Президент • 20 Ақпан, 2018

Есеп комитетіне жаңа басшы тағайындалды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды akorda.kz

Есеп комитетіне жаңа басшы тағайындалды

«Наталья Николаевна Годунова Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын», делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар