Қазақстан • 21 Ақпан, 2018

Ерлан Сағадиев: Асығыстыққа жол бермеу қажет

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының талабына сәйкес, бұл жұмыста асығыстыққа жол берілмейді. 

Ерлан Сағадиев: Асығыстыққа жол бермеу қажет

Педагог мамандармен ақылдасып, талқылап, ұсыныс-пікірлерін жинап алған соң, жаңа әліпбиді енгізудің дайындығына кірісіп, ең тиімді жолы айқындалатын болады. Жоспар бойынша, алдымен педагогтардың өзін дайындап, 0-ші сыныптан бастап енгіземіз. Оған екі жыл қажет. Жан-жақты ақыл­дасып, қарастыра отырып, сосын графикаға апробация жасап, жаңа әліпбиді дайындаймыз. Одан кейін сараптамадан өткіземіз. Сосын мұғалімдермен, мектеп басшыларымен, сарапшылармен кеңінен талқылауымыз қажет. Сөй­тіп нақты бір кестені қабыл­дап, латын графикасын асықпай енгізуіміз керек. 

Әрине асығыстыққа жол бе­рілмеуге тиіс. Алайда бір рет бас­тап кеткеннен кейін тоқтауға бол­­майды, латынға толығы­мен көшуіміз керек. Сондықтан қазірден бастап барлық мәсе­ле­лерді ескерген жөн. Өз басым жаңа нұсқа тиімді деп санаймын. Жаңа әліпбимен жазылатын оқулықтарға нақты қанша уақыт керектігін дәл қазір кесіп айту қиын. Бұл ел болашағын айқындайтын маңызды мәселе бол­ғандықтан, байыппен атқа­р­ғанымыз жөн деп ойлаймын.

Ерлан САҒАДИЕВ,
Білім және ғылым министрі