Қазақстан • 24 Ақпан, 2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

198 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

КР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түрікменстанның Мары қаласында болды.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

үрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуінде екі жақты қарым-қатынасты әрі қарай дамыту жайы талқыланды. 

«Біз екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты одан әрі тереңдетуге үлкен мән берудеміз»,-деп атап өтті А. Мамин. Ол «2017 жылы сәуірде Түрікменстан Президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы сауда қатынасына зор серпін бергендігін» атап өтті.

«Қазақстан мен Түрікменстанның Мемлекет басшыларының тапсырмаларына сәйкес, екі елдің  Үкіметтері өзара сауда қатынасы көлемін едәуір ұлғайтты. Қазақстан бұл тапсырманы одан әрі жүзеге асыруға барлық күш жігерін жұмсайды»,-деді кездесу барысында ҚР Премьер- Министрінің Бірінші орынбасары. 

Екі ел арасындағы сауда қатынасында транзиттік- көлік саласы, энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, теміржол көлігі машинасын жасауға қажетті өнімдерді жеткізуге басымдық беріліп отыр.

Сонымен қатар екі ел қатынасында әскери-техникалық және аэроғарыштық салаға да басымдық берілді.

Өз кезегінде Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды дамытудың маңыздылығына тоқталды. 

«Түрікменстан мен Қазақстан өзара тату көрші ғана емес, сенімді серіктес. Біздер өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды белсенді дамытуға көңіл аударуымыз керек. Бұл бағытта қолданылмаған әлеует мол. Мәселен, «Солтүстік-Оңтүстік жаңа теміржол дәлізінің өзі жүк ағындарын РФ, Қытай, Азия-Тынық мұхит өңірі, Парсы шығанағы елдеріне шығаруға  үлкен мүмкіндік әперіп отыр»,-деп атап өтті Г. Бердімұхамедов. 

Өңірдегі сауда қатынасын дамытуға қолайлы тарифтік жеңілдіктерге қол жеткізілді. Атап өтерлігі, биылғы қаңтарда экспорттық-импорттық тасымал көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есеге артқан. 

Кездесу барысында тараптар Халықаралық Аралды құтқару Қорының (ХАҚҚ) жұмысытуралы мәселені де ортаға салды. 

Түрікменстанға сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары «Түрікменстан- Ауғанстан- Пәкістан- Индия» газ құбырын тартудың кезекті кезеңінің ресми ашылу салтанатына, «Түрікменстан- Ауғанстан- Пәкістан» бағдарындағы электр желісі мен оптикалық талшықты байланыс желісін төсеуге, «Серхетабад-Тұрғынды» жаңа теміржолы құрылысының аяқталу салтанатына қатысты.