Президент • 20 Ақпан, 2018

Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

238 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;

2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 9 ақпан № 633

«Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығына 
ТҮСІНДІРМЕ

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығымен «Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) бекітілді.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық маңызды салаларына қатысты Жалпыұлттық жоспар Жолдаудың негізгі он бағыты бойынша 97 іс-шараны іске асыруды көздеп отыр.

Тапсырмаларды іске асыру заң шығару жұмысының айтарлықтай көлемін, оның ішінде білім беру, денсаулықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кәсіпкерлікті ынталандыру, табиғи монополияларды реттеу, жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және т.б. жұмысты жүргізуді талап етеді.

Жалпыұлттық жоспарды іске асыруды қаржыландыру тиісті кезеңге арналған мемлекеттік бюджетте қарастырылған қаражат, сондай-ақ Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес басқа қаражат көздері шегінде жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы

Соңғы жаңалықтар