Қазақстан • 15 Ақпан, 2018

Жағымды аймаққа бет бұру

571 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

2017 жылы кредиттеу нарығы қалпына келу белгілерін көрсете бастады. Ұзақ тоқырау кезеңінен кейін кредиттеу жағымды аймаққа қарай бұрылды. Алайда  кредит нарығы дамуының статистикалық көрсеткіштері банк секторындағы құрылымдық өзгерістердің қысымында болды және кредиттеуде орын алып жатқан сапалық өзгерістерді толық көрсетпейді. Тұтастай алғанда, кредиттеу нарығының қалпына келуі банктердің, сол сияқты қарыз алушылардың жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуін көрсетіп отыр.

Жағымды аймаққа бет бұру

Үрдісті ауыстыру

Банктердің 2016 жылы эко­номикаға кредит беруінің тө­мен­детілген үрдісі 2017 жылы өсу­мен ауысты. Бұл ретте осы екі жыл­дың үрдістері арасындағы ерек­шелік 2016 жылдың ортасында байқалған өсудің банктердің кре­дит­тік белсенділігінің нәтижесі емес, ұлттық валютаның екі есе­ге жуық құнсыздануынан кей­ін валюталық кредиттерді ай­тарл­ық­тай қайта бағалау нәтижесі бо­лып табылады. 2017 жылы өсу ба­рынша сапалы болды және ол банк­тердің экономикаға кредит беру процесін қайта бастауымен байланысты орын алды.

Соған қарамастан, 2017 жыл­дың соңында кредиттік бел­сен­­ділік көрсет­кіштері айтар­лық­тай баяулап, 2017 жыл­дың қорытындылары бойынша кре­дит­тік портфель 12,7 трлн теңге дең­гейінде сақталып, нөлдік өсу­ді көрсетті. (1-сурет)

Банк секторының құры­лым­дық өзге­рі­с­­тері банк секторы лан­дшафтының өз­геруін, сол си­яқты банктердің кредит­тік портфельдерінің жай-күйін ай­қын­­дады. Казкоммерцбанкті қа­лыпқа кел­тіру жөніндегі іс-шаралар өткізілді, нәтижесінде банктің БТА Банкке талаптары Проблемалы кредиттер қорына берілді. Bank RBK проблемалы қарыздары «Арнайы қаржы компаниясы ДСФК» ЖШС-ға 600 млрд теңге мөлшерінде берілді. Дельтабанктің лицен­зия­сы қайтарып алынды, соның нәтижесінде оның 271 млрд тең­геге жуық мөлшердегі кредиттік пор­тфелі банк жүйесінің көр­сет­кіштерінде есепке алынуын тоқтатты. Казкоммерцбанк, Bank RBK және Дельта банктің көр­сеткіштерін ескермегенде қал­ған банктер кредиттерінің жи­ынтық өсуі 2017 жылы 10,8%-ды құрады.

Сонымен қатар бірқатар басқа банктер бірігу және қосылу жөніндегі мәмілелер туралы жариялады, іс жүзінде мәмілелер өткі­зілмесе де, бұл банктердің ресурстары келіссөздерге, осындай мәмілелердің болашағын баға­лауға кредиттеуге зиян келті­ре отырып ауысты.

Банктердің кредиттік порт­фель­дерінің сапалық сипаттамалары тұр­ғысынан алғанда, 2016 жылдың соңында валюталық кре­диттерді қайта бағалау әсері то­лық аяқталғаннан кейін тең­ге­мен кредиттеудің қайта бас­талуы маңызды жағдай болып та­былады. Банктердің кре­дит­тік портфелінің дәл осындай өсуін «саламатты» деп атауға болады. 2017 жылы кредиттеу нарығы дамуының басқа ере­к­шелігі ретінде жеке тұлға­лар­дың банктердің жалпы кре­диттік портфелінің өсуіндегі ай­қын­даушы үлесін атауға болады. (2-сурет)

  Бөлшек фактор

Жеке тұлғаларға кредиттер 2017 жылғы наурыздан бас­тап өсуде, жыл қоры­тын­дысы бой­ынша халыққа кредиттер порт­фелі­нің өсуі 12,4% немесе 501,2 млрд теңге болды. Тұ­ты­нушылық кредиттердің үде­мелі үлесі жеке тұлғалардың кре­диттері өсуінің негізгі факторы болып табылады. Жеке тұлғалар кредиттерінің 2/3 құрайтын тұ­тынушылық кредиттер портфелі бір жыл ішінде 15,3%-ға (378,3 млрд теңгеге) ұл­ғай­ды. Ипотекалық кредиттер портфелі (же­ке тұлғалар кре­диттерінің 1/4 бөлігі) 11,7%-ға (немесе 127,6 млрд теңгеге) ұл­ғайды. (3-сурет)

Бөлшек сектордың кредиттік порт­фелінің өсуі кейінге қалды­рылған тұтыну­шы­лық сұранысты іске асыру аясында орын алып отыр, оның төмендеуі 2015-2016 жылдары байқалды. Алайда банктер­дегі бөлшек жағдайдың өсуінің іргелі себептері үрдістің қысқа мерзімді сипатымен дәлелденеді. Номиналдық оң өсуге қарамастан, халықтың кірістері нақты көріністе (жылдық инфляцияны есептемегенде) соңғы екі жыл бойы төмендеуде.

