Әдебиет • 23 Ақпан, 2018

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы қарсаңында «Ақын жүрген жерлермен» акциясы басталды

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Түркі әлемі бо­йынша кеңінен атап өтілетін Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы қарсаңында өңірде көптеген іс-шаралар жалғасын тапты. Солардың бірі «Ақын жүрген жерлермен» деп аталады.

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы қарсаңында «Ақын жүрген жерлермен» акциясы басталды

Акцияның тұсауы ақын есімімен ұлықталатын гума­ни­тарлық колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейде кесілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткен басқосуға мұғалімдердің біліктілігін арт­тыру институты фи­лиалы­нан, Жұмабаев ауданынан өкілдер, студент-жас­тар қатысып, шайы­р­дың өмірі мен шы­ғар­ма­шы­лығының беймәлім сырлары әңгімеленді. Мектеп-лицей ұжымы «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» ізбасарлар дайын­дау жолында қалыптасқан тәжірибелерін ортаға салды. Жұмыс істеп келе жатқаннан бері 15 түлек «Алтын белгіге» ие болған. Республикада «100 үздік мектеп» қатарына енген. 

Мерейтой қарсаңында кең қанат жайған іс-шараларға Шал ақын, Жамбыл, Есіл, Тимирязев, Қызылжар аудандары қызу үн қосса, енді, міне, «Ақын жүрген жерлермен» акциясы өз сапарын туған жерінен бастайтын болады. Одан әрі эстафета аудандарға кезектесіп жалғасып отырады. Акцияға қатысушылар «Жыр қоржыны» кітабын өзерімен бірге алып жүреді. Онда жас ақындардың арнау жылдарымен қоса тұр­ғын­дар­дың ізгі тілек-өтініштері де топтастырылады. М.Жұма­баев аудандық білім бөлі­мі­нің жетекшісі Рысжан Нұр­ғалиеваның айтуынша, 45 мектепте білім алатын 3700-ге жуық шәкірт арасында Мағжанның жырларын білмейтіндер кемде-кем. Жас буынды отансүйгіштікке тәр­биелеуде жолындағы маңы­зы ай­рықша.
«Мағжан жүрген жерлермен» эстафетасы ақынның туған күні қарсаңында қоры­ты­н­дыланып, кең ауқымды іс-шараға ұласады. 

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы