26 Ақпан, 2018

Ыңғайлы ынтымақтастық

560 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанның тәуелсіздік ал­ға­лы бергі сыртқы экономикалық сая­саттағы басым бағыттарының бірі – Экономикалық ынты­мақ­тастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) екі­жақты қарым-қатынастарды тығыз ор­натып, оны жүйелі түрде дамыту болып табылады. Сол себептен, елі­міз алғашқы күннен өз даму жо­лында нарықтық экономиканы таң­дап, мемлекетімізде жекеменшік кепіл­дігін орнатып, экономика заңды­лықтарымен жүріп келеді. 

Ыңғайлы ынтымақтастық

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы – 1961 жылы АҚШ және Канада тарапынан Екінші дүниежүзілік соғыстан зардап шекен Еуропа елдеріне қолдау мақсатында құрылған ұйым. ЭЫДҰ мақсаты мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға, экономикаларын қарқынды дамытуға немесе оны тұрақты түрде ұстап тұруға бағытталған. Ұйым өз мүшелеріне және қарым-қатынас орнатқан елдерге тікелей қаржы бөлмесе де, эко­номи­калық және әлеуметтік саясаттың озық тәжірибелерімен бөлісетін клуб тәріздес. Қазақстан мен ЭЫДҰ арасын­дағы ынтымақтастық 2008 жылы Еу­разия бәсекеге қабілеттілік бағдар­ламасы шеңберінде бас­талып, 2013-2016 жылдары Орталық Азия баста­масындағы төрағалығымен жалғасты.

Әлемнің ең озық 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміз үшін, жаһандық қоғамдастықтың озық тәжірибелері қашанда маңызды. Осы мақсатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2014 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында ЭЫДҰ-ның кейбір стандарттарын елімізде кеңінен енгізуге қатысты нақты тапсырмалар берген болатын.

2015 жылы Қазақстан мен ЭЫДҰ ара­сындағы екіжақты ынтымақ­тас­тық жаңа сатыға көтеріліп, тарап­тар тәжірибе алмасу бойынша жаңа платформаға көшіп, Елдік бағдар­ламаға қол қойды. Елдік бағдарлама шең­берінде Қазақстан ЭЫДҰ-ның бірқатар құрылымдарына қосылуға және оның бөлімшелерінің жұмысына қатыса алады. Бағдарлама бойынша негізінен адам капиталын дамытуға, шағын және орта кәсіпті қаржыландыруға, сондай-ақ инвестицияларды тартуға және оларды қолдау бойынша саясатты жетілдіруге бағытталған жобалар іске асырылуда.

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық елге тікелей инвестиция тартпағанымен, ұйымның құрамында болып, оның бағдарламаларына қатысу, еліміздің экономикалық көрсеткіштерін реттеуге, түрлі рейтингтерін жағымды ба­ғыт­та қалыптастыруға мүмкіндіктер бере­ді. Сол себептен, еліміз ұйыммен қарым-қатынасқа аса мән беріп, Елдік бағ­­дарлама бойынша ЭЫДҰ-ның 29 дек­ларациясы мен ұсыныстарына қосы­лып, мемлекетіміздің әлеуметтік-эко­но­микалық бағыттары бо­йынша 13 шолу жүргізуіне қолдау көрсетті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Үкіметі ЭЫДҰ-дың Елдік бағдарламасының құқықтық құралдарының 29-ның 21-іне қосылуға бас­тама көтеріп, оның 10-нан аса құқықтық құжаттарына қосылып үлгерді. Аталған құжаттарға қосылып, оларды рәсімдеу, ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесіне ұлттық заңнама­ны сәйкестендіру болып есептеледі. Елбасы жүктеген Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын дайындауда, ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен стандарттары ескерілген.

Осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жүргізіп отыру үшін, Қазақстан Үкіметі Елдік бағдарламаның қоры­тындысы бойынша ЭЫДҰ-ның құқық­тық және шолу құралдары негізінде дайындалған ұсыныстарын іске асыру мақсатында ұлттық Жол картасын дайындап, бекітті.

Өткен жылы «ЭЫДҰ Еуразия апта­лығы – 2017» форумының елімізде өтуі және оған ұйымның бас хатшысы Анхель Гурриа мырзаның қаты­суы, Қазақстанның ұйым мүшелері алдын­дағы беделін өсіріп қана қоймай, әлемдік қоғамдастықтың жаңа қы­рынан танып білуіне, ұлттық экономи­камыздың мүмкіндіктерімен етене танысуына мол мүмкіндік жасадық деп айтсақ болады. ЭЫДҰ-мен қарым-қаты­настың қарыштап дамуы, ұлттық заңна­ма­лардың ұйымға мүше жетекші мемле­кеттердің озық тәжірибелерімен сәй­кес­тендірілуі, Қазақстанның әлем­нің дамыған 30 елінің қатарына қосы­луына толық мүм­кіндік беретін болады. Бүгінгі таңда осы бағытта атқа­рылған бірқатар маңыз­ды іс-шара­лар­дың нәтижесінде, еліміз Дү­ниежүзілік Банк­тің «Doing Busi­ness» рей­тингінде 35-ші орынды иеленуде, ЭЫДҰ ел­де­рі­­мен сауда-саттық жалпы тауар ай­­­­на­лымының жартысына жуығын құрауда.

Жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс­тың нәтижесінде еліміз алдағы уақыт­тар да ЭЫДҰ-ның бірқатар комитет­тері мен жұмыс органдарында өз мәр­те­бесін жаңа сатыға көтереді деп жоспарлануда.

Нұрлан СЕЙДІН,

саясаттанушы