Қазақстан • 26 Ақпан, 2018

«Тоғызқұмалақтың» мобильді нұсқасы жасалды

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпа­раттық технологиялар факульте­тінің студентері мен магис­транттары Мейірхан Есеев, Галы Махмуд, Лесбек Шағи, Нұрдәу­лет Рахымберді қазақтың ұлттық «тоғызқұмалақ» ойынын (PlayMarket және AppStore)  қолжетімді әрі мобильді нұсқада әзірледі. Бұл ұлттық ойындарды цифрландырудың идеялық дем берушісі әрі авторы – ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов. Ал жобаның жетекшісі ақпараттық технология­лар факультетінің деканы Жанат Нұрбекова. 

«Тоғызқұмалақтың» мобильді  нұсқасы жасалды

Бұл жағымды жаңалық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдар­ламалық мақаласында баяндалған міндеттерді елімізде жүзеге асыруға ЕҰУ студенттері  мен магистранттарының қосқан сүбелі өнертабысы. Басқа­ша айтқанда, ұлттық мәдени құнды­лықтардың танымалдығын арттыру үшін мультимедиялық платформа құрудың нақты қадамы.

Қазір Еуразия ұлттық универ­ситетінде осы мақсатта қазақ халқының ұлттық мұрасын цифрландыру бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Оның бір дәлелі – «Көп деңгейлі ойын­дардың кросс-платформасын жасау» атты ғылыми-қолданбалы жоба­ның басталуы. Өнертапқыш жастар қазір аталмыш жоба шеңберінде М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасы атауы­мен компьютерлік ойындар:  тоғыз­құмалақ және асық ату жобасының тұжырымдамасын әзірледі.

Мерей ДІЛДАБАЕВ