Аймақтар • 23 Ақпан, 2018

Таразда Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған танымдық концерт өтті

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында әйгілі композитор, атақты күйші Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім» атты танымдық концерт өтті. 

Таразда Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған танымдық концерт өтті

Жалпы, Нұрғиса Тілен­диевтің дирижерлігі де, күйшілігі де, компози­тор­лы­ғы да жалпақ жұртқа белгілі. Қараорман қазақтың қайғысы мен қуанышын қатар әнге қосқан Нұрғиса Атабайұлының әндері па­триоттық рухқа, лири­ка­лық сағынышқа толы. Боз­бала кезінде қолына қару ұстап қан майданға аттанып, әскер сапында ерлік көрсеткені де ұрпаққа үлгі. Ал өнер қайраткерінің дүниеге ке­лу тарихы, өмір сүрген ке­зеңі, шығармашылық жо­лы сияқты құндылықтар да көптің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Міне, кеш барысында даңқты өнер иесінің өмірі мен шығар­машылығын арқау еткен де­ректі фильм көрсетіліп, кө­рер­менге көрнекті тұлға жайын­да кең мәлімет бе­рілді.

«Ақкербез» бишілер ан­самблінің орындауындағы «Шаттық» биі шара шы­мыл­­­дығын түрсе, компо­зи­­тордың «Аққу» күйіне мың бұрала билеген Ни­гора Давронованың өне­рі кө­п­шілікті тәнті етті. Нұрғиса Тілендиев шығарма­шы­лығына арналған кеш барысында «Алатау» тобы, Маралбек Бабақұлов, Анна Вундер, Оңал Азаматова, Ға­ни Мәтебаев, Мәдина Сағынбекова және өзге де өнерпаздар композитордың әсем әндерін нақышына кел­тіре орындап, Әулиеата аспанын әнмен тербетті. Тіпті Нұрғисадай талант ие­сіне деген сағынышы мен құрметін халық оның әнде­рін әншілермен қосыла шыр­қап жеткізді. 

Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар