Тарих оқулықтарының тілі ауыр, деректері қате

Биылғы оқу жылынан бастап жаңа форматқа көшкен 5-7 сыныптарда та­рих пәнінен сабақ беремін. Бұл сыныптардың оқулығында олқы­лық­тар аз емес. Әсіресе, 5-сыныптың «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі та­рихы» пәнін оқушылар меңгере алмай, қиналуда. Ең басты себеп, бағ­дар­лама оқушылардың жас мөлшеріне сай емес. Яғни жүктемені азайтып, оқуды жеңілдетеміз дегеніміз кері әсер етуде.

Егемен Қазақстан
23.02.2018 3936
2

Былтырға дейін «Дүниежүзі тари­хы» пәні 6-сыныптан бастап оқы­ты­латын. Қазір бір жыл ерте жү­руде. Бұ­рынғы оқушы мен қазір­гі оқу­шының ара­сында қандай айыр­ма­шылық бар? Б­ұ­рын қазіргідей интернет, ұялы те­ле­фонның ішіндегі түрлі «тамашалар» болған жоқ. Теледидардың өзінде екі-үш арна ғана болатын. Сондықтан кітап оқып, шаруаға көмектестік. Қолымыз қалт етсе, ойнадық. Жұмыс істеп жүріп те қызық жеріне келіп, үзіліп қалған кітапты ойлап жүретінбіз. Кемінде 10-15 кітапты таңға дейін оқып, тауысқан да шығармыз. Мұның барлығы менің за­­мандастарымның көбіне ортақ, тип­тік жағдай. 

 Біз де «Дүниежүзі тарихын» 6-сынып­тан бастап оқыдық. Бірақ маз­­мұ­ны қазіргіден анағұрлым жеңіл, тілі жатық болатын. Айтайын дегенім, ақ­­параттық технологияны ерте бастан иге­ргені болмаса, бүгінгі балалардың көбі баяғы балалардан артық емес. Тіпті сол технологияның көлеңкелі жағын да күнде көріп жүрміз. Сондықтан бас­тауыштан орта буынға енді келіп жат­қан баланы бірден қиынға салу дұ­рыс емес. Жақсы, бағдарламаны күр­­делендіріп оқыттық делік. Содан қан­­дай нәтиже шықты? Баланың ынта­сын кетірді. Оқыды да, ұмытты. Бі­з­ге сол ма керегі? Әрине, кез келген ақ­па­рат уақыт өте ұмытыла бастайды. Де­генмен, негізгі тұжырымды бі­лім ой­да қалады. Меніңше, тарихты бая­ғы­ша 6-сыныптан оқытса да жет­кі­лікті. 
Сөз басында оқулық сапасыз дедік қой. Енді соған нақты мысалдар кел­тірейін. «Атамұра» баспасынан шық­қан 5-сыныптың «Қазақстан тари­хы» оқулығынан «Қаратаудағы Ш.Уәлиханов атындағы және Тәңір­қаз­ған, Бөріқазған тұрақтары мен Үс­тірт­тегі Шақпақатадан табылған тас құралдары бұдан 1 млн жыл бұ­рын жасалған» деген қате деректі оқи­мыз. Қазақстан тарихының бес том­дық академиялық басылымында да (І том, 77- бет), Ә.Төлеубаев пен Ғ.Іргебаевтың 6-сыныптың «Ежелгі Қазақ­стан тарихы» оқулығында да (17-бет) Ш.Уәлиханов атындағы тұрақтың мустье кезеңіне жататыны дұрыс жа­зыл­ған. Бұл жерде жасайтын бір түй­ін: мектеп оқулығында қате дерек бе­ріл­меуі керек. Бала неге бір деректі екі оқулықтан екі түрлі оқуы тиіс. Демек, Мәжіліс депутаты Б.Тілеухан кө­терген «Миллиард санды Қытай бір оқулықпен оқиды. Біздің елде баламалы оқулықтардың керегі не?» деген пікірге ден қою керек. Мектеп кі­тапханасында пайдаланылмаған та­лай баламалы оқулықтар сіресіп тұр­ғанын көріп жүрміз. Соған қанша қаражат кетті. Қазіргі оқулықтарға сын айтсақ, аудандағылардың да, об­лыстағылардың да айтатындары: «оқу­лық – ресурс, интернеттегі, бі­лім сайт­тарындағы деректерді пай­да­ла­ныңыз». Оқулық ресурс болса, ин­тер­нет­­тегі деректерді пайдалансақ, оқу бағ­дарламасы қайда қалады? 
Оқулықтың тілі де сабақ барысын­да үлкен орын алады. Әсіресе оқу­шы­лар­дың өздері оқып, игеретін жаңа фор­матты оқулықтардың тілінде кедір-бұ­дыр, ғылыми баяндауда жүйесіздік бол­мауы тиіс. Қазақ тілі –сөздердің орын тәртібі қатаң сақталатын тіл. Сөз етіп отырған 5-сыныптың «Қазақ­стан тарихында» «Кейінгі мезолит дәуірінде адамдар микролит-ұзын­ды­ғы 1-2 сантиметрлік тас құрал жа­сау­ды үйренді» деп жазылған (31-бет). Мезолит ерте, орта, кейінгі деп бө­лінген емес. Дұрысына келгенде: «Ме­золит дәуірінің соңында адамдар ұзын­дығы 1-2 сантиметрлік ұсақ тас құ­рал-микролит жасауды үйренді», деп жазылуы керек еді. 

Бұл оқулықтың авторлары – Б.Көмеков, Т.Жұмағанбетов, К.Игілікова есімді ғалымдар. Араб­та­ну­шы, көрнекті тарихшы Болат Кө­ме­ков ақсақалды жаңа форматты кі­­тап­қа салмақ беру үшін қосалқы автор етіп кіргізген болар деген ой туа­ды. Бас­қалай реті жоқ секілді. Егер рас бол­са, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл бі­лімі институтының оқулыққа са­рап­шылық жасағаны жазылған. Рас бол­са дейтініміз, тілі оқушы тұрмақ, мұ­­ғалімнің өзіне ауыр. Тіл маманда­ры оқулық тілінің тұтқырлығын қа­лай бай­қамаған? Өзімнің ойымша, оқу­лықтың сапасыздығына, бірін­ші­ден, жауапсыздық, екіншіден, асы­ғыс­тық себеп болған. 

Бұрынғы оқулықтар да, әрине, кемшіліксіз емес. Әсіресе, 8-сыныптың «Дү­ниежүзі тарихы» баланың пси­хо­ло­гиялық-физиологиялық деңгейіне кел­мейтіндей өте күрделі. Бір ғана мысал: «ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар­д­а­ғы Ресей» деген тақырып 12 беттен тұрады. Соның ішінде 57 хро­но­ло­гиялық, 25 статистикалық дерек кез­деседі. Тағы да қаншама губер­ния­лардың, шайқастардың, тарихи тұл­ғалардың аты, сансыз ведомство ата­уы бар. Жалпы, аталған кітаптағы екі ­тақырыптың бірі сондай. Неге десеңіз, «Дүниежүзі тарихы» ертеректе жылына – 68, кейін 51сағат оқытылды. Ал, бертінде 34 сағатқа қысқарса да, оқылатын материал өзгермеді. Бұған кітап авторларын айыптау да орынсыз сияқты. Өйткені әлем тарихы ауқымды. Олар бағдарламадан асып қайда барады? Дегенмен де алдағы жаңа форматты оқулық түзелер деп үміттенеміз. 

Серік ЗИЯТОВ, 
Бұлан орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі 

Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.12.2018

Түркияда еліміздің тәуелсіздік күні мерекесі тойланды

16.12.2018

Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығына Елбасы көлігі қойылды

16.12.2018

Шымкенттіктер «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмін тамашалады

16.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттің екі ауданында ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

16.12.2018

ШҚО-да тұрғындар үшін басын қатерге тіккен мемлекеттік қызметкер «Құрмет» орденін алды

16.12.2018

Өскеменде жер үсті көпірі жұмыс істей бастады

16.12.2018

Жетісу жұрты Тәуелсіздік күні қоныс тойын тойлады

16.12.2018

Семейде «Абай әлемі» кітап сериясының тұсаукесер рәсімі өтті

16.12.2018

Қарағандылықтар Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды

16.12.2018

Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырауда мемлекеттік марапаттар тапсырылды

16.12.2018

Тарихшылар «Тәуелсіздік – басты құндылық» тақырыбында отырыс өткізді

16.12.2018

Солтүстік Қазақстанның халық қалаулысы үздік депутат атанды

16.12.2018

Ақтөбеде ақын Фариза Оңғарсынованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

16.12.2018

Түркістанда Тәуелсіздік күніне орай жас мамандар баспаналы болды

16.12.2018

Оралда тәуелсіздік құрметіне жаңа мектеп пен 180 пәтерлік үй пайдалануға берілді

16.12.2018

Түркістан облысында саябақ, медициналық орталық және жастар сарайы ашылды

16.12.2018

Бүгін - Тәуелсіздік күні

16.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

15.12.2018

«Нұр Отанда» жаңа пікірталас алаңы дүниеге келді

15.12.2018

Ономастика саласындағы оң өзгерістер жалғасын табады - Даниал Ахметов

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу