Футбол • 23 Ақпан, 2018

Станимир Стойлов: 4 таймның тек біреуінде ғана осал болдық

248 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

"Спортинг" - "Астана" матчы 3:3 есебімен аяқталды. Ойыннан кейін қос команда бапкерлерінің баспасөз мәслихаты өтті. 

Станимир Стойлов: 4 таймның тек біреуінде ғана осал болдық

- Ең алдымен өз командама ризамын. Біз екінші ойын алдында ешқандай мақсатсыз алаңға шықтық. Алайда, абыроймен өнер көрсетіп, өзіміздің келбетімізді көрсеттік. Бірінші таймда бір-екі мүмкіндігімізді голға айналдырғанымызда онда «Спортингті» тығырыққа тіреуге мүмкіндік болатын еді. Соған қарамастан біздің командамыз Еуропа лигасының плэй-офф сатысында біршама жақсы өнер көрсете алатынын дәлелдеді.

- Бүгінгі ойында кімді үздік деп атар едіңіз? 90 минут бойы белсенді болған Томасовты ма, жоқ әлде таразы басын теңестірген Шомконы ма?

- Мен бір екі ойыншыны белгілегім келіп тұрған жоқ. Гол соққандарды мақтап отырсақ онда өзгелерді елемегеніміз. Марин де, Дима да гол соқты,екеуі де белсенді болды. Ал Абзал жайлы айтар болсам, орталық алаң оның позициясы емес. Дегенмен ол менің айтқандарымды бұлжытпай орындайды. Менің оған тағар еш кінәм жоқ. Ал жалпы командалық ойынды жақсарту үшін барлық жартылай қорғаушылардың деңгейін көтеруіміз керек.

- Бүгін орталық қорғаныста Логвиненконың орнына Постников шықты. Оның себебі неде?

- Аничич пен Постников екеуі бірге көп ойнаған. Бүгін ашық ойын өтіп, қоғанысымызға жылдамдық керек екені анық болды. Сондықтан да, Малыйды емес Постниковты шығардық.

- «Спортингпен» өткен бүгінгі ойын бірінші матч болғанда, қалай ойлайсыз, «Астананың» келесі кезеңге өтетін мүмкіндігі болар ма еді?

- Егер екі матчты 4 таймға бөлетін болсақ, біз соның біреуінде ғана нашар ойнағадық. Қалғанының бәрінде біз қарсыластан кем түспедік. Сол аралықта қарсыласымыз бізге қанжардай қадалған голдар соғып тастады.

- Қазақстан футболында негізгі күшті легионерлер жасайды дегенге келісесіз бе?

- Қазақ футболын толықтай легионерлер көтеріп тұр десек те артық қой. Бірақ, оларсыз біз Еуропа алаңдарында ештеңе істей алмай келеміз. Мысалы Қазақстан Ұлттық құрамасын қараңыз, олар іріктеу турнирлерін 5-себеттен қарайды. Сондықтан да, футболдың шекарасы жоқ. Ол легионер ме, жоқ Қазақстандық футболшы ма, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ал дәл қазір Қазақстанда бұл мәселеден басқа маңызды шаруалар бар. Мысалы жасыл алаңдар соғу керек және балалар футболын дамытқанымыз дұрыс. Ал қалғанының бәрі бос әңгіме.

Ермұхамед Мәулен

Соңғы жаңалықтар