Тарих • 12 Ақпан, 2018

Батырлыққа баулыған белдік

685 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балаларды патриотизмге қалай тәрбиелеуге болады? Қазталов орта мектебіне барғанымда мұражайға жинақталған жәдігерлер ішінен кеңестік замандағы әскери белбеу мен Ауған соғысына қатысушылар киген телпекке көзім түсті. Мектептің осындай көне жәдігерлерді жинақтауы көңілге қуаныш ұялатты. 

Батырлыққа баулыған белдік

Былай қарасаңыз қарапайым белбеу мен телпек. Бірақ оның аржағында мағына жатыр. Сәл шегініс. Сонау 60-70- жылдары мектепте оқып жүргенімізде армиядан ағаларымыз оралатын. Олар­ды бүкіл ауыл аспанға көтеріп қарсы алатын. Бала біткен әскерден келген ағаның қасынан шықпайтын. Біреуі фуражкасын киеді, біреуі белбеуін тағады. Белбеуді ауыл балалары «сол­датский ремень» (балалардың тілімен айтқанда) деп атайтын. Сол «солдатскийді» белімізге тағып алып, көшеде жүретінбіз. Тіпті мектепке де тағып баратынбыз. Оны таққан бала үлкен беделге ие болатын. Сол қалың қайыс белдікпен балаларды «қор­қытып» та қоятынбыз... Иә, сол кездің балалары әскерге баруды армандайтын. Әскери киімді киіп жүргісі келетін. Бұл кеңестік кезеңнің патриотизмге тәрбиелеудің бір үлгісі сияқты көрінеді де тұрады.

Қазіргі күнде жастарды патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұрынғы кездің әскери киімі де әсер еткенін білген дұрыс-ау дейміз. Бір ғана «солдатскиймен» қанша бала әскерге арман қуып аттанды. Бір ғана «солдатскиймен» қаншама жастар кешегі Ауғанстанның от-жалынына шарпылды... Бұл адам бойындағы батырлықты жанитын рух. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы сөз­дердің мәндеріне үңілсек, өткеннің бүгінгіге тигізер жақсы жақтарын алуды міндеттеп тұр емес пе? Күні ертең қазталовтық оқушылар да әкелері таққан әскери белдіктің мәнін ұғып, нағыз Отан қорғаушыларға айналады.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Батыс Қазақстан облысы