Технология • 19 Ақпан, 2018

Инновацияны игеру игіліктері

414 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жол­дауын­да он түрлі маңызды міндет алға қойды. 

Инновацияны игеру игіліктері

Ол Қазақстанның индустрия­сын ең жаңа технологияларды ен­­гізудің көшбасшысына айнал­­ды­ру, өндірістік үдеріс­терді цифр­лан­дыру арқылы өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру, адами капиталдың сапасын арттыру, ресурс­тық әлеуетті тиімді пайдалану, өндіріске ақпараттық тех­но­ло­гиялық шешімдерді батыл енгізу, агроөнеркәсіп кеше­нін жаңа технологиялық дең­гейге көтеру, қаржы сала­сын жетіл­ді­ру, көлік пен логисти­калық ин­ф­ра­құрылымды одан әрі дамыту міндеттерін қамтиды.

Жолдаудың жетінші мін­детінде адам капиталының жаңа сапасы туралы мәселеге көңіл бөлінген. «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет» деген Мемлекет басшысы одан әрі бұл міндетті шешудің жолдарын нақтылай түседі. ЖОО-лардағы педа­гогикалық кафедралар мен факультеттерді одан әрі дамыту қажет­тігі туындап отыр. Білім беру­дің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғы­лымдарын оқыту сапасын арттыру да кезек күттірмейтіні ақиқат.

Сонымен қатар Жолдауда жо­ғары білім беру жүйесіне қа­тыс­ты көптеген жаңа міндеттер ай­қындалып отыр. Мұнда, әсі­ресе ақпараттық технологиялар бойынша білім беруді барынша дамыту, жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олар­дың академиялық еркінді­гін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттігі айтылды. Осы арада оқы­тушылардың қайта даяр­лық­тан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менед­жерлерді тартып, әлемдік уни­верситеттердің кампустарын ашу қажет деді. Осы орайда ҚазИИТУ ғылыми білім кешені, яғни Қазақ­­­стан инновациялық және теле­коммуникациялық жүйе­лер универ­ситетінің жұмысына тоқ­тала кеткенді жөн көрдім.

Академиялық ұтқыр­лық аясында Ресейдің Мәскеу облысындағы «Дубна» табиғат, қоғам және адам халықаралық университетінің магистратура бөлімін бітірген 8 маман уни­вер­ситетімізге келіп орналас­ты. Қазіргі уақытта осы оқу ор­нында біздің жолдамамен 53 жас бакалавриат және магистрлер жатақхана, стипендиямен қам­тылған, ақысыз білім алуда.

Ширек ғасырдан бері мың­да­ған маман дайындаған Қазақ­стан инновациялық және теле­коммуникациялық жүйелер уни­вер­ситеті, Республикалық жо­ға­ры техникалық, Экономика және ақпараттық технологиялар колледждері іргелі оқу орындарына айналды.

Оқу орындарында мамандарды дайындау үшін база­лық жақсы жағдай жасалынға­нын, жаңа деңгейдегі құрал-жабдықтар­мен қамтылғанын, IT технология­сы мүмкіндігі негізінде құрыл­ған Хай-текті, роботтехника лабораториялар, желден энергия алудың ашық алаңын, күн энер­гиясын пайдалану арқылы іске асқан гелиоэлектромобиль жобасын, баламалы энер­гия­ны өндіріске, тұрмысқа пай­да­ланудың лабораториясын айту­ға болады. Университет оқы­ту­­­шылары студенттермен бірге күн сәулесінен қуат алып жү­ре­тін жеңіл автокөлік ойлап шы­ғарды. Есептеу техника­сы және бағдарламалық қамтама­сыз­­дандыру, автоматтандыру, ақ­параттық жүйелер, радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша лаборатория базасы толығып, Батыс Қазақстан об­лыстық телекоммуникация, байланыс мекемелерінде практика өткізу жүйелі қолға алынды.

Осы берілген жүйелі білім, нақты практикалық жұмыс­­тар нәтижесінда өткен жылы Елдос Иман-Мәліков «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы ұйым­­дастырған аймақтық «Идея­лар жәрмеңкесі» атты жобаға қа­тысып, 3 000 000 теңге грант ұтып алды. Таяуда Алматы қа­ла­сын­да студентіміз Нұр­за­да Сақтағанов Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы қоры сти­пен­­диясының иегері атанды. «Биз­нестің жол картасы-2020» бағ­дарламасы аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастыр­ған «Бизнес Кеңесші» жобасы бо­йынша оқыту курсына 10 студент және «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша оқыту курсына қатысқан 21 студент серти­фикатқа ие болды.

Мұның өзі оқу орны сту­дент­терінің инновациялық жаңа­лық­тарды игеруіне, мобильді және мультимедиялық, нано және ғарыш­тық технологияны, робототехниканы, гендік инженерия­ны танып білуіне, болашақтың энер­гиясын ізденуді үйренуіне басым бағыт беретінін көрсетеді.

Қазақстанды озық 30 елдің қа­та­рына қосатын нақты бағыт­тың бірі – ақпараттық тех­но­логиялар индустрия­сы, яғни «Цифрлы Қаза­қ­стан» бағдарламасы. Біз­­дің келешегіміз – цифрлы эко­номика. Технологиялық үрдіс­тің әр қиырынан келіп тү­сіп жатқан ақпаратты дер кезін­­де саралап, соған сәйкес олқы­­лығы мен тәуе­келдерді жедел анық­тап, оңтай­ландыру жолына бағыт­тайтын ақпараттық техно­ло­гия­лардың басымдығы керек. Осыған орай біздің университет ке­ле­шектегі мұратын цифр­лы эко­­н­омикамен тығыз бай­ланыс­ты­­рып, жаңа биз­нес модельдерді та­­­бысты енгізе алатын, лайықты бә­­­­секеге төтей­тін осы саланың бі­­­лік­ті ма­ман­дарын даярлауды бас­­­ты мақсатқа айналдырып отыр.

Оның нақты мысалы, Білім және ғылым министрлігінің ғы­лыми және ғылыми-техника­лық жетістіктерді коммерциялау мақ­сатында «Цифрлы Қазақстан» бағ­дарламасы негізінде «Универ­ситеттегі виртуальды білім беру ор­тасы: оқытушы-профессор құ­ра­мының ақылды жұмыс орны» атты ғылыми жоба бойынша «ҚазИИТУ» ғылыми – білім ке­шенінің құрамында «Транс» ғы­лыми-зерттеу институты респуб­­ликалық конкурстың жеңім­­пазы атанды. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында алын­ған нәти­желер, ғылыми негіз­делген озық технологиялар респуб­ликаның барлық арнаулы орта, жоғары оқу орындарына таратылады деп күтілуде.

Қазіргі жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде – бәсекеге қабі­летті, адамгершілігі мол, білім­ді, қоғамда орны бар, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалып­тастыруда Елбасы Жолдауы бас­ты бағдар болатыны анық.

Ақсерік ӘЙТІМОВ,

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің президенті,

профессор, 

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының  жеңімпазы