Президент • 19 Ақпан, 2018

Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатысты заң жобасы қаралды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы»»заң жобасы талқыланды. 

Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатысты заң жобасы қаралды

Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы 1988 жылғы негізгі конвенцияны Қазақстан 2003 жылы ратифициялаған болатын.

2005 жылы қазанда Лондонда Халықаралық теңіз ұйымының заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы шарттарды қайта қарау жөніндегі конференциясында Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға хаттамаға қол қойылды.

Хаттама теңіз кемелеріне террорлық шабуылдардың жиілеуіне байланысты халықаралық террор актілерінің алдын алу және болдырмау үшін халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін күшейтуге шақырады.

Құжат Конвенцияға халықаралық теңіздегі кеме қатынасында халықаралық террор актілерін болдырмауға және одан қорғалуына қатысты, сондай-ақ Конвенцияның тиімділігін арттыруға бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейді.

Одан басқа құжатта лауазымды және заңды тұлғалардың қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ қатысушылардың ақпаратты беру саласындағы тығыз ынтымақтастығын реттеу туралы ережелер бар.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.