Қорсыну – әлсіздік белгісі

Қазақ осындай жағымсыз қа­си­еттерден қашан арылар екен? Аты «қазақтарды» меншіктеуге ұмтылу өзін айналасына, басқаларға мойындата алмай жүргендердің тір­лігі. Әлсіздердің әрекеті. Жетіс­тіктерімен тәмам жұртты таңғал­ды­­рып жатқан жан болса, оның қазаққа қатысы бар-жоғын түгендеп, ата-бабасының, болмаса анасының арғы тегін қазбалап, қазаққа әкеліп телуге жанталасып бағамыз. Құдды содан қазақтың абы­ройы асқақтап, төрткүл дүние алаш­тың аяқ астында жататын секілді.

Егемен Қазақстан
28.02.2018 162
2

Бұл мәселе көптен бері мазалап жүрген-ді. Алайда оның жазылуына «100 пайыз беларусь» Динара Әлімбекованың жеңісі түрткі болды. Биатлоншы қыз Беларусь құрамасының сапында Пхенчхан Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды. Сосын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары арасында Әлімбекованы ұлықтау сайысы басталды дейсің. Ең бас­тысы, кез келген ақпаратта спорт­шы­ның «қазақ» екендігі баса айтылды. «Қазақ қызының биігі», «Қазақ қызы Олимпиада чемпионы атанды», «Қазақ қызы Беларусь құрамасына алтын сыйлады», «Беларусь құрамасындағы қазақ қызы – Олимпиада чемпионы», «Алтын алған қазақ қызы – Динара», «Лукашенко Олимпиада чемпионы болған қазақ қызын марапаттады». Осылай жалғаса береді тақырыптар легі. Қазақстандық орыстілді сайттар да қалысқан жоқ. «Первая олимпийская чемпионка-казашка», «Ликует не только Беларусь, но и Казахстан: наша Динара Алимбекова – первая в истории казашка-Олимпийская чемпионка» деп бөркін аспанға атып, шаттанады дерсің. «Біздің Динара» болмаса, алтының әдірам қалады екен. Тоқетері, Беларусь елі Олимпиада алтынын алып берген қазақ қызының арқасында Қазақ еліне қарыздар?!

Рас, биатлоншы Динара Әлімбекова Қазақстанның тумасы, Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келіп, үш жасында Белоруссияға қоныс аударған. Әкесі қазақ, шешесі белорус. Ес білгелі белорус жұртының ортасында, атажұртына ат басын тіреудің сәті түспеген. Қазақстан туралы там-тұмдап қана біледі.

Құжатында «қазақ» деп жазылуы адамның болмысы қазақ екендігін, жүрегі алаш деп соғатындығын білдір­ме­се керек. Басқа елдегі құжаты «қазақ­тарды» айтпағанда, санда бар, санатта жоқ бауырларымыз елімізде де жетіп артылады емес пе? Олай болса, шетелдерде тұрып жатқан қандастарымызды «қазақ емессің» деп жазғыра аламыз ба? Қазақтың тарихы түгілі, Қазақстан туралы ақпараттан бейхабар болса ше. Оны мәжбүрлеп қазақ қатарына қосқаннан ұтарымыз қайсы?

Бір қызығы, шетелдегі қазақтардың тағы бір перзенті қысқы Олимпиадаға қатысты. Ол жүлдеге іліккен жоқ. Әйт­песе қазақ баспасөзі кезекті рет ай­қай­­латқан тақырыптармен, қалың оқыр­­маннан сүйінші сұрап, миллиардтан астам халықтың намысын қазақ оғы­ла­ны қорғап жүр деп жазатын ба еді кім білсін?! Өкінішке қарай Аршынғазы Шәкен қазақ журналистеріне ондай сый жа­сай алмады. Ол Қытайдың Үрімші қаласында дүниеге келген. Конькимен 1500 метрге жүгіруден Қытай елі­нің же­ңімпазы. Енді 22 жастағы Аршын­ға­зы 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олим­пи­адаға қызу әзірленетін болады.

«Туып-өскен жерім Қытай. Патриот­пын. 2022 жылғы Олимпиадада еліме медаль сыйлағым келеді. Ешқайда кет­пей­мін, басқа елдің азаматтығын алу ойымда жоқ». Аршынғазы осылай дей­ді. Міне, біздің алып-ұшқан, өмір­дің объективті шындығымен сана­са бер­мейтін ағайынға қытайлық бауы­ры­мыз­д­ың берген нақты жауабы. Кінәлай алмайсыз. Қазақ болғанымен, басқа елдің азаматы!

Енді кейбір журналистердің қызды-қыздымен «шетелдегі қазақ ұлтының мақтанышына» айналдырып жіберген Динараның айтқанына жүгінелік. «Вся моя сознательная жизнь связана с Беларусью и чувствую себя на сто процентов белоруской», дейді. Осыдан кейін не айтуға болады?

Өзінің ұлылығын айтып, қайта-қайта соны еске салып, ұлттық мақтаныш ретінде көрсету шағын халықтарға тән қасиет екен. Басқалар алдында «өздерінің осал емес екендігін» дәлелдеу үшін. Бұл әлгі «комплекс неполноценности» деген ұғым-түсінікке, өзін кем сезіну, қораш сезінуге дәл келетіндей. Олай болса, қазақтың «мықты қазақты меншіктеу» әрекеті өзін кем сезінуден әлі арыла алмағанымызды көрсетеді.

Жазушы Әбіш Кекілбайдың мына сөзі бүгінгі әңгімеміздің түйіні іспетті: «Біз ешкімге күш көрсетпейміз. Біз де адам перзентіміз. Кем перзенті емес, тең перзентіміз. Керек кезінде кең де бола аламыз. Керек кезінде ер де бола аламыз». Ендеше, бәсекелестік деген осы. Елбасы айтқандай, «жаңғыру ұғымы­ның өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлем­мен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттен арылу дегенді білдіреді». Біздің бүгінгі әңгімемізге ойыссақ, өзін қор көру, қорсыну психологиясынан арылу болып табылады.

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

25.03.2019

Жеңіс Қасымбеков Ақмола облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

25.03.2019

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғыма жанып жатыр

25.03.2019

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті

25.03.2019

Ұлтты өркениет көшіне қосқан кемеңгер - Шәбден Тілеумұрат

25.03.2019

Нұр-Сұлтан атауының берілуі өте орынды әрі лайықты шешім болғаны анық - Әнуарбек Мұхтарханов

25.03.2019

The Associated Press: Назарбаев тұрақтылық пен ұлтаралық бейбітшілікті қолдаған Қазақстанды құрды

25.03.2019

ECHO: «Ұлт көшбасшысы» мәртебесі оның құрметті тұлға екенін көрсетеді

25.03.2019

2019 жылдың қаңтар және ақпан айларында  Ұлттық қор түсімі 576,4 млрд теңгеге жетті

25.03.2019

Норвегияда апатқа ұшыраған кемеде екі қазақстандық бар болып шықты

25.03.2019

Филармония ұжымы қарияларды қуантты

25.03.2019

Елордада қайырымдылық «Astana Nauryz marathon» өтті

25.03.2019

Іріктеу кезеңін ірі жеңіспен бастады

25.03.2019

Кремльде қазақ әуені асқақтаған күн

25.03.2019

Ел мен елорданың бас сәулетшісі

25.03.2019

Нұрлы шаһар мемлекет мерейін асыра берсін

25.03.2019

Қажыр-қайратқа халықтың қайтарымы

25.03.2019

Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу