Аймақтар • 13 Ақпан, 2018

Атырауда «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Мақат ауданында «Рухани жаңғыру» жобасының өңірлік кіші кеңсесі ашылды.

Атырауда «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылды

Кеңсе басшысы Ә.Қаржауова мұнда Елбасы бағдарламасының жүзеге асуын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетінін айтады. Аудандық балалар кітапханасында орналасқан кеңсе интернет жүйесімен, қажетті техникалық құралдармен қамтылған. Мәдениет, білім беру, кәсіпкерлік, спорт бөлімдерінің мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының өкілдері өзара күш біріктіре отырып, жұмыс жасауды қолға алып отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мақат ауданында өткен жылы «Атамекен» саябағы мен «Адай ата» тас жолы салынып, ел игілігіне берілді, еркін күрестен Т.Құсайынов атындағы республикалық турнир өтті. Ал биыл мамыр айында «Жеңіс» саябағы  ашылады. Жоспарланған басқа да мәдени-көпшілік, спорттық шаралардың қатары көп.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»