Футбол • 23 Ақпан, 2018

Жорже Жезуш: Біз есеп үшін ойнамадық

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Спортинг» - «Астана» ойынынан кейін қос команда бапкерлерінің баспасөз мәслихаты өтті.

Жорже Жезуш: Біз есеп үшін ойнамадық

- «Астана» командасы жақсы ойнады. Бұл анық. Есеп 3:1 болғанан кейін біздің команда ойнауды қойды. Себебі, екі ойында біз бірдей нәтиже тіркеп, келесі кезеңге өтетінімізді біліп тұрдық. Соның кесірінен біздің футболшылар екі гол жіберіп алды. Футболшым Бруно Фернандеш бүгін керемет матч өткізді. Мен оның өнеріне қол шапалақтадым.  

Бүгін алаңға шыққан Баст Дост жайлы не айтасыз?

- Бүкіл командалық ойынды жақсарта алатын футболшылардың қатарында Бас Дост бар. Ол да өз деңгейінде жақсы ойнады. Жарақатынан айығып келген шабуылшыға бүгін жақсы жаттығу болды ғой деп есептеймін.

- «Астана» сапында өнер көрсеткен Марин Томасов жайлы қандай пікірдесіз? Ол бүгін жүйкеңізді жұқартқан секілді ғой.

- Иә, бұл футболшы өткен жолы да қапталымыздың дал-дұлын шығарған. Жалпы, біз ондай жағдайларға таңқалмаймыз. Қарсылас команданың кез-келгенінде осындай бір ойыншы болады. Белсенділігі тасып тұрған футболшыларды екі адамдап болса да жабу біздің міндет. Бүгін енді біз үшін ойынның есебі маңызды болған жоқ. Сондықтанда, оған арнайы адам салдырып, адымын аштырпайтын әрекет жасамадық.