Қазақстан • 19 Ақпан, 2018

«Қара алтынның» қазаны ортаймайды

649 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл еліміздің алдына нақты он міндет қойып,  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Оны бүкіл еліміздегі сияқты Өзен мұнайшылары да қызу қолдау үстінде. Жолдауда айтылған негізгі міндеттерден келіп шығатын нәтижелерді сараптай отырып, мүмкіндігінше аз шығын жұмсап, мол өнімге қол жеткізу жолдарын қарастыруда. Жалпы, «қара алтынды» көп өндіріп, қазынаның қара қазанын толықтыруға тырысуда.

«Қара алтынның» қазаны ортаймайды

Жолдауда «Көл-көсір мұ­найдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол бірінші кезекте, «Төртінші өнеркәсіптік рево­люция элементтерін кеңі­нен енгізуге негізделуі тиіс», деп біздің алдымызға үлкен жауап­кершіліктер жүктеп отыр. Шы­нында да, басы бар заттың, аяғы болады. Сондықтан біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Әрине бұл мұнай бүгін-ертең, әлде арғы күні сарқылып қала­ды деген сөз емес. Қазақта «Үш күндігін ойламаған әйел­ден без, үш жылдығын ойла­маған еркектен без» деген сөз бар. Қолда бар мүмкіндіктер­дің бәрін нәтижелі пайдала­на отырып, өндірілетін өнім­нің мөлшерін төмендетпеуге тырысамыз. Өйткені «Төртінші өнеркәсіптік революция» ұс­ы­нып отырған мүмкіндіктер мен талап­тарға және одан келетін қауіп-қатерлерге бейімделуі­міз үшін осы жылдан қалмай шешілуі тиіс нақ­ты міндеттерді Мемлекет бас­шысы алдымызға қойып отыр.

Жалпы, Өзен кен орындары жарты ғасырдан астам уақыттан бері, яғни 1963-1964 жылдардан бастап ел байлығын өндіріп тұр. Сол кездері 489 миллион тоннадай мұнай өндіретін қор ашылған, бүгінге дейін 350 миллион тоннадан астамы өндірілді. Бұл деген сөз, жер астында әлі 123-125 миллион тоннадай қор бар екендігін айғақтайды.

Біздің Өзен және Қараман­дыбас кен орындарын игеру үшін жасалған келісімшартымыз­дың мерзімі 2036 жылға дейін созылады. Демек, әлі жиырма жыл­ға жуық уақыт бар. Әрине оны әрі созу мүмкіндігіне де иеміз. Себебі жер астында әлі алын­­­баған мол мұнай қоры бар. Сол үшін біз өткен 2017 жы­лы жаңа тұжырымдаманы бекіт­кенбіз. Ол бес бағыттан тұра­ды. Бұл – аз шығынмен хи­ми­я­л­ық әдістерді пайдалану, жаңа тех­но­ло­гиялардың тиім­ділі­гін жоға­рылату, жаңа техни­ка­лардың нә­ти­­желілігін іске асыру арқылы өн­ді­­рілетін өнім көлемін арттыруды көздеп отырмыз. Осы жылы алдағы бес жыл­дық­тың, яғни 2018-2022 жыл­дың бюд­жеттік жос­пары осы­ған есеп­телген.

«Өзенмұнайгаз» АҚ іргелі ме­кеме ретінде мұнымен де шектеліп қалмайды. Мұнай өн­діру­ші ретінде Мезазой дәуі­рінде жүрміз. Бұл деген сөз, бұдан 45 мың жыл бұрынғы жер ас­ты қабатынан мұнай шығарып жат­­қанымызды айғақтайды. Мұ­нымен де шектеліп қалғымыз келмейді. 2018-2019 жылдары тағы да барлау ұңғыларын салып, әлі де тереңірек зерттегіміз келеді. Тиісті жобалық-сметалық құ­жат­тарын дайындап бітірдік.

Сонымен қатар қазіргі таң­да соңғы 4-5 жылдан бері өнді­рісті жаңартып, жаңғырту жұмыс­тары жүргізіліп жатыр. Бар­лық құрылғыларымызды электр­мен қамту, жабдықтау жүйе­лерін толығымен ресейлік, еуро­па­­л­­ық әдістерге өткізудеміз. Өйт­­кені өткен ғасырдың 60-70-80-жыл­дарындағы энергия қуат­тын көп талап етіп, көп жұм­сайтын құ­рыл­ғыларды қуатты аз жұмсап, мол өнім өндіретін құрылғыларға ауыстырып, енгізу керек.

Экологиялық мәселелерді шешу бойынша да біраз жұмыс­тар жа­салуда. Көп жылдардан бері мұнай сіңіп, қордаланып қал­ған топырақтарды қайта өң­деу­де­міз. Одан да көптеген нәти­же­ге қол жеткіздік. Ғылыми-зерт­теу инс­титуттарының жетіс­тік­терін тиімді пайдалану әдіс­тері жақ­сы жолға қойылған. Осы орайда, бізбен бірге 5 жылдан бері қоян-қолтық жұмыс істеп жатқан Алматыдағы академик Бектұров атындағы Мұнай және химия институты ғалымдарының сүбелі үлесі бар. Ғалымдардың көмегімен 200 мың тоннадан астам мұнай қалдықтары мен мұнай сіңген топырақтарды қайта өңдеп, тазалап, өндірілген өнім­нің көлемін арттыруда нәти­­желі іс атқарудамыз. Бұл әрі мұ­най кәсіпшіліктерінің айнала­­сын таза ұстауға септігін тигізуде.

Қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» компаниясында 9226 адам еңбек етеді. Оған қоса еншілес, сервис­тік қы­зметтер көрсететін мерді­гер мек­е­­мелеріміз бар. Мысалы, «Өзен­мұнайсервис», «Қазақ газ өңдеу зауыты», «Бұрғылау», «Кезби» секілді жауапкершілігі ше­ктеулі серіктестіктерде жалпы 10 мыңдай адам еңбек етеді. Олар­дың бәрінде өткен жылы жұ­мыс көлемдері толық орын­да­лды. Биылғы жылға да жұмыс көлем­­дерімен толық қамта­ма­сыз еті­леді. Яғни жұмыссыз қалып жат­қан ешбірі жоқ, сондық­тан алаңдаудың қажеті шамал­ы. Әрине шексіз, шетсіз еште­ңе бол­май­ды. Мүмкін жер қой­науын­да­ғы «қара алтынның» қоры да аза­­йып келе жатқан шы­ғар. Дей тұр­­ған­мен, Өзеннің мұ­на­йы сарқы­­ла­ды деуге негіз жоқ. Кен орын­­­­дарын сауық­тыр­сақ, жо­ға­ры­да айт­қан­дай ба­рлау жұмыс­та­рын, зерттеуді нәти­желі жүр­гізсек, Өзен мұ­найы әлі де еселене тү­се­­ді деп есеп­теймін. Қолда бар мүм­­кін­­діктер тиімді жұмсалса, көзде­­ген мақ­са­тымызға, әрине жетеміз.                                   

Мақсат ИБАҒАРОВ,

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас  директорының көлік және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары

АҚТАУ