Ипотекалық кредиттердің өсуі, негізінен теңге бөлігі есе­бінен өсуі Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі кредиттік порт­фе­лінің өсуі есебінен орын алуда, оның үлесі 2017 жылдың соңында бүкіл ипотекалық нарықтың 42%-на жетті. Жекелеген банктерде ипотекалық кредиттеудің жандануы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру есебінен ынталандырылады. Шетел валютасында кірісі жоқ тұлғаларға валютада ипотека беруге тыйым салатын реттеуші норманың енгізілуіне байланысты, шетел валютасымен ипотекалық қарыздардың көлемі айтарлықтай төмендеді. Ипотекалық нарықтың өсуі оның мемлекет тарапынан белсенді түрде ынталандырылуына орай 2018 жылы да жалғасуы ықтимал, алайда ол халықтың шектеулі кірістеріне байланысты негізінен елеулі болмайды.

 

Корпоративтік секторды кредиттеу өсуде

Бизнестің кредиттік портфелі 2017 жылы 5,8%-ға немесе 504,2 млрд теңгеге қысқарды. Ол негізінен көрсетілген кезеңнің соңғы 2 айында төмендеді. Бұл Дельта банкті 2017 жылғы 3 қарашадан бастап банктік және өзге операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиясынан айыру нәтижесінде оның кредиттерін банктердің жалпы портфелінен алып тастауға байланысты болды. Дельта банк кредиттерінің 99,8%-ы немесе 271 млрд теңгесі банктік емес заңды тұлғаларға тиесілі болған. Проблемалы кредиттердің көп­ші­лігі (3/4 бөлігінен астамы) заңды тұлғаларға тиесілі Bank RBK проблемалы кредиттерін арнайы қаржы компания-
сына шығару да бизнестің кредитік портфелінің көрсеткіштеріне ықпал етті. Казкоммерцбанкте қайта құрылымдаумен қатар заңды тұлғалардың кредиттік порт­фелінің төмендеуі (2017 жылы шамамен 200 млрд теңге) байқалады. Осыған ба­йлан­ыс­ты бұдан әрі заңды тұлғалардың кре­дит­тік портфелін талдау Bank RBK, Дельта банк және Казкоммерцбанксіз көрсетіледі.

Заңды тұлғалар кредиттерінің осы банктерді есептемегендегі көлемінің өсуі 2017 жылы 8,4% немесе 558,8 млрд теңге болды. Сауда мен байланысты қоспағанда барлық басқа салалар өсудің жағымды аймағында. (4-сурет)

Өнеркәсіпті кредиттеу 20,7%-ға немесе 299 млрд теңгеге өсіп, абсолютті өсу (бизнестің кредиттік портфелінің ¼ бөлігі) бойынша көш бастап тұр. Бұл ретте оның құрылымында негізгі үлесі бір жылда 21,5%-ға немесе 282 млрд теңгеге өскен (бүкіл өнеркәсіптің өсуінің 94,4%-ы) мұнай және газ өндіру сала­сын­дағы кәсіп­орындарға кредиттер құрайды. Бұл мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы ықпал ет­кен осы саладағы кәсіп­орын­дар­дың қаржылық жай-күйінің жақсарғанын көрсетеді.

Сауданы кредиттеу 8,9%-ға немесе 167 млрд теңгеге төмендеді, ал оның үлес салмағы бір жылда 5 п.т.-ға 24%-ға дейін төмендеді. Ауыл шаруашылығын кредиттеу 27%-ға немесе 121 млрд теңгеге ұлғайды (бизнестің бүкіл кредиттік портфелінің 8%-ы немесе 570 млрд теңге).

Жеке қызметтен (98,2% немесе 104,5 млрд теңге), өндірістік емес саладан (8,5% немесе 78 млрд. теңге) және жылжымайтын мүлікпен операциялардан (16% немесе 92,4 млрд теңге) тұратын басқа салалар елеулі үлес қосуда (17,2%-ға немесе 274,6 млрд. теңгеге өсу). Алынған кредиттерді бизнес көбіне айналым қаражатын (заңды тұлға­лар кредиттерінің 45,8%-ы) және негізгі қорларды (12,3%) сатып алуға жұмсаған.

Жалпы алғанда, эконо­миканың нақты секторының әлем­дік және қаржы нарық­та­рындағы қолайлы ахуалдың жағымды әсерінде болуына қарамастан, нақты сектор тарапынан кредиттік ресурстарға деген сұраныстың баяу қалпына келуін атап өтуге болады.

Банк секторының қаржылық орнық­тылы­ғын арттыру бағ­дар­ламасы шең­берін­де іс­кер­лік бел­сенділіктің одан әрі артуына және банктер баланстарының тазар­ты­луына қарай экономиканың қал­пына келу белгілері кредит­теу нарығындағы ахуал­­дың айтарлықтай жақ­са­руына әкеп соғуға тиіс.

Қорытындылай келе, 2017 жылы кредиттеу нарығы айтар­лық­тай ұзақ мер­зімді құл­дырау кезеңінен кейін жағымды жаққа қарай бет бұрғанын атап өткен жөн. Кредиттеу нарығының баяу қалпына келуі банктердің де, қарыз алушылардың да жаңа жағ­дай­ларға бейімделгенін көрсетіп отыр. Алайда, банк жүйесіндегі құрылым­дық реформалар кредит нарығының көрсет­кіштеріне әсер етпей (жағымсыз) қоймады. 2017 жылы басталған экономиканың қайта қалп­ына келуі және банк­тер активтері сапа­сы­ның жақ­саруы 2018 жылы кредиттеу на­ры­ғында жағымды өзгерістер әкелуге тиіс.

 

Шалқар БАЙҚҰЛАҚОВ,

ҚР Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаментінің бас маман-талдаушысы