Қазақстан • 26 Ақпан, 2018

Қазақстан-Түрікменстан ықпалдастықтығын арттыруға мүмкіндік мол

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен 22-23 ақпанда Түрікменстанда болды. Мары қаласында Түрікмен­стан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуінде екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай дамыту жайы талқылан­ды, деп хабарлады Қазақстан Рес­публикасы Премьер-Ми­нистрі­нің баспасөз қызметі.

Қазақстан-Түрікменстан ықпалдастықтығын арттыруға мүмкіндік мол

«Біз екі ел арасындағы сау­да-экономикалық қатынасты одан әрі тереңдетуге үлкен мән берудеміз», деп атап өтті А.Мамин. Ол «2017 жылы сәуір­де Түрікменстан Прези­денті­нің Қазақстанға жасаған мем­ле­кеттік сапары екі ел арасын­дағы сауда қатынасына зор сер­пін бергендігін» атап өтті.

«Қазақстан мен Түрік­мен­стан Мемлекет басшылары­­ның тапсырмаларына сәйкес, екі елдің  Үкіметтері өзара сау­да қатынасы көлемін едәуір ұл­ғайтты. Қазақстан бұл тапсырманы одан әрі жүзеге асы­руға барлық күш-жігерін жұм­сайды», деді кездесу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Екі ел арасындағы сауда қа­тынасында транзиттік-көлік саласы, энергетика, ауыл шаруа­шылығы, машина жасау, темір жол көлігі маши­насын жасауға қажетті өнім­дер­ді жеткізуге басымдық бері­ліп отыр. Сонымен қатар екі ел қатынасында әскери-техни­ка­лық және аэроғарыштық сала­ға да басымдық берілді.

Өз кезегінде Түрікменстан Президенті Гурбангулы Берді­мұ­хамедов өңірлік инфра­құ­рылымдық жобаларды дамыту­дың маңыздылығына тоқталды.

«Түрікменстан мен Қазақ­стан – өзара тату көрші ғана емес, сенімді серіктес. Біздер өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды белсенді дамытуға көңіл аударуымыз керек. Бұл бағытта қолданылмаған әлеует мол. Мәселен, «Солтүс­тік – Оңтүстік жаңа темір жол дәлізінің өзі жүк ағындарын Ресей, Қытай, Азия-Тынық мұхит өңірі, Парсы шығанағы елдеріне шығаруға  үлкен мүмкіндік туғызып отыр», деп атап өтті Г.Бердімұхамедов.

Өңірдегі сауда қатынасын дамытуға қолайлы тарифтік жеңілдіктерге қол жеткізілді. Атап өтерлігі биылғы қаңтарда экспорттық-импорттық тасымал көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есеге артқан.

Кездесу барысында тараптар Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) жұмысы туралы мәселені де ортаға салды.

Түрікменстанға сапары барысында Қазақстан Респуб­ликасы Премьер-Министрінің бірін­ші орынбасары «Түрік­менстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үндістан» газ құбырын тарту­дың кезекті кезеңінің ресми ашылу салтанатына, «Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан» бағы­тындағы электр желісі мен оптикалық талшықты байланыс желісін төсеуге, «Серхетабад – Тұрғынды» жаңа темір жол құрылысының аяқталу салтанатына қатысты.