Өндіріс өрісі кеңейіп келеді

Кеше Инвестициялар және даму министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Онда былтырғы жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жүктелген негізгі міндеттерді орындаудың бағыттары айтылды.

Егемен Қазақстан
15.02.2018 12217
2

Алқалы жиында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өткен жылғы жұмыстың нәтижелерімен бөлісті. Бұл ретте министр индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың арқасында 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 5,1 пайызға өскенін атап өтті.

«Негізінен өндіріс көлемінің өсімі металлургия, азық-түлік өндірісі, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі есебінен артып отыр. 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 10,3 пайызға өсті. Ал 11 айында өңделген өнім экспорты 22,1 пайызға артып, 14 млрд АҚШ долларын құрады», деді Ж.Қасымбек. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция 4,7 пайызға өскенін тілге тиек етті.

2017 жылы Индустрияландыру картасы аясында 1,5 трлн теңгенің 120 жобасы іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Биыл жалпы сомасы 1 трлн теңге болатын 150-ден астам жобаны іске қосып, 15 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2018 жылғы Жолдауда жүктелген тапсырмаларға сәйкес, инновация және өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жаңа жаһандық технологиялық үрдістерді ескере отырып, жыл аяғына дейін «цифрлы дәуір» өнеркәсібінің қалыптасуына бағытталған Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасы әзірленбек.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл инвестиция тарту жұмысы күшейтілетін болады. Жалпы, индустрияландыру жылдарында (8 жыл) өңдеу секторына 28 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. 2017 жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібінің тікелей шетелдік инвестициядағы үлесі 24 пайызға дейін өсті», деді Ж.Қасымбек. Министрдің мәліметінше, бү­гінде Қазақстан ірі экспорттаушы елдер арасында 53-ші орынды иеленеді. Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің өнімі 122 елге экспортталады.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2017 жылдың қоры­тын­дысы бойынша «Нұрлы жол» бағдарла­масы арқылы 602 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жаңғыртыл­ған. 2018 жылы республикалық маңызы бар 528 шақырым автожолды реконструкциялау жоспарланып отыр. Жиында «Нұрлы жол» бағдарламасының нәтижелері туралы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр баяндады. Оның айтуынша, биыл 23 жобаны іске асыру жалғасады және республикалық маңызы бар 4,2 мың шақырым автожол реконструкцияланады. Реконструкциядан өткен 528 шақырым автожол қозғалысын ашу жоспарланып отыр.

«Республикалық автожолдардың техникалық жағдайын қамтамасыз ету үшін биыл 179 км жол учаскесін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның 104 шақырымы және 32 көпір (өтпе жолдар, жерүсті жүргінші жолдары және құбырлар) пайдалануға берілмек. Бұ­ған қоса, орташа жөндеу 1,544 шақырым жол­ды қамтитын болады, оның ішінде 644 шақы­рым жол салқын ресайклингтеу технологиясын қол­дану арқылы жөнделеді», деп атап өтті Р.Скляр.

Биыл жол саласындағы бірінші концессиялық жоба – Алматының үлкен айналма автомобиль жолының құрылысы басталады. Қазіргі уақытта «Алсим Аларко-Макийол-СК-Корея Экспресс Вэй» консорциумымен келісімшартқа қол қойылды. Құрылыс жұмыстарын бірінші жартыжылдықта бастау жоспарланып отыр. Жылдың екінші тоқсанында Астана – Теміртау (132 шақырым), Алматы – Қапшағай (42 км) және Алматы – Қорғас (295 км) учаскелерінде жалпы ұзақтығы 469 км болатын автожол учас­ке­лер­ін­де ақы алу жүйесін сынақтан өткізу көзделуде.

«Бұдан бөлек, 5,5 мың км, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойынша мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігі арқылы инвестор есебінен жос­парланып отырған ақы алу жүйесін орнату үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде», деді бірінші вице министр. Сондай-ақ ол Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында жергілікті желідегі жолдарды жөндеу мен қайта құруды қаржыландыруды ұлғайту жөнінде министрлік өңір әкімдіктерімен бірлесе отырып кешенді шаралар әзірлегенін, осы мақсатта биыл республикалық және жергілікті бюджеттерден паритеттік негізде қосымша 60 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын, бұл шараларға 4 мың шақырымнан астам жол жөнделетінін жеткізді. Осылайша 2025 жылға қарай жергілікті желінің 85 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетпек.

Алқалы жиында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда да министрлік ауқымды жұмыс атқарып жатқаны айтылды. Мәселен, 2017 жылғы тұрғын үй құрылысы жалпы ауданының физикалық көлем индексі 106,2%-ды құраған. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 100,8 мыңнан астам отбасы баспа­налы болған. Жиында бұл тақырыптағы әңгімені Инвестициялар және даму вице-ми­нистрі Қайыр­бек Өскенбаев жалғастырды. Оның айтуын­ша, құрылыс материалдары өндірісі­нің көле­мі 2016 жылмен салыстырғанда 3,7 па­йызға өсіп, 440 млрд теңгеден астам соманы құраған.

Жиында сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев темір жол тасымалының тыныс-тіршілігін баяндады. Отырысқа орталық мемлекеттік орган басшылары, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, «Бәйтерек» ҰБХ өкілдері, министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің индустриялық-инновациялық мәселелер жөніндегі орынбасарлары, министрлікке бағынысты аумақтық бөлімшелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.

 

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу