Адамдарды рухани біріктіретін күш

Елімізде көктемнің алғашқы күнін­де аталып өтетін Алғыс айту күні қазақ­­стан­дық немістер үшін өте қым­бат. Менің бұлай деуімнің өзіндік үлкен себебі бар.

Егемен Қазақстан
28.02.2018 7967
2

Республикалық «Deutsche Allgemeine Zeitung» газетінде жұмыс істеген жылдары маған депортациялау куәгерлерімен жиі сөйлесуге тура келді. Олардың көпшілігі 40-шы жылдары кішкентай бала болғанына қарамастан, сол кездердегі аштықты, өлім-жітімді, жүк вагондарға тиелген адамдарды және басқа да үрейлі көріністерді ес­теріне сақтап қалған. Сонымен қатар олар жер аударылғандардың мың­даған отбасыларына пана болған, жан жылуын сыйлаған қазақтардың қонақжай­лылығы мен мейірімділігі туралы үнемі жылы сөздерін айтып жүреді.

Тарихтан белгілі, айналасы 24 сағат­тың ішінде барлық дүние-мүл­кінен айырылып, өз жерінен алас­татылған, алдарында не күтіп тұр­ғаны белгісіз немістер 40-шы жылдарда Қазақ даласына әкелінген. Мұнда олар қазақтардың мейірімділігі мен жана­шырлығы арқасында үмітсіздік пен аштықтан құтылды.

Жазушы, аудармашы Герольд Бельгер өз халқының драмалық тағды­рын, қазақ пен немістің рухани байланысын өз шығармаларында ай­қын көрсетті. Сол кезде алты жаста болған жазушы депортацияланған адамдардың маңдайына жазылған барлық қайғы-қасіретті өз көзімен көр­ді және оны «Кезбенің үйі» ат­ты романында әсерлі баяндаған. Герольд Бельгер әрқашан қазақтардың жан-дүниесіндегі ерекше ыстық мейі­рімді, салт-дәстүрлерін, мектепте жүріп игерген қазақ тілінің бай­лығын, мұн­дағы халықтың өзара достығын зор ықыласпен айтып жүретін. Ол, әсіресе қазақтардың өздеріне үй салуға қол ұшын созғанын, азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар беріп көмектесіп, сол бір ауыр кезеңде қыспақтан алып шыққ­анын жиі әңгімелейтін. Жазу­шы­ның айтуынша, немістің ерлері мен әйелдері еңбек армиясына жұмыл­ды­рылғанда қазақ отбасылары олардың балаларын алып қалып, тәрбиелеген.

Бүгінде Герольд Бельгер арамызда жоқ. Бірақ оның зайыбы Раиса Хисматуллина мен қызы Ири­на Ковалеваның арқасында жазушы­ның мәдени мұрасы Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының Ұлттық кітапха­насына және Г.Бельгердің Петропавл қала­сын­дағы мұражай бөлмесіне қойылған.

Сол бір қасіретті жылдар оқиға­лары бүгін­де халқымызды мәңгілікке біріктір­етін, жастарды патриоттыққа тәр­бие­лейтін құралға айналды. Сон­дай-ақ бұл шежіре ауыр жылдарда талай­ларға көмек қолын созған қазақ халқына алғыс айту керектігін ұқты­ратынына сенемін.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаны белгілі. Ал осы 1 наурызды Елбасының Алғыс айту күні деп белгілегені көп жайтты аңғартады.

ҚХА-ның ХХІІ сессиясында Мем­лекет басшысы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне жəне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабыл­­да­ған қазақтарға алғыс айту күні ретін­де атап өту əділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындас­тыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-бірі­не деген достығы мен махаббаты­ның жарқын мерекесі бола алар еді», деген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың этностық және мәдени әр алуандығы біздің қоғамымыздың байлығы мен ортақ игілігі екенін ылғи айтып жүреді.

Қорыта айтқанда, Алғыс айту күні мерекесі қазақстандық бірегейлікті қалыптастырады, бізді біріктіреді, ортақ мүддеге қызмет етуге үндейді.

Олеся КЛИМЕНКО,

«Deutsche Allgemeine Zeitung»

республикалық неміс газетінің бас редакторы (Алматы)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Текті төріміз Түркістанды түлетейік!

20.09.2018

Minez adamnyń taǵdyry ma?

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу