Қаржы • 16 Ақпан, 2018

Бағдарламаға қатысады

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемнің ең үздік он стартап-командасы АХҚО Seedstars және MOST бизнес-инкубаторымен бірлесіп іске қосқан Fintech Stars халықаралық акселерациялық бағдарламасына қатысады. 

Бағдарламаға қатысады

«АХҚО әкімшілігі» АҚ цифрлы технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаеваның айтуы бойын­ша, акселерациялық бағдарлама инно­ва­ция­лық шешімдерді жинақтауды және әлем­дік финтех компаниялардың өзара әре­кеттесуіне арналған платформа жасауды көздейді. 

«Стартап жобалармен жұмыс іс­теу­де зор тәжірибеге ие SeedStars секіл­ді әлемдегі үздік компаниямен бір­ле­сіп Қазақстанда акселерациялық бағ­дар­ла­ма­ны іске қосу, біз­ге қаржы тех­но­ло­гия­лары экожүйесін да­мыту бой­ын­ша белгіленген мақсаттарға қол жет­кі­зуге көмектеседі», деді Ә. Жиен­ба­ева. 
Бағдарлама 10 стартап-жобаны қаржы­лан­дыру мүмкіндігін береді, сондай-ақ кәсіпкерлер өз саласының ең үздік сарапшыларымен бірлесіп өз жобаларымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, оларға бизнес-процестерді қа­лай дұрыс жүзеге асыру және бә­секелік нарықта қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді. Бұл бағдарламаның білім беру бөлігі тиімді әрі сәтті стартап­тар­ды дамытудың басты кілті болып сана­лады.

Seedstars компаниясының өкілі Игорь Овчаренко бағдарлама аяқталғаннан кейін стартаптар, олардың табысты болуы, жедел дамуы мен өсуіне байланыс­ты Seedstars Investor Club-тан, MOST биз­нес-жебеушілер қауымдастығы мен се­­рік­­тестерден 350 мың АҚШ доллары мөл­­шерінде инвестицияларға ие бола ала­тын­дығын атап өтті. 
«Біз өзіміздің Орталық және Шығыс Еуропадағы алғашқы акселерациялық бағдарламаның дәл Қазақстанда іске қосылуына өте қуаныштымыз, өйткені осы жерде АХҚО базасында құқықтық өріс және стартаптарға мемлекет тарапынан қолдаудың болуы тұрғысынан бірегей инфрақұрылым құрылуда. Біз өзіміздің халықаралық тәжірибеміз бен байланыстар желісін пайдалана отырып, акселерациядан өтетін финтех стартаптарды жылдам дамытуға мүмкіндік жасаймыз», – деді И.Овчаренко.

«Бүгінгі таңда MOST кәсіби мен­торлық сараптаманың негізін қалады, қар­жы бағыты бойынша бірлесіп әрекет жа­су үшін әлемнің әр түкпірінен және Қазақстаннан әртүрлі салалардың үз­дік мамандардың басын қосты және осы адамдарды FintechStars жобасына жұ­мылдырды. Акселерациялық бағ­дар­ламасында біз стартаптарға жергілікті сараптама мен менторларды ұсынамыз. Оларды оқыту процесіне қатысып, нетворкинг құрамыз,

тартаптарды қазақстандық на­рықтағы клиенттер мен серіктестерімен таныстырамыз», дейді MOST бизнес-инкубаторының бас директоры Әлім Хамитов.