Тарих • 16 Ақпан, 2018

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде фотокөрме өтті

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық бейнелеу өнері музейінің 30 жылдық мерейтойына орайластырып «Қызыл із» және «Медальдің сырт жағы» атты фотокөрме ұйымдастырылды.  

 

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде фотокөрме өтті

Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанының 29 жылдығына арналған экспо­зицияны қала тұрғындары, жа­­у­ынгер-интернационалис­тер, мектеп оқушылары және Т.Би­гелдинов атындағы әскери мек­теп-интернаттың кадеттері тамашалады.
Көрермендер назарына 200-ден астам жәдігер ұсынылды. Оның ішінде фотосуреттер, ауған соғысы кезіндегі әскери киім-кешектер, наградалар мен ерекшелік белгілері болды. 

«Медальдің сырт жағы» көрмесін безендіру барысын­да авторлардың көп ойлану­ларына тура келіпті. Мәселен, «Бұл фотосуреттерді балаларға көр­сетуге бола ма? Олар көрер­мендер жүрегінде қорқыныш тудырмай ма?», деген сұрақтар туындаған. Ойлана келе, ұйым­дастырушылар болашақта мұн­дай қателіктер қайталанбас үшін жас ұрпақ соғыстың суреттердегі қасіретті ізін, жазылмас жарасын өз көзімен көрулері керек деген тоқтамға келіпті.

Фотограф Дәулет Абдрах­мановтың «Қызыл із» көр­месі жауынгер-интерна­цио­налистердің қазіргі замандағы портреттер галереясын көрермен назарына ұсынды. Әр суретте екі кезең уақыты шендестіріле көрсетілген – алыста қалған 80-ші жылдар және оның аясындағы бүгінгі күн бейнесі. 
Аталған көрме жауынгер-интернационалистердің ерлік істері мен өз міндеттеріне деген адал­дықтарын бүгінгі буын өкілдеріне үлгі қылып көрсетуді мақсат еткен.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»