«Қаракемер» балалар театрында «Алдаркөсенің сиқырлы дүрбісі» миниспектаклі қойылды

...Ақылды балақайлардың зәресін алған алып Диюмен айқасуға бел буған Алдаркөсе әбжіл «Өрмекші адам» мен жүйрік Маккуин және мазасыз Маша қызбен күш біріктіруі мүмкін бе? Әбден мүмкін екен...

Егемен Қазақстан
19.02.2018 6091
2

Әкелер оқыған ертегі кейіпкері мен балалар танымындағы комикс бейнелердің басын қосатын сахналық қойылымнан кейін кішкентай көрермендер осындай ой түйетіні анық. Біз сөз етіп отырған сахналық сюжет М.Әлібектің «Алдаркөсенің сиқырлы дүрбісі» атты ертегісінің желісімен қойылған миниспектакльде көрініс тапқан. Әрі бұл ертегінің алыстағы ауылдың шағын театрында қойылуының өзі бір қызық емес пе? Еңбекшіқазақ ауданындағы Қаракемер ауылындағы балалар театры келушілеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сахна көркін келтіріп отыр осылайша.

«Қаракемер» балалар театрының жетекшісі Жар­қын Барақбаев сахналаған ертегі алғаш Жаңа жыл­дың қарсаңында қойылған еді. Кішкентай кө­рермен көп жиналды. Театр ұжымы қазір көрші ауыл­дың тұрғындарынан өтініш түсіп, ертегіні та­ма­шалауға ниетті балалардың қатары көбей­ген­діктен қойылымды қайталап көрсетуге кірісті.

2015 жылы облыс әкімінің қолдауымен ашылған «Қаракемер» балалар театры ауданға ғана емес, аймаққа белгілі өнер ұжымы. «Жұрт дән риза, әсіресе балалардың қуанышын көрсеңіз... Бастапқыда белгілі өнер майталманы Асқар Наймантаевтың ұстаздық етуімен бір топ талапты балалардың басын қосып театр құрдық. Облыс әкімі қуана қолдады. Қазір кәсіби ұжымға айналдық. Жас режиссер Жарқын Барақбаевтың жетекшілігімен театр репертуары толықты», дейді Қаракемер ауылдық мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекқызы.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

Қоғам жұмыла қарсы тұруы қажет

26.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

26.09.2018

Қазақстанда жасалған өнімдер Мәскеуде «Жыл тағамы» номинациясын иеленді

26.09.2018

Алғашқы медициналық көмектің сапасын арттырмақ

26.09.2018

GGG-дің алдағы жоспарлары қандай?

26.09.2018

Төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

26.09.2018

Әріп танымайтын баладан Африканы сұраған...

26.09.2018

Оқушыларды ағылшын тіліне баулиды

26.09.2018

«Асан» фильмінің актері «Байқоңырда» үздік атанды

26.09.2018

Елордада «Astana Media Week» апталығы басталды

26.09.2018

Басқарма басшысы неге өтірік айтады?

26.09.2018

Қасиетті мекенге қастерлі сезім

26.09.2018

Павлодарда биыл да алқызыл қар жаууы мүмкін

26.09.2018

Ақан сері ескерткішін көшірудің қажеті бар ма?

26.09.2018

Үндістандық компания құс шаруашылығына инвестиция салуға ниетті

26.09.2018

Тау туризмі табысты болады

26.09.2018

Солтүстік Қазақстанда жас ғалымдардың халықаралық симпозиумы өтті

26.09.2018

Тері экспортына шектеу қойылады

26.09.2018

Машина жасаушылар аллеясы ашылды

26.09.2018

Үздіктердің үздігі: қазақстандық газ операторы озықтар рейтингісінен ойып орын алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

Jańa mamandyq jaıy

«Erinbe. Eńbek et, mal tap» degen sózdi Abaıdan keıin ata-analarymyz jıi aıtatyn. Alaıda áleýmettanýshylar eńbek etý men tabysty bolýdyń mazmuny men shynaıylyǵy ózgerdi degendi alǵa tartady. Al eńbektiń formýlasy jumys isteý, kásip ashyp, tabys tabý ekeni belgili. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу