13 Ақпан, 2018

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы Данияр Ақышывтың онлайн-конференциясы

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 ақпан күні (басталуы 10:00) Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ) төрағасы Данияр Ақышев онлайн-режімде конференция өткізеді. 

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы Данияр Ақышывтың онлайн-конференциясы

Үш сағат бойы онлайн-режімде қазақстандықтар Ұлттық банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласында өз құқықтарын қорғауға қатысты және көптеген өзге де мәселелер бойынша сұрақтарға жауап ала алады. 

Сұрақтарды «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасындағы «ҚҰБ төрағасы Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы» арнайы бөлімі; ақпараттық әріптес - «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің сайты; сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің Facebook (www.facebook.com/ulttykbanki/ және www.facebook.com/nationalbankkz/) және Instagram (https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдауға болады. 

Егер Сіз әлі «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының пайдаланушысы болмасаңыз, оның App Store және Play Market дүкендерінде тиісінше iOS және Android платформаларында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүктеп алсаңыздар болады.