Қазақстан • 28 Ақпан, 2018

170-пен жүретін такси

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір «inDriver» деген жақсы болды жұртқа. Қалаған таксиіңе қалаған бағаңа отырасың. Қалаған жеріңе апарады.  

170-пен жүретін такси

Жақында осындай так­сидің бірімен Өскеменнен 130 шақырымға жуық жер­дегі Риддер қаласына барып келдім. Бұл шаһарға автобуспен 2,5-3, таксимен бір сағаттан астам уа­қытта жетуге болады. Жүр­гізушіміз сөзшең екен. Бар­ғанша тізгін тартпады. Сөз ара­сында: «Ме­нің осындай деген досым бар, өзі Зайсанның жігіті, Риддерге 45-ақ минутта барады. Тура 170-пен жүйткиді. Бұры­лыстың өзінен 120-мен бұ­рылады. Кеше соңына түсіп көріп ем, бірақ ұзаққа шы­дай алмадым», – деді. Мақтағанын, не даттағанын түсінбедік. Тек 170 дегенді естіп, не таңданарымызды, не күлерімізді, не жыларымызды білмей аңтарылып отырғанымызда: «Көлігінің нөмірі осындай. «inDriver-ден» тауып алуға болады. Әкесі де «ұлым мықты жү­реді» деп мақтанады» деп сөзін жалғады.

Мақтан демекші, ара-тұра таксиге отыр­ға­ны­мызда «ана досым осынша жыл­дамдықпен жүреді», «мына досым ана жерге осынша сағатта жеткізеді» деген ле­пірме сөздерді жиі естіп қалып жүрміз. Барар жері­мізге асықпай, аман-есен жет­кенімізге емес, апыл-ғұпыл, асыға-үсіге жетке­німізге масаттанатын болыппыз. Мақ­тан түбі қайда апарып соғарын кім білсін?!

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН