Агроөнеркәсіптің жаңа цифрлы бағыттары

Елбасы биылғы Жолдауында экономиканы цифрлы технологиялар негізінде дамытуды тапсырды. Таяудағы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін арттырудың төрт бағыты анықталды. Аталған министрліктің кеңейтілген алқа отырысында төрт бағытты тиімді іске асырудың басты қадамдары белгіленді. 

 

Егемен Қазақстан
16.02.2018 20815
2

Бірінші – заманауи негізде нүк­телі жер өңдеу. Алқаптардың элект­р­онды карталары, нақты метео­деректер, сенсорлар және дат­чиктер, ғарыш мони­торингі және басқа да шешімдерді пайдалана отырып, дәлме-дәл егін­шілік эле­менттерін енгізу аясын­да агро­құры­лымдарда нақты тех­но­логияларды енгі­зудің эконо­ми­ка­лық моделін әзірлеу, оны суб­си­диялау­дың жаңа жүйесін ен­гізуді жоспарлау, қанатқақты шаруа­шылықтарды анықтап, фер­мер­лерді ауылшаруашылық уни­вер­ситеттерімен, ғылыми-зерт­теу институттарымен және ауыл шаруашылығын цифрландыру, технологиялар әзірлеумен айналысатын әлемдік компаниялармен бірлесе оқыту. 

Екінші – шаруашылықтарда нүктелі жер өңдеу технологиясы­ның эконо­микалық моделін әзір­леп, оларға үйрету және кеңінен тара­ту, ауылшаруашылық техни­касын жедел жаңарту. 2022 жыл­­ға дейін ауылшаруашылық тауар­ өн­діру­шілердің техникаға деген инвестиция көлемін 240 млрд теңгеге дейін жеткізу мақсатында биылдың өзінде 20 млрд теңгеге ұлғайту.

Үшінші – мал шаруашылығын дамыту. Мал басының 57-60 па­йызы үй шаруа­шылығында шо­ғырланған­дық­тан, өнімнің 72 пайызы да осы жерде өнді­рі­леді. Сондықтан ұсақ фермер­лер­дің ірі бордақылау алаңдары бар ша­руа­шы­лық­тармен кооперациясын ын­та­лан­дыру арқылы мал өнімінің сапа­сы мен тауарлық көрсеткіштерін жақсар­тып, ет экспортының көлемін арттыру.

Төртінші – суармалы жерлерді үде­мелі игеру. Қазір суармалы жер көлемі 2,5 млн-нан 1.1 млн гек­тарға қысқарды. Оны шартты түрде алқапқа айналдыратын болсақ, 7,0-8,0 млн гектар жер ай­на­лымнан шыққанын көрсетеді. Егер кем дегенде 1 га суармалы жер­­ден 15 центнер өнім алатын бол­сақ, жыл сайын 1 млн тоннадан ас­там астық алынбайды. Сон­дық­тан 65 мың гектарға су беру­ді қай­­та қал­пы­на келтіруге бағыт­тал­­ған ша­ра­ларды жүзеге асыру жоспар­ланған.

Мамандардың болжауынша, 2020 жылға қарай әлемдік эконо­миканың 25 пайызы мемлекет пен бизнестің, қо­ғам­ның өзара ықпалдаса дамуын қам­тамасыз ететін цифрлы технология­лар­­ды енгізуге көшеді. Ақпараттық тех­­но­л­огиялар, инновациялық идея­лар сәт сайын жаңарып жатқан үрдістен елі­­міз де қалыспай, за­ман­ға сай жұ­мыс атқаруда. Был­тыр желтоқсанда «Цифр­­лы Қазақ­стан» бағдарламасы қа­был­­данып, іске асыруға бюджеттен 384,2 млрд теңге қарастырылды. Қа­зір аг­­рар­лық саланы жандандыру мақ­­са­тын­да аталған бағдарламаны н­егіз­ге алып, «Агроөнеркәсіптік ке­шен­ді да­мытудың 2017-2021 жыл­дарға ар­нал­ған мемлекеттік бағ­дар­ламасы» аясында ауқымды іс-шара жүзеге асырыла бастады. Бірінші кезекте әлемдік на­рық­та экспортқа бағытталған, бә­се­кеге қабілетті, сапалы өнім кө­ле­мін молайту, азық-түлік қауіп­­с­іздігін қамтама­сыз ету мін­деті тұр. Аграрлық секторды «Ақыл­ды технологиялар» ар­қы­лы дамыту қазіргі өзекті мәсе­ле. Мұндағы циф­р­лы технология­лар климаттық өзге­ріс­тер­ді бол­жау, ауылшаруашылық да­қыл­­­дардың өнімділігін, мал басы өсуін бақылау, топырақ құнары мен ылғалын анықтау, ауылшаруашылық жүйесін автоматтандыру, өнімді арақашықтан сату, тауар биржаларымен электронды ке­лі­­сімшарттар жасау, маусымдық жұ­мы­с­тарды орындау сызбаларын жасау, зиянкестерге қарсы шара қолдану, өнім­ділікті ұлғайту, сапасын бақылау, өнім­нің «алқаптан тұтынушыға» дейінгі аралықтағы жүйелерді жеңілдету, алатын өнім көлемін болжау және шығындар мен пайданы есептеу, білікті мамандар тапшылығын азайту агрокешенді жедел дамытуға, тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Дамыған елдер цифрлы жүйелер­ді қол­дану арқылы экономикалық өсімді 80-85 па­йызға арттырып отыр. IТ-техно­ло­гияны өндіріске енгізу шығындарды 20 пайызға азайтады. Қазақстандық фер­мерлер де GPS-жүйелері, мобильді қосым­шалар, жоғары технологиялы дат­чик­тер, алгоритмдер, спутниктік бақы­­лау сияқты технологияларды кеңі­нен қолданысқа енгізуі қажет. Бұл үшін заманауи талапқа сай үздіксіз білім беру жүйесі керек. Осы мақсатта универ­ситет жанында жаңа білімге қол жет­кізуге мүмкіндік беретін ашық курстар, мек­тептер, тұрақты семинарлар өтетін агро­бизнестің және фермерлердің жоғары мектептері жұмыс істейді.

Бүгінге дейін Қазақстанның аграр­лық саласы инвестиция тартуға қызығу­шылық тудырмады. Оған өндірілетін өнімнің көлеміне, сапасына әсер ететін факторлардың көптігі, ауа райына тәуел­ділік, топырақ құнарлылығының тө­мендеуі, тауар айналымының ұзақ­тығы, мал шаруашылығында 3 жылдан ке­йін ғана тауар айналымының бас­талуы, өнім­ді өсіру, жинау, сақтау кезең­де­рін­дегі шығындар, инновациялық тех­но­­ло­­гия­­­ларды уақтылы қолдану мүм­кін­ші­лік­терінің болмауы кері әсер етті. Сала­ның ақпараттық-технологиялық дең­гейін арттырып, инвестиция көлемін ұл­ғайту үшін «Агроөнеркәсіптік кешен­нің цифрлық жүйесі» қорын құру маңызды.

Цифрлы технология фермерлерге озық әдістерді үйренуге, өндірістің бір­ың­ғай стандарттарын қадағалауға қолай­лы жағдай туғызады. Бүгінде Бра­зилия­да ауыл шаруашылығына бар­лық қаржылық құралдардың 20-40 пайыз құнынан бөлісуге келетін аграрлық түбір­тектер кеңінен қолданылуда. Әлем­де азық-түлік өндіруде 2-орында және ірі азық-түлік экспорттаушы мемлекеттер қатарында тұрған Бразилия John Deere зауытының қондырғылары арқылы егістіктің жағдайы туралы ақпараттарды беруге қабілетті. Компанияның егістік алқаптарын түсірген түсірілімдері зерттеу шығынын 90 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Аустралияда сәйкес­тен­діру жүйесі арқылы мал өнімдерін қадағалау мүмкіндігі ұлғайды. Бұл түр­лі аурулар пайда болған кезде әсер ету және таралу қарқынын төмендетуге ық­пал жасайды. Соңғы уақытта бизнес-құрылымдардың да қызығушылығы артып келеді. Мысалы, Швейцарияның Nestle компаниясы заманауи техниканы енгізу және өнімді сақтау бойынша Ба­тыс Африканың 10 мың фермерін оқыт­ты. Нәтижесінде компания сапалы өнім алуға, ал фермерлер жаһандық нарыққа және өнімді жоғары бағада сатуға қол жет­кізді. 2010 жылы әлемде ауыл шаруа­шы­лығы саласында 20 жоғары техно­ло­гиялы компания болса, оларға тартыл­ған инвестиция көлемі 400 мың АҚШ дол­ларын құраған. 2013-2016 жылдары 1300 жаңа технологиялық стартаптар инвес­тицияланып, бүгінде жылына 500 жо­ғары технологиялық стартаптар құры­луда. 2015 жылы әлемдік ауыл шаруа­шы­лығы саласына тартылған инвестиция көлемі 4,6 млрд АҚШ долларына жетті. Агростартап құруда АҚШ, Қытай, Үндістан, Канада, Израиль өте белсенді.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарла­масын­да көрсетілгендей, экономиканың цифрландыру деңгейін анықтайтын The Boston Consulting Group рейтингісі бойынша Қазақстан 85 мемлекеттің арасында 50-ші орынға тұрақтаған. Алдын ала есеп бойынша 2025 жылға қарай цифрлы жүйенің ел экономикасына тікелей әсерінің қосымша құны 1,7-2,2 трлн теңгені құрамақ. Еліміздің цифр­лы экономика құру жолында тех­но­логиялық және психологиялық тос­қауы­лдар тұрғанын түсінеміз. Сон­дық­тан ауылшаруашылық өнімдерді дел­дал­дардың таратуына қарсы тұра­тын шараларды қолға алу қажет. Өнім­дер­ді делдалсыз сату қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін 1,3 есеге көтереді. Алып-сатушылар қатарын қысқарту арқылы сауданың қосымша ақысын 15-20 пайызға төмендетуге болады, бұл өнім бағасын біршама азайтады.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті базасында «Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру орталығы» жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – әкімдіктерге, ауыл­дық кәсіпкерлерге «онлайн» ре­жім­де консалтингтік қызмет көрсету, білім саласы қызметкерлеріне, мектеп дирек­торларына, ата-аналарға, түлек­терге білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсыну негізінде кәсіби бағдарлануға көмектесу, студент, магистрант, докторант және ғалымдарға ауыл шаруашылығы саласының жағдайы туралы қажетті талдау материалдарын орналастыру, әлемдік деңгейдегі бі­лікт­і мамандарды тартуға, идеялар мен жаңа технология­лар­ды енгізуге, озық ин­новациялық тә­жіри­белермен ал­ма­суға бағытталған көп­функциялы плат­формаға айналу.

2017 жылы Азия Даму банкінің, Ми­чи­ган штаты мен Нидерландтағы Дельф университеттерінің қолдауымен Су ре­сурстарын интеграциялық басқару орталығы (Су хабы) құрылды. Бұл үздік инновациялық технологияларды қолдану негізінде проблемаларды кешенді шешумен айналысады. Біз спутник арқылы модельдеудің цифрлы жүйелерімен Астана мен Алматы қалаларын су алу туралы ақпаратты ерте анықтау және жедел әрекет ету шараларын қолдануда қанатқақты жобаларды жүзеге асырудамыз. Жайылым жерлердің 30 пайыздан астамы тозғандықтан, бүгінде республиканың жем-шөп қорының жай-күйін кешенді бағалаудың заманауи жүйесін енгізу мәселесі өзекті. Жер хабы АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, цифрлы алгоритмдік талдау жүйелерін қолдану арқылы жайылымдық жерлердің тозуын бағалау әдістемесін енгізу бойынша жобаны іске асыруда. Былтыр Агрохаб мамандары АҚШ пен Италиядан келген сарапшылардың көмегімен 5 облыста жайылымдардың жай-күйін бағалаған қанатқақты жобаны орындады. Еліміздің барлық жайылым жерлерін бағалау үшін бұл жүйені енгізіп, өзімізге бейімдеу жоспарлануда. Университет базасында 2017 жылдың желтоқсанында Ауыл шаруашылығы министрлігінің 35 қыз­меткері бағалау әдісін практикалық жұ­мыста қолдану үшін америкалық ғалым­дардың әдіснамасына сәйкес оқытылды.

Ең күрделі мәселелердің бірі – фито­санитариялық тәуекелдер. Мысалы, 2011 жылдан бастап бактериялық күйік – жеміс өсімдіктерінің қауіпті ауруы тез таралды. Ауру тіркелгеннен кейінгі таралу ауданы 40 есе өсті. Бұл мәселені шешу үшін Корнель университетінің мамандары жұмылдырылды, олардың көмегімен бактериялық күйікке төзімді селекциялық материалды пайдалана отырып, «вируссыз тәлімбақ» жасау жос­парланған. Карантиндік нысан­дар­дың тізіміне «жатаған у кекіре» арам­шөбі кіреді. Қауіпті арамшөптерді оқша­у­лау және жою үшін тек АҚШ пен Ита­лия­да пайдаланылатын жаңа техноло­гиялар қолданылады. 2017 жылы италиялық жаңа технологиялар және тұрақты рес­урстар жөніндегі агенттік пен АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі ма­ман­дарының қатысуымен жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, арамшөптермен күресудің биологиялық әдістері зерт­телді. Дәнді дақылдардың жағдайы туралы ақпаратты уақтылы алу фермерге тиімді шешім қабылдауға көмектеседі. Мичиган штатының университетімен бірге өсімдіктердің, жануарлардың және қоршаған ортаның жай-күйін тез, нақты талдай алатын мобильді сенсорлық жүйелерді пайдалану жұмыстары жүр­гізілуде. Аталған жолмен алынған деректер осы университеттің ғалымдары әзір­леген алгоритмдерді пайдалана оты­рып, «бұлтты серверде» өңделеді. Олар­дың негізінде фермерлер мобильді қосым­шалар арқылы ұсыныстар қабылдайды. Бұл жүйені бейімдеу жобасы 2018-2019 жылдарға жоспарланған.

Қазақстанда құрғақ кезеңдердің қайталануының жиілігі жоғары, яғни 5 жыл ішінде орташа есеппен 2 жылда құр­ғақшылық орын алады. АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азия Даму банкі, Ислам банкі және ЮНЕСКО-ның қолдауымен құрылған Кли­мат­тық хаб GIS технологиялардың, Су және Жер хабтарымен бірлесе отырып, машиналық талдамаларды өңдеу үшін Ауыл шаруашылығының қазіргі жағ­дайы туралы деректерді жинайды. Ко­лум­бия университеті мен Годдард ор­та­­лы­ғының (NASA) осы хабтың жұ­мы­сы­на қатысуы туралы келіссөздер жүргізілуде.

Еліміздің ауыл шаруашылығын цифр­ландыруға белсенді атсалысып, оң ық­пал жасайтын «Цифрлы АӨК» қанатқақты жобасын жүзеге асыруды ұсы­н­амыз. Қазір Алматы, Жамбыл, Оңтүс­тік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақ­стан, Солтүстік Қазақстан облыста­рын­да Агротехнологиялық хаб өкілдігі құрылуда. Болашақта бұл өкілдіктерді барлық аймақтарда ашуды қолға алдық.

Бүгінде университетіміз еліміздегі аграрлық ғылым, білім және өндірісті шоғырландырған ірі орталыққа айналды. Нақты әрі жүйелі іс-шаралар арқылы университеттің жаңа білім, ғылым, идея­ларды тарататын, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың басты алаңы болуға мүмкіндігі мол деп сеніммен айта аламыз.

Тілектес ЕСПОЛОВ,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры,
ҰҒА академигі
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу