Кәсіпқой бокс • 28 Ақпан, 2018

Головкин мен Альварес жекпе-жек алдында көз арбасты

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жек алдында кезекті рет бетпе-бет кездесті.

Головкин мен Альварес жекпе-жек алдында көз арбасты

Қос боксшының арасындағы айқас 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Билеттердің құны 300 доллар (96 000 теңге) мен 5000 доллар (1 600 000 теңге) арасын құрайды.

Ал көзқарас дуэлі Лос-Анжелесте ұйымдастырылған іс-шарада өтті. Сондай-ақ жиын барысында боксшылар БАҚ  өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.