Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Егемен Қазақстан
15.02.2018 2625
2

Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін салушы әрі президенті Клаус Шваб та өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция» атты еңбегінде блокчейннің жаңа­шыл­дық алып келетін түбегейлі өзге­рістердің бірі екенін айтады. Давос­тағы форумға келген ақпарат пен коммуникация саласының мыңға жуық жетекшілері мен сарап­шылары қатысқан сауалдамада рес­понденттердің 73 пайызы 2025 жыл­ға қарай блокчейннің барлық салада жүзеге асырылатынына шүбә кел­тірмейді. Болжам бойынша, бүкіләлемдік ішкі жалпы өнімнің 10 пайызы блокчейн технологиясымен жиналмақ. Блокчейннің негізі бол­ған Bitcoin валютасының жалпы құ­ны қазір 20 миллиард долларға жа­қындады. Яғни 80 триллион доллар бо­ла­тын бүкіләлемдік ІЖӨ-нің 0,025 пай­ызын құрайды.

Сарапшылардың айтуынша, блокчейн мемлекеттерге мүмкіндіктермен бірге түрлі сын-қатер де алып келуі ықтимал. Бұл бір жағынан орталық банк арқылы реттелмейтін һәм бақылауға бағынбайтын бөлек жүйе. Сондықтан монетарлық саясатты қадағалау қиынға соғуы мүмкін. Екіншіден, блокчейн салық салудың жаңа тетіктерін енгізуге мүмкіндік береді. Мәселен, банктің ақпарат жүйесінде тіркеуді талап ететін аздаған транзакциялар да салық жүйесіне енгізіледі. Десе де, блокчейннің ор­та­лық банк қызметі мен монетарлық сая­­сатта, жемқорлықпен күресте, са­лық жүйесінде, үкіметтің рөлінде қан­дай тиімділік беретіні туралы мамандар әлі ашып айта қойған жоқ.

Атауында тұрғандай, блокчейн – блоктардың тізбегі деп түсіндіріледі. Блок – криптографиялық формада ұсынылатын жүйенің ішкі келісімдері мен мәмілелері, транзакциялар туралы мәліметтер. Блокчейннің барлық мәліметі жинақталады және үнемі қосымша мәліметтер базасын қалыптастырады. Бұл базадан ештеңені ауыстыру немесе өшіру мүмкін емес. Сондай-ақ шексіз болғандығы соншалық, транзакциялар саны да өлшеусіз жазыла береді.

Әрине, еліміздің нарығында жаңа жүйені қолданудан бұрын, жай-жапсарына үңілу басым. Былтыр қараша айында құрылған «Қазақстан блокчейн және криптовалюта қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Есет Бутин жыл басында елімізде криптовалюта мен блокчейн туралы заң жобасын қабылдау керектігін жеткізді. Ол бұл үдеріс созыла берсе еліміздегі қаржы жүйесі ағынындағы мәселелерді реттеуге кері әсерін тигізетінін айтады. Қазақстандық азаматтар қазіргі кезде кең ауқымда болмаса да Ресей, АҚШ, Оңтүсті+к Корея елдерінің нарығына кетіп жатыр. Өйткені адамдар криптовалюта сатып алмай тұрмайды, соған сәйкес Қазақстанның қаржысы сыртқа шығарылады. Осы орайда долларға емес, теңгеге сатып алу мүмкіндігін беретін айырбастау орындары, биржалар, криптовалюталық алаңдар құруды қадағалауды реттеу бойынша ереже түзу өте өзекті екені белгілі. Мұның бәрі түптің-түбінде адамдарға табыс табуға мүмкіндік береді. Әрине, соған сәйкес заң қабылдау бір жылдың шаруасы емес. Бұл тарапта Ұлттық банк, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері тарапынан бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуі маңызды. Биыл қаржы мамандары арасында осы бағыттағы талқылаулар болмақ. Ал Ресей Федерациясы аталған бағыттағы заң жобасын әзірлеп, жаз айларында қабылдауды жоспарлап отыр. Былтыр криптовалюталық нарыққа жасалған хакерлік шабуылдардың көптігі бірқатар жобалардың құпиялылық деңгейін төмендетті. Касперский зертханасының мәліметінше, алаяқтық істерден блокчейннің 15 ірі жобасы 300 миллион доллардан астам шығын шеккен. Хайппен байланысты көптеген қауіп нарыққа шығатын қазақстандық жобаларды да айналып өтпейді...

Ең бастысы, блокчейн – қаржы­лық институттарды делдалдық қыз­ме­ті­нен айырады. Қаржы операция­лары сақталған әлемдік есеп-қисап­ты алдымызға тартуы мүмкін. Қа­ты­сушылар құқын теңестіріп, мәлі­мет­терді тікелей алмасуға жол ашады. Жаңа технологияның әлеуеті қар­жы секторынан өзге заң мен құ­қық, басқару, жылжымайтын мүлік, қайы­рым­дылық, тіпті шығармашылық са­ла­­сында да орасан. Қазір осы бағыт­тар­да түрлі стартаптар қолға алынды. Бұл блокчейннің біздің өмір сүру сал­тымызға біраз өзгерістерімен келе жат­қанын көрсетеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2018

Арқалықта қуатты, заманауи ет комбинаты жұмысын бастады

22.11.2018

Жеке куәлікті саусақ таңбасы алмастыратын болады

22.11.2018

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

22.11.2018

Жамбыл облысында жылқы ұралағандар ұсталды

22.11.2018

Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды

22.11.2018

Алматының ірі жылу магистралінде апат болды

22.11.2018

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

22.11.2018

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

22.11.2018

Елбасы мақаласы шетелдік БАҚ назарында

22.11.2018

Тарихи сана тұғыры – ұлттық болмыс

22.11.2018

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

22.11.2018

Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

22.11.2018

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

22.11.2018

Қалдықтар да кәдеге жарайды

22.11.2018

Зиялы қауым өкілдері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы не дейді?

22.11.2018

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

22.11.2018

Дулат Исабеков: Қазақ баспасөзінің көшбасшысы – «Егеменге» жазылыңыз!

22.11.2018

Астана Операда «Күміс ғасыр балеттері» көрсетіледі

22.11.2018

«Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды

22.11.2018

Балалар Барнаулға неге барады?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

Elbasy Nursultan Nazarbaev bıylǵy jylǵy halyqqa Joldaýynda úkimet múshelerine qaratyp, «Bizde árqıly baǵdarlamalar qabyldanyp jatyr. Indýstrıalyq baǵdarlama, ınfraqurylymdyq baǵdarlama, sondaı-aq, áleýmettik máselelerdi qamtyǵan kóptegen baǵdarlama bar.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу