Парламент • 16 Ақпан, 2018

Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания елшісін қабылдады

334 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Майкл Гиффордты қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания елшісін қабылдады

Бұл тараптардың алғаш­қы кездесуі. Мәжіліс Төраға­сы атап өткендей, Ұлыбри­таниямен жан-жақты және өзара тиімді қаты­настарды нығайту Қазақстанның сырт­қы саясатындағы ең маңыз­ды бағыттардың бірі. Өткен жылы екі ел арасында дипло­ма­тиялық байланыстың орна­ғанына 25 жыл толып, осы уа­қыт ішінде се­німді саяси үн­қатысумен қатар, екіжақты қа­рым-қатынас стра­те­гиялық әріптестік деңгейіне жетті. 

Мәжіліс Төрағасы Ұлы­бри­тания тарапына Қазақстанның маңызды бастамаларына көр­­сеткен қолдауы үшін алғыс біл­діріп, халықаралық деңгей­дегі өзекті мәселелерге назар аударды. 

Біздің еліміз аталған мемле­кетпен түрлі халықаралық құры­лымдар, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясын­да бір­лескен жұмыстар арқы­лы екі­жақты және көпқырлы өзара іс-қимылды нығайтуға ын­талы. 

Осы ретте елші мырза біз­дің еліміздің Орталық Азия­да ал­ғаш­қы болып БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңе­сіне мүше болғанын алға тартып, Қазақстан Президентінің төрағалығымен өткен БҰҰ Қа­уіп­сіздік Кеңесі отырысының маңыз­дылығына тоқталды. 

Тараптар өзара ынты­мақ­тастықты одан әрі нығайтуда, әсі­ресе экономика, білім, ин­но­­ва­циялық технология сала­ларына айрықша көңіл бөлді. 
Осы ретте Н.Нығматулин Ел­басы Жолдауында айтылған 10 міндетке тоқталып, технология және цифрландыру салаларында әріптестікті дамытудың маңызы зор екенін айтты. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, цифрлы экономи­каны күшейту, цифрлы қызметтерді ұсыну, иннова­циялық орталықтарды заң­на­малық қам­тамасыз ету бағы­тында британдық әріп­тестер­дің тәжірибесі қызы­ғушылық тудырады. 

Парламентаралық байланыс мәселесіне келгенде Н.Нығ­матулин қазақстандық парла­­ментшілердің британ­дық әріп­тестерімен ынтымақ­тас­тық жө­ніндегі топтар мен бейінді комитеттер арқылы іссапарлар жасап, тәжірибе ал­масуға, заң-шы­ғар­машылық әріптестікті күшейтуге ынталы екенін жеткізді.
 

Соңғы жаңалықтар