«Нұр Отан» партиясының негізгі міндеттері пысықталды

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия филиалдарының өкілдерімен кездесті. Партияның өңірлік, аймақтық филиалдарымен қатар, ірі кәсіпорындар базасында құрылған филиал және бас­тауыш партия ұйымдарының басшылары қатысқан жиында Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы кеңінен талқыланды.

Егемен Қазақстан
13.02.2018 1232

Жиынды ашқан Мәулен Әшімбаев партиялық жаңғыру­дың басым бағыттарын атап өтіп, алда тұрған міндеттердің ай­мақтық деңгейде де аса ма­ңызды екеніне назар аударды. Партия Төрағасы бірінші орын­басарының айтуынша, нұр­отан­дықтар елімізде қолға алынған жүйелі өзгерістердің негізгі қоз­ғау­шы күші болуы керек. Сол үшін алдымен партияның не­гізгі міндетін анықтап, идео­ло­гиялық жұмыстың бағыт-бағ­дарын айқындап алу керектігін айтқан Мәулен Әшімбаев: «Біз бүгінде көбіне ішкі жұмыстарға ба­сымдық беріп, солармен ғана шек­теліп қалғандаймыз. Тіпті, кей­біреулер Орталық аппаратқа құдды бір министрлік, ал пар­тия­ның аймақтардағы филиалдарына жергілікті әкімдіктердің бір бөліміндей қарайды. Бұл Елбасымыздың партияның алдына қойған мақсат-міндеттері мен атқарар рөлін дұрыс түсінбеудің салдарынан болып отыр. Мем­лекет басшысы: «Нұр Отан» – ми­нистрлік те, атқарушы билік те емес. Ол – стратегиялық күш», – деп партияның бағыт-бағдарын анық­тап берді. Сондықтан біз жұ­мы­сы жүйелі әрі тиімді, мін­деті айқын стратегиялық күш болып қалыптасуымыз керек», деді.

Мәулен Әшімбаев партия­ның жаңа бағытта жұмыс істеп, нақ­ты нәтижелерге қол жеткізуі үшін қалыптасқан әдіс-тәсілдер мен форматты өзгертуді ұсынды. Бі­рінші кезекте партия жұмысына дебюрократизация қажет екенін де тілге тиек етті. Бұл, әрине өңір­лерге де тікелей қатысты бастама. Сондықтан жергілікті жерлерде нұротандықтар өздерін партия шенеунігі емес, халықпен ашық әрі тікелей жұмыс істейтін партия мүшесі ретінде көрсете білуі тиіс. Партиялық іс-шараларды таптаурын нұсқадан арылтып, қоғаммен саяси байланысты жаңаша қар­қынмен қайта орнатудың да ма­ңызы зор. Нұротандықтардың ұйымдастыруымен өтетін әр іс-шара мәнді, мазмұнды, креативті болып қана қоймай, нақты нәтижеге қол жеткізуі керек.

Сондай-ақ жиында идео­ло­гия­лық жұмыстарда өңір­лер­дің «Ру­хани жаңғыру» бағдар­ла­ма­сы­на басымдық беруі керектігі ай­тыл­ды. Осы тұрғыдан келгенде Қа­зақ­стандағы жетекші саяси күш са­налатын «Нұр Отан» партия­сы құндылықтар мен жаңғыру идея­сының жаршысы ретінде әр қазақ­стандыққа оның мәні мен ма­ңызын түсіндіруі тиіс. «Қазі­ргі таңда «Нұр Отан» партиясы көз алдымызға үлкен бір спорт сайысында жеңіске же­тіп, кейін жаттығуды ұмытқан, өз өзімен жұмыс істеуді мүлдем тоқ­­­тат­қан, алдағы мақсат-мүд­де­лерін ысырып қойып, күнделікті күй­бең тірліктен арыла алмай өмірдің ағысымен ғана жылжып келе жатқан спортшыны елес­тетеді. Сондықтан баршамыз ол спортшының қайтадан ес жиып, қарқынды жаттығуына, мақ­саттарын айқындап, физикалық қана емес интеллектуалды тұр­ғы­да да өзін-өзі қолға алуына және нағыз чемпион болуына күш жұмсауымыз керек. Бұл – біз­дің алдағы уақыттағы басты мін­детіміз. Осы жолда бәріміз жұ­ды­рық­тай жұмылуға тиіспіз», деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар М.Әшімбаев өңірлік филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарының алдын­­да тұрған басты міндеттерге назар аударды. Ең алдымен, пар­тия өкіл­дері өз өңірлеріндегі қоғам­­дық-саяси жағдайды толық ба­қы­лауда ұстауы тиіс. Халықты алаң­­дат­қан мәселелерді дер ке­зінде анықтап, жедел әрекет етіп, кейін оны партиялық деңгей­де шешудің жолдарын ұсыну­лары керек. Соған орай арнайы Әлеу­меттік жүктемелер картасы да­йындалмақ. Барлық партиялық жобалардың өзектілігі артып, жаңа бастамалар қолға алынатын болды. Осы ретте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары партия бастамашы болған әрбір жоба есеп үшін ғана қолға алынбай, халыққа нақты пайдасы тиетін маңызға ие болу керектігін айтты.

Кадр мәселесі де назар­дан тыс қалмады. Соның нәти­же­сін­­де алдағы уақытта ең белсен­ді, ел мүддесін бірінші кезекке қоя­­тын білікті мамандардан кадр­­­лық резерв құрылып, со­­лар­­­дың қатарындағы партия мү­­ше­­лері мемлекеттік органдар мен мәслихаттардағы, тіпті Пар­ламенттегі бос лауазымдарға ұсы­нылатыны айтылды. Одан бөлек, Мәулен Әшімбаев сайлауал­ды бағдарламада көрсетілген уәде­лер мен міндеттерді орындау үшін әрбір филиалға білек сы­банып жұмыс істеп, нақты нәти­желерге қол жеткізуді тап­сыр­ды. «Елбасы, партия Төраға­сы Нұрсұлтан Назарбаев бізге ауқым­­ды стратегиялық міндеттер жүк­теді. Біз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет етсек, бұл тапсырмаларды табыс­ты жүзеге асырып, партияның қызметін жаңа сапаға көтереміз деп сенемін. Осылайша пар­тия­­ны заманауи, жоғары тех­­но­ло­­­гия­лы, белсенді, перспекти­ва­лы, ин­нов­ациялық саяси ұйым р­етін­­д­е қайта құруға мүмк­ін­дік ала­­мыз. Бұл біздің қолы­мыз­дан ке­ле­тініне сенемін. Біз жұ­мыс ба­­ры­сында қандай тәсіл­дер мен әдіс­терді өзгерту керек­т­ігін және ал­ды­мыздағы мін­дет­тері­міз бен бағыт-бағдары­мызды нақ­­­ты түсіндік. Осы ба­ғыттағы жұ­­мыс­­­тарға партия­мыздың бар­лық өңірлік филиалда­ры бел­сене атса­лы­сады деп үміт­тене­мін», деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ жиында партия хат­шылары Ғабидолла Әбді­рахы­мов, Қаныбек Жұмашев және Фар­хад Қуанғанов сөз алып, өз жұ­мыс бағыттары бойынша баяндама жасады.

Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2018

Қазақстан және Қытай сыртқы саяси ведомстволары консулдық мәселелер туралы консультациялар өткізді

28.05.2018

Биылғы «Бозторғай» байқауына 800-ден аса бала қатысады

28.05.2018

Қазақ Ұлттық университетінде «Түлектер күні» тойланды

28.05.2018

Зейнетақы қоры Telegram-бот қызметін іске қосты

28.05.2018

«Бозторғай» байқауы Халықаралық фестивальдер мен конкурстары дүниежүзілік Федерациясына енді

28.05.2018

Павлодарда «Жасыл ел» еңбек жасағының ХIV маусымы басталды

28.05.2018

Қарағандыда қоғамдық кеңес құрылды

28.05.2018

Маңғыстауда цифрландыру жұмыстары қалай жүруде?

28.05.2018

Кәсіпкерлерге қысастық жасалып отыр

28.05.2018

Құтқарушыларды қолдау қажет

28.05.2018

Балалар туризмін дамыту өзекті

28.05.2018

Темір жол тасымалына жолаушылардың көңілі толмайды

28.05.2018

Заң жобаларының сапасын арттыру жолы ұсынылды

28.05.2018

Қостанай облысында мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып жатыр

28.05.2018

Павлодар мен Уфа арасы жақындай түсті

28.05.2018

Қарағанды облысында төртем дүниеге келді

28.05.2018

Этноойындар олимпиадасы елімізде өтуі мүмкін

28.05.2018

Қазақ философиясының бес томдығы жарыққа шықты

28.05.2018

Бэйлдің бенефисіне айналған финал

28.05.2018

«Арландар» WSB финалына шықты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Қатер қайдан демеңіз...

Алыс болашағымыз түгілі, бүгінгіміздің өзі бұлыңғырланған мына заманда қатер қайдан дейтін емес. Дуалы ауыз сарап­шылардың айтуынша, таяу болашақтағы екі-үш жыл жаһандық экономика үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік саясат пен халықаралық жағдай үшін д­е аса­ қауіпті сын-қатерлерге толы болға­лы тұр. 

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу