Футбол • 22 Ақпан, 2018

Джордже Деспотович: «Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз»

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Спортинг» – «Астана»кездесуінің қарсаңында елордалық команда шабуылшысы Джордже Деспотович журналистерге сұхбат беріп, жауапты матч туралы өз пікірімен бөлісті:

Джордже Деспотович: «Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз»

- Бұл ойын туралы көп ештеңе айтқым келмейді. Ойыншылар бұл ойыннан ләззат алу керек деп ойлаймын. Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз.

- Джордже, Астанадағы ойында команда бірінші таймда жақсы ойнағанмен, екінші таймда осалдық танытты. Команда ертеңгі кездесуге қаншалықты дайын?

- Біз бірінші таймда жақсы ойнағанымызды жасырмаймын. Біз ертеңгі кездесуде тағы бір тарихты жазуға тырысамыз. Оны команда құрамындағы барлық ойыншылар жақсы түсінеді.

- Команданың негізгі шабуылшысы Жуниор Кабананга елордалық клуб сапынан кеткеннен кейін, бапкерлер құрамы алғашқы ойында Сізге сенім артты. Ал Сіздің өзіңізге деген сенімділігіңіз қаншалықты?

- Команда құрамында шабуылда ойнайтын ойыншылар жетерлік. Мен негізгі құрамдағы орыныма әрдайым таласатын боламын. Ертеңгі кездесуде негізгі құрамда кім алаңға шығатынын бапкерлер құрамы шешеді.

 

Ермұхамед Мәулен

«Егемен Қазақстан»