Қазақстан • 26 Ақпан, 2018

Жанар-жағармай жеңілдіктері жолда «ғайып» болады

460 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жылдағы дәстүрмен көктемгі егіс науқаны басталатын кез де жақын қалды. Аграрлық сала мамандарын алдымен мазалайтын жайт – жанар-жағармай мәселесі. Мемлекет жыл сайын арзандатылған отын бөліп отырса да, оны жеткізуге келгенде ойламаған жерден проблема туындап жатады. Қазақстан егіншілеріне солярканы жеңілдетілген бағамен тарату схемасын қайта қарауды биыл Мәжіліс депутаттары ұсынып отыр. 

Жанар-жағармай жеңілдіктері жолда «ғайып» болады

Вице-премьер – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің атына жолданған жанар-жағар­маймен қамтамасыз ету жайы туралы сауал­ды Парламенттің кезекті сессиясында бір топ депу­тат жария етті. Мәжіліс­мендердің айтуынша, осыған қатысты жыл сайын келіп түсетін арыз-ша­ғымдарда толас жоқ. Тиіс­ті орындарға хабарласып, мәселе көтергеннен шық­қан нәтиже де шамалы.

Мәселенің мәнісі мынада: кестеге сәйкес, дизель отыны аймақтарға наурыз айынан бастап жеткізілуі тиіс. Алайда шаруалар оны іс жүзінде тек сәуірдің аяғы мен мамырдың басында бір-ақ алады. Солтүстік облыстар үшін жарамды бол­ғанымен, оңтүстік өңір­лер үшін бұл тым кеш. Айталық Қарағанды облысында егін егу науқаны 20 мамырға дейін аяқталуы тиіс. Егістік алаңын алдын ала өңдеу жұмыстары сәуір айында жүргізілуі керек. Сондықтан депутаттар кестені қайта қарауды, жанар-жағармайды жет­кізу мерзімін мейлінше ілгерілетуді сұрап отыр.

Екінші мәселе – баға. Жолай қосылатын үсте­мелер жеңілдетілген отын­­­­ның бағасын жанар-жа­ғармай құю бекет­теріндегі бағамен бірдей қылады. Мысалы, 2017 жылы көктемгі дала жұ­мыстарын жүргізуге Қара­ғанды облысына Павлодар мұнай өңдеу зауытынан әр тоннасына 127 мың теңгеден 19 мың тонна ар­зан­датылған дизель отыны бөлінді. Іс жүзінде шар­уалар үшін оның бағасы нарықтық бағамен бірдей болып шықты. Оның себебі, біріншіден, отынды бөлетін операторлар тиісті шаруашылықтардан қашықта орналасқан, яғни оны тасу шығынын ша­р­уаның өзі көтереді. Екін­шіден, ресми жа­рия­­лан­ған бағаға үсте­ме­ленетін қосымша алымдар бар.

Мәжіліс депутаттары мысалға келтіргендей, жанар-жағармай жеткізуші оператор былтыр Павлодар мұнай өңдеу зауытынан солярканың әр тоннасын 127 мың теңгеден сатып алды. Литрге шаққанда, әр литрдің бағасы 105 теңгеден болып шықты. Зауыт баға­сына темір жол тарифі және басқа да темір жол шы­ғындары, күзет, сақ­тау қызметкерлеріне тө­лемдер, компанияның жол шығындары мен жетіс­пеген қаржы қосылады. Ай­налып келенде, әр литр­дің бағасы 105 теңгеден 126 теңгеге дейін өсіп, на­рықтық бағамен бірдей болған. Сонымен қатар Қа­зақстан фермерлер ода­ғы берген ақпаратқа қа­рағанда, кейбір операторлар жанар-жағармайды жеткізу шығынына өздері алған несиені төлеу мін­детін де қосып қойған.

Осының бәрін ескерген депутаттар Үкіметтен жеңілдетілген жанар-жағар­майды операторлар арқылы үйлестіру жүйе­сін мейлінше жетіл­ді­руді, отынның шаруа­шы­­лық­тарға жеткенше қым­баттап кетпеуін қада­ғалау амалдарын жасауды сұрап отыр.

Мәжілісмендер сондай-а­қ арзандатылған минералды тыңайтқыштарды жеткізу мерзімдерінің де кешеуілдеуіне алаң­дау­­лы. Бұл әрине, ауылша­­руашылық дақыл­да­рының түсіміне кері әсе­рін ти­гізбей қоймайды. Ауыл шаруа­шылығы ми­нис­трлігі бұл мәселені де на­зардан тыс қалдырмауы тиіс.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