Қазақстан • 24 Ақпан, 2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

391 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Бурбондар Сарайында Қазақстанның Француз Республикасындағы Елшісі Жан Ғалиевты «Франция-Қазақстан» парламентаралық достық тобының Төрағасы Пьер Кабаре қабылдады. Кездесуге Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Кароль Бюро-Боннар, Сыртқы істер жөніндегі комитеттің мүшесі Анни Шапёлье, сонымен қатар, достық топ хатшылығы мен Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері қатысты.

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

Халықаралық саясаттың көкейкесті мәселелері жөнінде барынша қызығушылық тудыратын, сонымен қатар Астана мен Париж 2018 жылғы маусымда 10 жылдығын атап өтетін Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестігінің болашағы мен жай күйі туралы пікірлер бойынша алмасу болды. Тараптар орталықсыздандыру бойынша ынтымақтастық пен парламенттік дипломатиядағы өзара ықталдастықты тілге тиек ете, көзқарастар мен тәсілдердің жуықтығын және кең мүмкіншіліктерді атап өтті.

Француз депутаттары ұлттық стратегия мен даму бағдарламалары шеңберіндегі Қазақстан қоғамында болып жатқан динамикалық даму мен батыл реформаларды қуаттады. Соның ішінде Ұлттық Ассамблея мүшелері адам құқықтары мен демократия қағидаттарын нығайтудағы жетістіктерді атап өтті.


Өз кезегінде К. Бюро-Боннар мен А. Шапёлье Қазақстанның бітімгершілік күшіне және елдің ядролық қаруды сынауға тыйым салу мен жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ісіндегі елдің әлемде көшбасшы болып отырғанына жоғары баға берді. Сонымен қатар, олар бұрынғы Семей полигоны мен Арал теңізі бассейініндегі техногендік зіл-зала аймағындағы экологияны қайта қалпына келтірудегі белсенді жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.


Парламентарийлер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы бағдарларына ерекше қызығушылық танытты. Ондағы мақсаттар жөнінде Елші Францияның әртүрлі аймағында орналасқан ірі, орта және кіші кәсіпорындармен ынтымақтастықты орнату көзқарасы тұрғысынан түсіндіріп берді.
П. Кабаре қазақстандық әріптесі Омархан Өксікбаевтың шақыруы бойынша ағымдағы жылдың екінші жартысында достық топтың басшысы ретінде біздің елге бару ниетін растады. Оның ойынша Қазақстан француздар үшін тек сенімді экономикалық және саяси серіктестік ретінде тартымды ғана емес, сондай-ақ туристік бағыт бойынша әлі ашыла қоймаған Ұлы Жібек Жолы өтетін әр алуан мәдениетке бай ел қалпында қызықтырады.


Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаттары 2017 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын көпшілік дауыспен қолдағанын еске саламыз. Ағымдағы жылдың 15 ақпанында аталған тарихи құжатқа Франция Сенаты мүшелері де бірауыздан дауыс берген болатын. Алдағы уақытта заң елдің Президентімен бекітіледі деп күтікүтілуде.

Соңғы жаңалықтар