Маңғыстау орталықтарға неге зәру?

Аудан орталықтарын айтпа­ған­да, Ақтау қаласының өзінен жастар немесе ересектер, ақын, ғалым, жазушы дегендей зия­лы қауым өкілдері бас қосып, тағы­лым­ды-тәлімді іспен айналысатын орындарды табу қиын.

Егемен Қазақстан
13.02.2018 1514

Бұл тұрғыда алдымен ауызға ілінетін тұс – Маңғыстаудың мұра-мәдениетіне қатысты. Маңғыстау туралы бүгінгі біз біле­­тін дерек – өлке тарихының бол­машы беттері ғана. Тау мен тас­ты сөйлетіп, алыстағы мұ­ра­ғаттарды ақтарып, өткен­нен сыр тарту жұмыстары толыққанды жүргізілді дей алмаймыз. Ұсыныс бар да, ұмтылыс жоқ, ынта бар да, ыждаһат жоқ. Осы орайда өңірдің тарихын, шежіресін, этнографиясын зерттейтін орталық, әлде ғылыми-зерттеу институтының қажеттігі аңғарылғалы да көп болған. Мұралар бізге тек атауына малдану үшін берілмегендігін ұғынып, оны жеткілікті зерттеу ісіне ден қоятын кез келгенмен, ізгі іспен айна­лы­­са­тын орталық жоқ. Ескерткіштерді тек санап, қорғап қана қоймай олар­ды тану, олардағы жазуларды оқып-зерделеп талдау, руна тілі – мұның бәрі тұнжыраған күйі әлі тұнып тұр. Маңғыстау та­би­ғи-мәдени қорығы жанынан, әлде тіпті өз алдына арнайы орын ашып, ауқымды істерді сол орталықтағы мамандардың мойнына жүктесе ғой дейсің! Өз алдына әр жерден тиіп-қашып, үзіп-жұлып зерттеп-жазып, бір мәселеге бірнеше түрлі түсінік беріп, оқырмандардың санасын сан-саққа тартқан тарихи-та­нымдық еңбектерді топтас­тырып, ізденіс жұмыстарын ғы­­лыми тұрғыда талқылай жүр­гі­зіп, бір арнаға тоғыстырса ғой дейсің! Ескерткіштердің де, тұрмыстық қолданыста бол­ған алаша, текемет, бау-бас­құр, өзге де бұйымдардың ою-өр­нектері, нақыш-мәнері өз сырын бүгінге дейін жеткілікті ашқан жоқ. Сондықтан ұрпаққа ұлттық дәстүрді насихаттайтын, рухани орындар көп­шіліктің қызығушылығын тудыратын анық. Кейбір дәстүрлердің бүгінгі кезеңде күнделікті тұр­мыс­та қажеттілігі болмауы да мүмкін. Бірақ оларды халық жадында жаңғырту ескі күнге оралуды көксеу емес, кім екенімізді танып, кешегіні қастерлеу.

Сондай-ақ Маңғыстауда жас­тар үшін арнайы орталықтар кем­шін. Жастың бәрін театр­дан табамыз деу қате және Ақтау қаласындағы «Арман» жас­тар орталығының ауқымы тар. Ол жастар саясатына сай өз жұмысын атқарып отыр, бі­рақ облыс жастарының бос уа­қы­­тын тиімді өткізуіне, белгілі бір нәрсемен ай­налысуына мүм­кіндік жоқ. Ізде­немін деген­ жастарға ізде­ге­нін тауып, ұлттық-тарихи жә­не заманауи бағ­дар беріп, қанат­тан­дырып отыратын рухани ор­даның болғаны дұрыс деп есеп­тейміз.

Маңғыстаулықтар үшін қажетті нәрсенің тағы бірі – мүгедек балаларға арналған мемлекеттік деңгейдегі орталық. Жеке кәсіп­кер­лік бағыттағы орындар бол­ғанмен, Астанадағы «Ана мен бала» орталығы секілді ке­шен­ді, әрі кең көлемді емдеу, оңалту жұ­мыстарын жүргізетін, пси­хо­логиялық көмек беретін ма­ман­­дандырылған мекеме қажет-ақ. Қазір балалар арасында аутизм, дауна, ДЦП сынды сырқат түр­лері көп. Оларды емдету үшін немесе уақытымен ем қа­былдап тұру үшін ата-аналарға Ас­тана, Алматы қалаларына бару мәжбүрлігі туындайды. Науқас баламен жол жүру, қаржылық жағдай дегендей, аталмыш орынға бір барудан бірнеше мәсе­ле атойлап шыға келетіні бел­гілі. Маңғыстаудан мүгедек балаларға арналған оңалту, емдеу орталығы ашылса, Ақтаудың өзін алыс көретін ауылдық жерлердегі ата-аналар үшін ауру балаларын Астана мен Алматыға апару арман күйінде қалмас еді.

Экологиялық тұрғыда сөз қоз­ғағанда Каспий теңізінен аттап кете алмаймыз. Теңіздің фло­расы мен фаунасы, оған сырт­қы күш­тер­дің әсері, су асты ағын­да­ры, теңіз болашағын қауіп­сіз­ден­­діру бағытындағы ғылыми-зерт­теу орталығы Ақтау түгілі, рес­п­убликаның маңдайына біт­пей келе жатқан бақ.

Мемлекет басшысының бұ­қа­ралық спортты дамыту және са­лау­атты өмір салтын насихаттау тап­сырмалары негізінде соңғы жылдары өңірде спорттық кешендер көптеп ашылды. Әрбір кешеннің ауласына шоғырланған көліктерге қарап, «осы кешендер ашылғанға дейін халық қайда барып, немен айналысқан?» деп ойлайсың, жаттығып жүрген жастарды көріп қуанасың. Жоғарыда айтылған рухани және медициналық бағыттағы орт­а­лықтардың да осын­шалықты қажет екені белгілі. Ақтау­дың көр­кін асырған әдемі ғи­ма­рат­тарда орналасқан орта­лық­тарда тұрғындар өзіне қажетті қызмет түрлерін тауып жатса дейсің...

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2018

Биылғы «Бозторғай» байқауына 800-ден аса бала қатысады

28.05.2018

Қазақ Ұлттық университетінде «Түлектер күні» тойланды

28.05.2018

Зейнетақы қоры Telegram-бот қызметін іске қосты

28.05.2018

«Бозторғай» байқауы Халықаралық фестивальдер мен конкурстары дүниежүзілік Федерациясына енді

28.05.2018

Павлодарда «Жасыл ел» еңбек жасағының ХIV маусымы басталды

28.05.2018

Қарағандыда қоғамдық кеңес құрылды

28.05.2018

Маңғыстауда цифрландыру жұмыстары қалай жүруде?

28.05.2018

Кәсіпкерлерге қысастық жасалып отыр

28.05.2018

Құтқарушыларды қолдау қажет

28.05.2018

Балалар туризмін дамыту өзекті

28.05.2018

Темір жол тасымалына жолаушылардың көңілі толмайды

28.05.2018

Заң жобаларының сапасын арттыру жолы ұсынылды

28.05.2018

Қостанай облысында мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып жатыр

28.05.2018

Павлодар мен Уфа арасы жақындай түсті

28.05.2018

Қарағанды облысында төртем дүниеге келді

28.05.2018

Этноойындар олимпиадасы елімізде өтуі мүмкін

28.05.2018

Қазақ философиясының бес томдығы жарыққа шықты

28.05.2018

Бэйлдің бенефисіне айналған финал

28.05.2018

«Арландар» WSB финалына шықты

28.05.2018

УЕФА Суперкубогы Алматыда өтпейтін болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Қатер қайдан демеңіз...

Алыс болашағымыз түгілі, бүгінгіміздің өзі бұлыңғырланған мына заманда қатер қайдан дейтін емес. Дуалы ауыз сарап­шылардың айтуынша, таяу болашақтағы екі-үш жыл жаһандық экономика үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік саясат пен халықаралық жағдай үшін д­е аса­ қауіпті сын-қатерлерге толы болға­лы тұр. 

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу