ЖШС 320 орындық балабақша салып жатыр. Нысанды қол­данысқа беру мерзімі осы жылдың соңына белгіленген. Қазіргі уақытта бұл жерде мектепке дейінгі тәрбие ошағының іргетасы құйылып, қабырғалары қалануда.

Аймақ басшысының қа­тысуымен «Фирма Азия» ЖШС болашақта бой көте­ретін «Абай-Арена» біре­гей ке­шенінің құрылыс жұ­мыс­тарын бастап кетті. Біре­гей ғимараттың құрылыс жұмыс­тарына бірнеше ірі серіктестер мен отандық мамандарды шақырту көзделіп отыр. Облыс әкімінің айтуынша, бұл ауданда көпқабатты бірнеше тұрғын үй салу жоспарланған. Еңселі тұрғын үйлер атшаптырым аумақты алатын «Абай-Арена» кешенін жан-жағынан қоршап тұратын болады.

– Қандай әдемі шағын аудан. Тағы да бірнеше тұрғын үй бой көтеруі керек. Олар «Абай-Арена» кешенін жан-жағынан қоршап тұрса үйлесімді көрінеді. Шамамен ол үйлер 12 қабат болса және түсін ашық түстен таңдасаңыздар. Бұл шағын ауданның тұр­ғындарына, жалпы қаланың халқына көте­ріңкі көңіл-күй сыйлайды, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар шағын ауданда тұрғындарға жайлы болуы үшін кең жолдар төселіп, жаяу жүргіншілер аймағы мен автотұрақ қарастырылған. Айта кетейік, құрылыс жұмыстары барысында шағын ауданда құрылысшылар қалашығы салынбақ. Жатақхана мен күніне төрт рет тамақ беретін 200 орынға шақталған асхана да болады. Одан басқа құрылыс жұмыстарына жұ­мыл­дырылатын компаниялар мен серіктестердің өкілдері жұмыс істейтін жеке кеңсе де жоспарланған.

Раушан НҰҒМАНБЕК,

журналист

СЕМЕЙ