Аймақтар • 16 Ақпан, 2018

Атырауда алғашқы жел электр стансасы салынып жатыр

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қуаты 52 мегават болатын жел электр стансасы Исатай ауданында орналасады. Оны  іске қосу 2020 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда алғашқы жел электр стансасы салынып жатыр

 Жел стансасын орнату үшін Каспий теңізі жағалауындағы Манаш ауыл маңы таңдалған. Бұл кездейсоқ емес. Зерттеулерге сәйкес, бұл жерде желдің жылдамдығы секундына 10-12 м/с-қа жетеді. Электр стансасының тұрақты жұмыс істеуі үшін 4 м/с жеткілікті.

Барлығы 36 жел турбинасын орнату жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жетеуі орнатылған. Олардың әрқайсысының салмағы шамамен 230 тонна, биіктігі 100 метрден асады.

- Электр стансасы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға арналған бағдарлама негінде жүргізілуде. Жоба жел парктерін салуға, сондай-ақ, «Атыраужарық» АҚ-ның желілеріне қосылатын екі қосалқы стансаның құрылысын салуды көздейді. Жұмысты «ВетроЭнерготехнологии» ЖШС қолға алған. Жобаның құны 12,3 млрд теңге. Бұл станса Атырау облысында өндірілген барлық электр энергиясының 13-14% пайызын құрайды, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаев.

Бақытгүл  Бабаш,

«Егемен  Қазақстан»