Балаларға күш көрсету тыйылмай тұр

Бұл ретте Қазақстанның Орталық Азия­да балалар ара­сындағы суицид жағдайын азайтуға бірінші болып қадам жа­­са­ғанын айтуға болады. Нә­ти­­жесінде қанат­қақты жоба бой­ынша Қызылорда өңірінде балалардың өзіне қол жұм­сау­ы 3 жылда 4 есеге азайды. Осы жұ­мыс­тар ая­сын­да елорда әкімдігі ал­ғаш рет ЮНИСЕФ-пен, Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл кеңсесімен «Ба­лалармен тату қала» құруға құмбыл еке­нін біл­діріп, меморандумға қол қой­ды.

Егемен Қазақстан
22.02.2018 8274
2

«Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, байқамай шет сөйлесең көп ішінде өлер» демей ме бабалар?! Бұла шағында көңіліне қажыр, көзіне от, көкірегіне сес егер саумал қуанышын сарқып, сәби санасын сарсаңға салар сырқат тәрбие соңғы кезде қарқын алып тұрған сияқты ма, қалай?.. Яки балаларға күш көрсету неліктен тыйылмай отыр?

БҰҰ Балалар құқығы туралы конвенциясының 19-бабына сәйкес, балаларға күш көрсету дегеніміз – физикалық, психологиялық күштеу, мазақтау, қиянат жасау, қамқорлықтың жоқтығы, дөрекі қарым-қатынас, ата-ана, заңды қамқоршы немесе кез келген басқа тұлға тарапынан жасалған жыныстық қиянатты білдіреді. 2010-2016 жылдар аралығында БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге жүргізген зерттеуі бойынша, Қазақстанда балаларға күш қолдану үйде де, мектепте де, интернатта да орын алып жататыны анықталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, күш көрсетуді ересектердің 75 пайызға жуығы отбасында балалардың жүріс-тұрысын қадағалауда ұстау үшін жөн көрсе, ата-аналардың 67 пайызы бала тәрбиесінде қолай көреді. Бұл көрсеткішке зер салсаңыз, қазіргі қоғамдық көзқарастың ортақ белгісі іспетті. Оны әр кезде әр ақпарат көзінде жарияланып жататын жаға ұстатар жаңалықтар да жоққа шығармайды.

Әрине елімізде балаларға ар­налған екі бірдей қауырт желі («111» және «150») жұмыс істейді. Бұл желілер балаларға қатысты зорлық-зом­былықтың түрлі сатысын тіркеп отырады. Дегенмен балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлау, тіркеу мен әрекетке көшу, істің анық-қанығына жету тетіктері әлі жеткілікті дами қойған жоқ. Былтыр ЮНИСЕФ ұйымы жаһандық балаларға қатысты есебінде әлем бойынша 2-4 жас аралығындағы балалардың төрттен үші (300 миллионға жуық) өз үйінде психологиялық қысымға, зерттеу жұмыстары жүргізілген 30-ға жуық елде бір жастағы 10 баланың алтауы күш қолдану жағдайына тап болатынын мәлімдеді.

Әлбетте қарым-қатынастың қа­таң­дығы немесе зорлық-зомбы­лық балалардың жан дүниесі мен ден­саулығына кері әсер етпей қоймайды. Балалық шақта көрген қиянат ұмы­тылмайды. Тіпті есейгенде ол өзін іштей мүжіген сол бір зәбірді сәт сайын есіне алуы, кез келген оқиға ескі жарасын тырнауы мүмкін. Халықаралық ұйымдар ересектер арасындағы жүйке жүйесінің ауытқуы мен жүрек талмасы сияқты аурулардың балалық шақта бастан өткерген психологиялық жарақатпен тығыз байланысы бар екендігін анықтады. Бұл қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың арасына сына қаққанымен қоймай, белгілі бір уақытта қоғамның қызметіне жарауы тиіс адами капиталдың жоғалуына алып келеді. Сондай-ақ денсаулық саласына жұмсалатын шығындарды арттырып, экономикалық тұрғыдан да кері әсерін тигізеді. Сондықтан балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау озық елдердің баса мән беретін өзекті мәселесіне айналып отыр.

Осы орайда жыл басында БҰҰ Балалар қоры елімізде екі бірдей коммуникациялық науқанды бастаған болатын. Бұл балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және заңға тартылған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған. Үш жылға арналған жобаның алғашқы жылында Астана мен Алматы қа­лалары, Шығыс Қазақстан, Қызыл­орда, Маңғыстау және Оңтүстік Қа­зақстан облыстары бойынша іс-шаралар ұйымдастырылса, әрі қарай басқа өңірлер де қамтыла береді. Науқан аясында ЮНИСЕФ Адам құқығы жөніндегі уәкілмен, Балалар құқығы жөніндегі уәкілмен, Бас прокуратурамен, облыстық әкімдіктермен және басқа да мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, бизнес өкілдерімен әріптестік орнатпақ. Коммуникациялық науқан Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылады. «Бұған түрлі іс-шаралар, әлеу­меттік роликтер, БАҚ және әлеу­меттік желілердегі жұмыстар кіре­ді. Мақсатымыз – балаларға зиян кел­тіретін қатал іс-әрекеттерді әшке­релеу, халықты ақпараттандыру. Біз әлеу­меттік талаптардың өзгеруіне ықпал етеміз, яғни балаларға қа­тыс­ты зорлық-зомбылыққа бейжай қара­мауға, адамдардың балалармен ара қа­тынасында, тәрбиелеуінде жаңа дағдыларды дамытуына көмек­те­семіз», дейді ЮНИСЕФ Балалар қорының Қазақстандағы төрағасы Юрий Оксомитный.

Әрине қоғамда ұзақ уақыт бойы қалыптасқан жүріс-тұрыс, әдеттерді тез арада өзгерту мүмкін емес. Десе де, бұл іс-қимыл сәл де болса сеңге қозғау салмақ. Алғашқы науқан жас ата-аналардың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ барлық қоғамдастықты ба­лаларды оқыту мен тәрбиелеу мәсе­лелерінде зорлық-зомбылық әдіс­теріне жол бермеуге, бала тәр­биесіндегі әдістемелерді, талаптар­ды өзгертуге бағытталады. Ал екінші науқан заңға тартылған балаларды қолдауды қалыптастыруға арналған құ­қықтық жүйе мен балаларды қор­ғау саласының мамандарына ба­ғыт­талады.

Статистика бойынша, соңғы он­жылдықта елімізде балалар­дың құқық бұзушылығы 2006 жылғы 8799-дан 2016 жылғы 3343-ке дейін азайған екен. Яғни оң өзгерістер бар. Мәселен, 2016 жылы балалар жасаған қыл­мыстық істің 72 пайызы заң­нама негізінде қаралып, тоқ­татылды. Кәмелетке толмаған сотталушылардың орта есеппен 83 пайызы жазаның баламалы түрін алды. 2017 жылы кәмелетке толмағандардың ісі 3148-ді құрап, алдыңғы жылдан 5,8 пайызға азайды. 2017 жылы 3 мыңнан аса кәмелетке толмағандар қылмыс жасаған. Олардың қатысуымен жасалған қылмыс 2005 жылдан 2014 жылға дейін 22,7 пайызға өсті. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 120-бабымен қаралатын зорлау дерегі 120-дан 130-ға дейін немесе 5,3 пайызға көбейген. Қылмыстық кодекстің 121-бабымен қаралатын жыныстық си­паттағы күш көрсету әрекетт­е­рінің өсімі 112-ден 124-ке дей­ін немесе 9,6 пайызға жетті. Қа­зіргі кезде түзеу орындарында жа­сы кәмелетке толмаған 49 қыл­мыскер болса, оның бірі – қыз бала. Бұл ретте олар түзеу меке­ме­сінен түзеліп шыға ма, әлде бір-бірімен танысып, келешекте қоғам тыныштығына көлеңке түсіретін бұзақы топтардың бірігуіне қолдан жағдай жасаған боламыз ба? Яғни мамандардың айтуынша, мұндай бағыт тәр­би­елеуді емес, жазаны өтеуді ға­на сипаттайтын сияқты. Сол се­бепті заңға тартылған балаларды қайта тәрбиелеу, қоғамға бейімдеудің өзі күш қолданудың алдын алу болмақ. Яғни балаларды оңалту бағдарламасының жоқтығы олардың қайтадан қылмысқа бару қаупін туғызады. Сондықтан осы шара аясында сот төрелігінде балаларға қатысты оңалту мүмкіндігі бар баламалы әдістерді қолдануды қарастыру керек, дейді сарапшылар.

Қазіргі кезде балалардың құ­қы­ғын қорғау мақсатындағы стра­тегиялық құжат түзілуде. Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваның айтуынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алуға байланыс-
ты түрлі салада 5 заң жобасы әзірленіп, қолданыстағы заңнамаға өзгеріс­тер енгізілуде. Сондай-ақ мәжі­ліс­мен БҰҰ Балалар құқығы жө­нін­дегі комитеті халықаралық тәжі­рибелерді ескеріп, жас­өспірімдерге арналған стра­те­гия­лық құжат жасауды ұсын­ға­нын, ел Үкіметі ұсынысты толық қол­дап отырғанын айтады. Бар­лық мән-жай қамтылатын бас­та­маны Жоғарғы сот та қуат­тап отыр және Ішкі істер ми­нис­тр­лігімен тиісті жұмыстар ат­қа­­рылуда. Яғни әлемдік үр­діс­тер­ге сай балаларға әділ сот бо­луы үшін жеткіншектер сотқа ша­қы­рыл­майды, заңға тартылған ба­лалармен жоғары білікті психологтар жұмыс істейді. Нақты айтқанда, тергеушілер, прокурорлар, басқа да сот ісіне қатысушылар балалардан
жауап алуға араласпайды. Сот отырысында істі қарау барысында әрі қарай сақтауға берілетін аудиожазба қолданылады. Бұл қалыптасқан күрделі жағдайдың одан әрі ушығуының алдын алады. Өйткені соңғы жылдары ақыл тоқтатпаған балалардың өзіне қол жұмсау оқиғалары жиіледі. Осыған байланысты Қазақстанда былтыр 167 жағдай тіркелген. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысында суицид оқиғаларының көптеп тіркелуі байқалса, Маң­ғыс­тауда – 1, Қызылордада 5 оқиға тіркелді. Астана мен Алматы қалаларындағы жағдай тұрақты болғанымен, қайғылы оқиғалар ара-тұра орын алып тұрады. Бұл ретте Қазақстанның Орталық Азияда балалар ара­сындағы суи-
цид жағдайын азайтуға бірінші болып қадам жа­сағанын айтуға болады. Нә­ти­­жесінде қанатқақты жоба бой­ынша Қызылорда өңірінде балалардың өзіне қол жұмсауы 3 жылда 4 есеге азайды. Осы жұ­мыс­тар аясында елорда әкімдігі ал­ғаш рет ЮНИСЕФ-пен, Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл кеңсесімен «Балалармен тату қала» құруға құмбыл еке­нін білдіріп, меморандумға қол қой­ды. Алдағы уақытта Аста­на­дағы кәмелетке толма­ған «қыл­мыскерлердің» бос­тан­дығын шек­тегенімен, олар­ға жеке ғи­ма­рат бөлініп, үй жа­ғ-
­­дай­ына жақын тәрбиемен оқу­ына, мамандық алуына жағдай жа­­сау қарастырылып отыр. Тиіс­ті заңнама аясында жүзеге асы­ры­латын жоба бір жылға жос­пар­ланған, қажет деп тапса әрі қарай жалғаса береді. Жобаны іске қосу көптеген мәселелердің шешімін табуға жәрдемдеседі. Соған сәйкес заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіледі. Қазақстанда 2016 жылдың 30 желтоқсанынан бас­тап «Пробация туралы» заң күшіне енгені белгілі. Не­гізгі мақсат – қылмыстық-ат­қару жүйе­сі мекемесінен босаған кү­дік­­тінің немесе айып­талу­шының тәр­тібін түзеу жолында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұлттық кеңсесінің же­тек­шісі Серік Оспанов былтыр бала құқығының бұзылуына бай­ланысты 100-ден аса шағым түс­кенін, оның ішінде алимент берешектерін өтемеу, ата-ана­ларының ажырасуына байла­ныс­ты балалардың тұр­ғы­лық­ты мекенжайының анық­тал­мау­ы, жетім және ата-ана қам­қор­лығынсыз қалған бала­лар­дың білім алуы, мемлекеттік білім грант­ын бөлу сияқты мәселелер ба­сым екенін айтады. Барлығы да тиісті органдардың араласуы­мен шешіліп отырды. Орталық қыз­меткерлері бөбекжайлар мен балалар үйіндегі, жабық ме­ке­мелердегі жағдайларды бақы­лау­ға алып, тиісті мониторинг жүр­гізіп тұрады.

Тағы бір қауіп – интернет. Ғаламтордың әрбір үшінші қолданушысы – балалар. БҰҰ Балалар қорының мәліметінше, күн сайын 175 мың бала бірінші рет интернетке кіреді және жарты секунд сайын олар онлайнда отырады. Әрине бұл бір жағынан балалардың жеке дамуына мүм­кін­діктер бергенімен, екінші жа­ғы­нан айтарлықтай қауіп те тудырады. Себебі Балалар қорының цифр­лы әлемдегі балалардың жағ­­дайына үңілген сараптамасы бой­ынша ересектердің өзі енді-ен­ді түсініп келе жатқан, әлі ше­шімін таппаған түрлі тәуе­кел­дер­ден балаларды қорғау қажет­тігі байқалып отыр.

Таяуда Алматыда өткен бас­қо­суға қатысқан ЮНИСЕФ-тің сая­сат пен зерттеулер жөніндегі ди­ректоры Лоуренс Чендидің пі­кі­рінше, интернеттің оң жағы да бар, мәселен сал ауруымен ауыратын балалар үшін өзінің тұр­ғыластарымен сөйлесуге мүм­кіндік берсе, Конго сияқты дамушы елдердің жас блогері таза судың жоқтығы, санитарлық ахуалдың ушығуы және басқа да қоғамдық мәселелерді бүкіл әлемге жеткізе алады. Дегенмен ғаламтордың көлеңкелі жағы да жоқ емес. Оның ішінде жы­ныс­тық мазмұндағы теріс әре­кет­терге итермелейтін, киберша­буыл­дарға баулитын контенттер, заң­сыз іс-қимылдарға, адам саудасына апаратын қитұрқылықтар молынан кездеседі. Интернетті пайдалануды бақылау қоры АҚШ, Ресей, Канада, Франция, Нидерландтағы URL мекенжай­лардың 92 пайызы балаларды жыныстық тұрғыдан қор­лауға байланысты түзілетінін анық­тады. Криптовалюта мен «кө­леңкелі интернеттегі» жаңа тех­но­логиялар осы іспетті зиян-
ды кон­тенттерге балаларды көптеп тар­туға ықпал етеді. Бұған кө­бі­несе халықтың әлеуметтік тұр­ғыдан осалдау бөлігінің, тұр­мыстық жағдайы төмен отба­сы­лардың балалары душар болып жатады. Сондай-ақ бұл зор­лық-зомбылықтың кеңінен қа­нат жаю-
ына, жүздеген мың балалардың келешегіне кері әсер ететін күшке ие. Нәсілдік, ұлттық тұр­ғыдағы араздықтарды бас­тап беруге де қабілетті вирту­аль­ды кеңістіктен бүгінде жас­тардың 29 пайызы ғана тыс қа­л­ып отыр. Африкалық жас-
тар­­ды қамтитын бұл топ 346 милли­он адамды құрайды. З.Балиева осы­ған орай елімізде «Бола­шақ» қорымен бірге «ақ интернет» кеңістігін құру көз­де­ліп отырғанын айтады. Яғни пор­нография мен құқық­қа қай­шы контенттерсіз 3 мың сайт­­тың онлайн-парағы жасалды, қазақстандық провайдерлер тұ­ты­­ну­шыларға таза өнім беру­ге дайын. Қазір Парламентте бар­лық білім беру мекемелеріне тек «ақ интернетке» қосылуға үн­­дейтін заңнама қаралып жатыр. Бұл заң арқылы ата-аналар да балаларының интернет ке­ңіс­ті­гін пайдалану қауіпсіздігін қа­да­ға­лауға міндеттеледі.

«Егер біз сабырлы, саналы, де­ні сау, бәсекеге қабілетті ұлт бо­луды көздесек, балаларға кез кел­ген физикалық, психикалық, моральдық, экономикалық күш қолдануға жол бермеуіміз қажет», дейді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиева.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Текті төріміз Түркістанды түлетейік!

20.09.2018

Minez adamnyń taǵdyry ma?

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу